Жетісу облысында тұңғыш рет көшпелі оңалту жобасы қолға алынды |
Жетісу облысында тұңғыш рет әлеуметтік маңызы бар жоба – мүгедек жандардың үйінде көшпелі оңалту шараларын жүргізу қолға алынды. Аталған жоба «Асар» мүгедектерге арналған спорттық-оңалту орталығының базасында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды,—деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. «Асар» орталығының директоры Елдос Баялышбаевтың айтуынша, бұл жоба орталыққа өздігінен келе алмайтындар үшін аса пайдалы. — Біз жұмыс барысында мүгедектігі бар адамдардың көпшілігіне оңалту орталығына келудің қиындық туғызатынын байқадық. Күндізгі уақытта кейбіреулер жұмыста болса, кейбіріне үйлерінен орталыққа жету оңай емес. Сондықтан біз осы көшпелі оңалту жобасын қолға алдық. Біздің бұл маңызды бастамамызға облыс басшылығы қолдау білдірді, — деді Елдос Баялышбаев. Жалпы бағдарламада пациенттердің екі тобы қамтылуда. Атап айтқанда, күндізгі шаралар өзді... |
Толығырақ... Оқылды: 162 Санат: Уақыты: 05.03.2025 |
Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды |
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағыотандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін Президент жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті А.Жұмаділдаевқа, елдің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін Алматы қаласы №4 арнайы мектеп-интернатының мұғалімі Г.Нұрпейісоваға, Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-г... |
Толығырақ... Оқылды: 692 Санат: Уақыты: 23.10.2024 |