Жаңалықтар
АЖЫРАСУҒА АСЫҚПАҢЫЗ... |
Біріміздің бауырымыз, біріміздің досымыз, көршіміз үйленіп қуанышына ортақтасып мәре-сәре болып жатамыз. Ата-анасы «Мәңгілік естелік, балам күнде үйленбейді ғой, сондықтан да қарыздансам да үлкен мейрамханада дүркіретіп өткіземін» деп алдын ала тума-туыстарды хабардар етіп, күнін белгілейді. Сонымен көптен күткен ақсақалдан бастап, ойын баласының тілекті жаудыратын «үйлену тойының» күні де жетеді. Осылайша қызыққа және шығынға толы тойымызда бір сәтте өте шығады. Иә, сол тойда айтылған «Жұптарың жазылмасын!» деген тілектеріміз қаншалықты шындыққа жанасып жатыр?! Біріміздің бауырымыз, біріміздің досымыз, көршіміз үйленіп қуанышына ортақтасып мәре-сәре болып жатамыз. Ата-анасы «мәңгілік естелік, балам күнде үйленбейді ғой, сондықтан да қарыздансам да үлкен мейрамханада дүркіретіп өткіземін» деп алдын ала тума-туыстарды хабардар етіп, күнін белгілейді. Сонымен көптен күткен ақсақалдан бастап, ойын баласының тілекті жаудыратын «үйлен... |
Толығырақ... Оқылды: 1758 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021 |
Жер саласын цифрландыру |
Қазақстанда жерге орналастырушы, геодезия және картография мамандарының кәсіби мерекесі наурыздың екінші сенбісінде атап өтіледі. Осыған орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша филиал директорының орынбасары Кулдашов Абдурасул Максудовичпен арнайы әңгімелесіп, көңілде жүрген сауалдарға жауап алдық. - Жер - мемлекеттің ерекше қорғауындағы негізгі ұлттық байлық. Сондықтан бұл салада еңбек ететін мамандарға жүктелетін жауапкершілік жоғары. Мемлекеттік корпорацияда осы кәсіптің қыр-сырын меңгерген мамандардың атқаратын қызметі қандай? - Көпшілік мемлекеттік корпорацияның жұмысы тек түрлі анықтамалар мен құжаттарды рәсімдеу және дайын құжатты беру, яғни халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарға қызмет көрсетуден ғана тұрады деп ойлайды. Алайда бұл - қате пікір. Азаматтарға арналған үкімет қызметінің төрт негізгі бағыты бар: азаматтарға фронт-офисте қызмет көрсету, әлеуметтік, жылжымайтын мүлікті тіркеу және жер кадастр блокт... |
Толығырақ... Оқылды: 1701 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021 |
Тәрбие бастауы – отбасыдан |
Қазақ халқы ертеден-ақ тәрбиеге жете көңіл бөліп келеді. Оның айғағы ретінде тәрбиеге байланысты нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, өсиет сөздер, тіпті данышпан бабалардың артындағы ұрпақтары үшін жазып қалдырып кеткен асыл ойлары ғасырдан-ғасырға сақталып бүгінгі жеткіншектерге жетіп келеді. Мысалы «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Аяғын көріп асын іш, шешесін көріп қызын ал» деген сияқты көптеген асыл сөз, салмақты ойлары бүгінгі күні де өз мәні мен қадір-қасиетін жоғалтқан емес. Бір ауыз сөзбен тобықтай түйін түйген, сөз қадірін түсініп, соған тоқтап, бас иген бабаларымыз қандай құдіретті десеңізші. Әсіресе, қыз бала тәрбиесіне келгенде «Қызға қырық үйден тыйым, қала берсе қара күңнен де тыйым» деген сөзінде қаншама мән жатыр. Бұл жердегі халық мақалының мәні – қыз бала тәрбиесінің күрделілігі, ертеңгі елдің тұтқасы боларлық, ел тізгінін ұстар ұрпақты дүниеге әкелер, отбасының ұйытқысы болар қыз тәрбиесінің нәзік те маңыздылығы тура... |
Толығырақ... Оқылды: 1685 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 02.04.2021 |
Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті |
Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Бұл дерттің жаппай жойылу жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Атап айтқанда, ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарс... |
Толығырақ... Оқылды: 1835 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021 |
қауіпті індеттің алдын алу |
Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықты болдырмауды барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауаз... |
Толығырақ... Оқылды: 1640 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021 |
Жемқорлықты болдырмау басты міндет |
Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Кез – келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселел... |
Толығырақ... Оқылды: 1633 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021 |
Коронавирустың екінші түрі пайда болғаны рас па? |
