РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Жетісу облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді |
Жетісу облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті 2024 жылдың жұмыс қорытындыларын шығарып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасындағы 9 саланың 5-еуін қамтыды. Салалық бөлімшелердің бірлескен жұмысы мен антикоррупциялық мониторинг нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Мәселен Алакөл ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды полигонын тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға заңсыз беру фактілері анықталды. Мониторинг нәтижесінде облыстың барлық ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері бекітілді. 2024 жылғы 11 қарашада пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге қарсы іс-қимыл бойынша ведомствоаралық бұйрыққа қол қойылды. Мониторинг ұсынымдарын орындау нәтижесінде 6,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынған 20 әкімшілік хаттама толтырылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайт... |
Толығырақ... Оқылды: 99 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 25.12.2024 |
мемлекетке қайтарылатын қаражат қандай? |
Толығырақ... Оқылды: 103 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 25.12.2024 |
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді |
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы сәуір айынан бастап республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Іс-шара еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениеті деңгейін арттыруға және азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған. Акция еліміздің барлық өңірін қамтып, тұрақты экологиялық болашақ негізін қалады. Осы жылдың наурыз-қараша айлары аралығында ұйымдастырылған акция 5,83 млн-нан астам адамның басын біріктірді, бұл – ел халқының едәуір бөлігін құрайды. Іс-шаралар аясында жаппай сенбіліктер өткізілді, олардың барысында 1,1 млн тоннадан астам қоқыс жиналып, 1,6 млн-нан астам ағаш отырғызылды. Мемлекеттік құрылымдар деңгейінде де, еріктілер мен жеке ұйымдарды... |
Толығырақ... Оқылды: 85 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 23.12.2024 |
Ер есімі -ел есінде |
Ағымдағы жылдың 21 желтоқсан күні Мұсабек ауылдық округінде М.Сеңгірбаев ескерткішінің ауласынының қарын тазалау жұмыстары жүргізілді. |
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 21.12.2024 |
Ұлт саулығын нығайту мен әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту |
Ұлттың денсаулығы – мемлекеттің тұрақтылығы мен болашағының маңызды көрсеткіші. Сондықтан бұл мәселеге стратегиялық тұрғыдан қарау қажет. Халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғыртып, кешенді шараларды қолға алу туралы бастама уақытылы әрі аса маңызды деп есептеймін. Ең алдымен, кешенді шаралар ұлт денсаулығына әсер ететін барлық факторларды қамтуы керек. Бұл сапалы медициналық қызмет көрсетуге қолжетімділікті арттыру, аурулардың алдын алу шараларын кеңейту, салауатты өмір салтын насихаттау және экологиялық ахуалды жақсарту сияқты бағыттарды қамтуы тиіс. Осындай шаралар жүйелі түрде жүргізілгенде ғана қоғамның денсаулығын жақсарту мүмкін болады. Екіншіден, әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі тетігі болып табылады. Табысы төмен отбасыларды қолдау, көп балалы аналарды ынталандыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және жастар мен қарт адамдарға арналған бағдарламаларды дамыту – қоғамның әлсіз топтарын қорғауға бағытталған тиімді шешімде... |
Толығырақ... Оқылды: 104 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 10.12.2024 |
Жетісу өңірінің туризмі |
Өңірімізде туризм саласын дамытуға Алакөл және Балқаш көлдері, «Алтын-Емел» және «Жоңғар-Алатау» ұлттық парктері, сондай-ақ Жоңғар Алатауы тау сілемі әлеуеті негізделген. Солардың бірі, «Жоңғар-Алатау» ұлттық паркі. Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық саябағының аумағы жабайы жеміс-жидек өсімдік түрлеріне бай аймақ. Мұндағы жабайы Сиверс алмасы өте бағалы, әлемдік мәні зор бірден-бір генетикалық қор болып саналады. Сонау ерте замандағы бор дәуірінен осы күнге дейін сақталып келген жабайы алманың 40-қа жуық түрі табиғи ұлттық саябақтың аумағында ерекше қорғауға алынған. Бүгінде табиғи саябақтың 3800 гектарын жабайы Сиверс алмасы алып жатыр. Қ. Абдрахманов |
Толығырақ... Оқылды: 104 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 09.12.2024 |
Әлеуметтік қолдау жүйесі |
Ұлт саулығын нығайту және халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту — қазіргі кезеңде өте өзекті мәселелердің бірі. Кешенді шараларды қолға алу халықтың денсаулығы мен өмір сапасын арттыруға, әлеуметтік әлсіз топтарға көмек көрсетуге бағытталуы тиіс. Бұл үшін медициналық инфрақұрылымды жетілдіру, профилактикалық жұмыстарды күшейту, денсаулық сақтау жүйесін заманауи талаптарға сай дамыту қажет. Сонымен қатар, әлеуметтік қолдау жүйесінің тиімділігін арттыру үшін, жәрдемақылар мен субсидияларды көбейту, жұмыссыздық пен кедейлікпен күресу шараларын күшейту маңызды. Әлеуметтік қолдау жүйесінің жаңғыруы халықтың өмір сүру деңгейін арттырып, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етеді. Осылайша, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қолдау саласындағы реформалар еліміздің тұрақты дамуымен тікелей байланысты болып, халықтың әл-ауқатын арттырады. Тоқтарман Азина Мұхтарқызы, Көксу аудандық кітапханасының кітапханашысы. |
Толығырақ... Оқылды: 95 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 05.12.2024 |
Жемқорлықтың жетегінде кетпесек екен |
МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ Жемқорлықтың түбі жақсылыққа апармайтынын кішкентай баладан қарт ақсақалымызға дейін білеміз, деседе осы пәлемен телеарналар мен БАҚ-тар және әлеуметтік желілер арқылы істі болып жатқан көп жағдайлардың куәсі болып жүрміз. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу – біздің басты міндетіміз. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Жемқорлықтың нағыз пәле екенін көрсету үшін арнайы Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театр әртістері «Көке» атты қойылымды ауданымыздағы мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлерімен аудан тұрғындарына көрсеттілді. Қойылымнан кейін әр адам әбден... |
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 02.12.2024 |
«Алтын-Емел – құландар мекені» фестивалі жалғасын тапты |
Биыл екінші рет ұйымдастырылған шараға халықаралық ұйымдар мен ғылыми қауымдастықтың өкілдері, жергілікті тұрғындар, мемлекеттік органдар мен жергілікті мәслихат депутаттары шақырылды. Сондай-ақ еліміздің барлық өңіріндегі табиғи қорықтар мен ұлттық саябақтардың өкілдері шақырылды. Алтын-Емел ұлттық паркі ежелден құландар мекені ретінде танымал. Ең алғаш 1982 жылы Барсакелмес қорығынан әкелінген 23 құланның саны бүгінде шамамен 3600 бас. Іс-шара барысында жаңа «Mitsubishi L200» автокөліктерінің 13 данасының кілттері ұлттық парк инспекторларына Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаевтың қолына табысталды. Өз сөзінде ол бұл қадам «Алтын-Емел» қызметкерлерінің жұмыс жағдайларын жақсартуға және Қазақстанның жабайы табиғатын қорғауға маңызды үлес қосатынын атап өтті. Шараның мақсаты – қызыл кітапқа енген жан-жануарларды сақтап, олардың санын көбейтуге қоғамның назарын аудару. Фестиваль табиғатт... |
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 01.11.2024 |
«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 6600 ЖЕТІСУЛЫҚ БІЛІМ АЛДЫ |
Осы жоба арқылы алған білім қаржылық шешімдерді қабылдауға және берешек деңгейін төмендетуге көмектеседі. Осы орайда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Жетісу облысы бойынша филиалының қызметкерлері біліктіліктерін арттыру мақсатында жоба сарапшыларынан арнайы дәріс алды. «Есеп-қисапқа аса мән бермегеннен, кейде қолда бар ақшаны дұрыс жоспарлап жұмсамаймыз. Несие алар кезде неге мән беру керек, оның пайыздарын есептеу жолы, келісімшартта мән беретін тұстар жайлы дәріс барысында үйрендік. Қаржылық сауатымызды арттырып, дұрыс жоспарлауды сараладық деп ойлаймын. Бұл жобаның халыққа берері көп», - дейді ол жоба қатысушысы Мақпал Амангелдиева. Жетісу облысы бойынша жоба жетекшісі @zama_slambekova және қаржы сарапшылары қатысушылармен бірнеше әдіс бойынша жұмыс жасайды. Аталған жоба облыс орталығында ғана емес, аудандарда да қолға алынған. Мақсат – борышкерлердің санын азайту мен халықтың қарыздық жүктемесін жеңілдету. Оқу курстарын қаржыл... |
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 15.10.2024 |