Біраздан бері халық арасында «Коронавирустың екінші түрі пайда болыпты, Алматыдан шығыпты, жоқ Нұрсұлтаннан шығыпты, ауру қайта көбейіпті, карантин басталады екен...» деген сияқты қауесеттер желдей есуде. Ендеше коронавирустың екінші түрі пайда болғаны рас па? Оның белгілері қандай? Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандарының зерттеуінше, Ұлыбританияда тез тарап жатқан вирус – коронавирустың мутацияланған түрі. Оған VOC-202 012/01 деген атау берілді. Қазіргі уақытта бұл штамның ерекшелігі – оның жұғу ықтималдығының жоғарылығында. Мамандар коронавирустың жаңа түрі бұрынғыдан 50-70 пайыз жылдам таралатынын айтып отыр. Вирус мутациясы Ұлыбританияда шапшаң жайылғаны салдарынан аталған елде кейінгі күндері бір тәулікте 50 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бұл бұрын-соңды тіркелмеген жоғары көрсеткіш. Осының кесірінен билік қайтадан жаппай локдаун енгізуге мәжбүр болған. Коронавирустың «британдық штамм» қазірге дейін әлемнің 40-тан астам елінде аны... |
Толығырақ... Оқылды: 1513 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021 |
Қайырымдылық қайыры |
«Айнабұлақ» мешітінде сауапты іс жасалып, жағдайы төмен, көп балалы және табысы аз отбасыларға қайырымыдылық көрсетілді. Бұл игі шараны ауыл азаматтары ағайынды Қанағат пен Мақсат Рамазановтар ұйымдастырды. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген еді ата – бабаларымыз. Халқымызда өзгеге қол ұшын беру, өзінде бармен бөлісу ежелден келе жатқан дәстүр. Қайырымдылық, адамгершілік іс – ізгіліктің бастауы. Көмекке мұқтаждарға жүрек жылуын ұсынып, сауабын алу – әрбір кісінің азаматтық парызы екен. Әбу Һурайра риуаят еткен хадисте: «Бір кісі шөл далада кетіп бара жатып, бұлт арасынан: «пәленшенің бақшасына құйыңдар!» - деген дауысты естіді. Әлгі бұлт тасты жерге бойындағы суын төгіп салады. Сол жердегі бір арық барлық жаңбыр суын бойына тартып алды да, аға жөнелді. Ал бақшасында тұрған кісі су арнасын кетпенімен керек жеріне бұра бастады. Сонда оған таңырқаған жолаушы: «Әй, Алланың құлы! Сенің есімің кім?»-... |
Толығырақ... Оқылды: 1542 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 02.04.2021 |
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда |
Сенбе жұртқа, тұрсада да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар Еңбегің мен ақылың екі жақтап, - деп дана Абай атамыздың ғибрат аларлық осы бір өлең жолдарын оқушының түпкі ой-санасына сіңірте отырып, алдағы уақытта түрлі байқауларда жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатындығын түсіндірсек, яғни, талмай еңбек ету, білім алу, ізденіп ойға түю, оны шыңдау арқылы еңбек пен ақылдың үндесіп, бір арнаға тоғысуы айдан анық. Міне, осы тұрғыда ұлы ойшылдың сөзін басты назарда ұстап, әрбір байқауға, жарысқа қатысатын оқушыларымды Абай салған сара жолмен жүргізіп, тәлім беріп, үйретер болсақ, онда биік белестерді бағындырарымыз сөзсіз. «Ұстаз – ұлы есім» - деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Аудан мектептерінің әрбір тіл маманы өзіне сеніп тапсырылған істі жауапкершілікпен атқарып, әрқашан жоғары көрсеткіш көрсетуге ұмтылады. Осы тұста айтпағым, жылда дәстүрге айналған аудандық, облыстық байқауларымыз, оқуларымыз былтырғы оқу жылынан ба... |
Толығырақ... Оқылды: 1719 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 01.04.2021 |
Алматы облысында кәсіпкер заманауи күртешелер мен пәлте шығарады |
Алматы облысында тігінші Кәмилә Байматова мемлекеттік бағдарлама бойынша ұлттық және заманауи стильде сыртқы киім мен интерьер бұйымдарын тігетін жеке тігін цехын ашты. 58 жастағы Кәмилә Байматова Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында тұрады. Кәсіпкерлікті үш жыл бұрын бастаған. Мамандығы бойынша байланысшы, алайда тігін ісінде он бір жылдық тәжірибесі бар. Ательде тігінші болып қызмет атқарған. Сол орында жұмыс істеп жүріп, ұлттық нақышта киім мен үй бұйымдарын тігетін жеке ісін ашуды мақсат етті. «Мен тігін цехында сегіз жылға жуық жұмыс істедім. Мол тәжірибе мен білім жинадым. Тұрақты клиенттерім болды. Сатып алушылар менің жасаған дүниелерімді әрдайым жоғары бағалайтын. Дәл осы қолдау мені бизнесті бастауға итермеледі. Барлық кемшіліктер мен артықшылықтарды есептеп, өз ісімді ашамын деп шештім. Осылайша, мемлекеттік қолдаудың арқасында ойлағанымды жүзеге асырдым, қажетті жабдықтарды сатып алып, бірнеше адамды жұмысқа қабылдадым», - дейді кәсіпкер. 2018 жылы Кәмилә... |
Толығырақ... Оқылды: 1628 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.04.2021 |