СПОРТ

ГІР ТАСЫН КӨТЕРУДЕН ЖАРЫС ӨТТІ

⠀ Қазан айының 6-ы күні Балпық ауылдық округінің ауыл тұрғындары арасында гір тасын көтеруден жарыс өтті. ⠀ Жарысқа ауыл тұрғындары қатысып, белсенділік танытты. ⠀ Жарыс қорытындысы бойынша: 1- орын Жунусов Бағлан 2- орын Бақыт Бекмұхамет 3- орын Болатов Бауыржан иеленді. ⠀ Жеңімпаздар медальдармен және грамоталармен марапатталды. ⠀
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: СПОРТ Уақыты: 06.10.2024

Спорт - денсаулық кепілі

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауын мұқият тыңдап, ұжымда талқылау, біз үшін, дәстүрге айналған. Соңғы мемлекет басшысының жолдаудың ерекшелігі - даму жолындағы мақсат-міндеттердің барлық сала бойынша нақты айқындалуы. Әсіресе спорт саласындағы мақсаттар мен орындалатын жұмыстар нақтыланып берілді. Біздің мақсатымыз осы бағытта тынбай еңбек ету болып табылады. Қазір әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді. Сондықтан әр маман өз саласындағы жетістіктерді саралап, өзін-өзі қамшылап, заман талабына сай жаңаны үйренуге тырысып жүруі керек. Спорт құрылымдарының көптеп салынуы аудан тұрғындарының спортпен шұғылдануына және облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда спортшыларымыздың көк туымызды желбіретіп, жеңіске жетулеріне жақсы мүмкіндік туғызады. Елбасының сенім артып «Жастар – ел болашағы» деп жариялап жатқанына қуаныштымыз. Елбасының сенімін ақтап, еліміздің өркендеп өсуіне сүбелі үлес қосамыз деп сенім білдіргім келе...
Толығырақ... Оқылды: 848 Санат: СПОРТ Уақыты: 14.08.2021

Байрақты бәсеке

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бокстан 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында ҚР Құрметті спорт қызметкері Валерий Алексеевич Легайдың жүлдесіне арналған облыстық турнир өтті. Осы аталған турнирда Жамбыл және Алматы облыстарының Қапшағай қаласы, Алакөл ауданы, Алматы облысының дарынды балаларға арналған спорт мектебі Лепсі интернаты, Көксу ауданы, Балқаш ауданы, Ескелді ауданы, Сарқанд ауданы, Талдықорған қаласының Жекпе-жек спорт мектебі, МБЖСМ-1, «Өркен» БЖСМ, Атамекен спорт клубтарынан атаулы жарыста 61 спортшы қатысып, Көксу ауданы спорт мектебінің спортшылары Қамбар Тұрар 48 кг салмақта қола медаль 3-орын, Даурен Маулетбекұлы 54 кг-да қола медаль 3-орын, Асқар Байқонысов 60 кг-да қола медаль 3-орын, Еларыс Кенжетай 42 кг салмақта күміс медаль 2-орын, Ернұр Қожабек 48 кг күміс медаль 2-орын, 63 кг Маулет Тұрсын күміс медаль 2-орын, 66 кг Рауан Рауль 1-орынды иеленіп, алтын медаль иесі атанды. Берік ӘДІЛбек, жаттықтырушы.
Толығырақ... Оқылды: 1577 Санат: СПОРТ Уақыты: 10.06.2021

30 КҮНДЕ 3000 ШАҚЫРЫМДЫ БАҒЫНДЫРДЫ

Ағымдағы жылдың 5 мамырында жетісулық Алмат Балтабеков «Тәуелсіздік ұрпақтары» жалпыұлттық жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласынан Талдықорған қаласына дейін велосапарын бастаған болатын. Еліміздің 7 облысын басып өтіп 3000 шақырымды құрайтын сапарын Алмат Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнады. Алдын ала жоспары бойынша 45 күнді қамтуы керек болған велошеру 34 күнде мәресіне жетті. Бүгін діттеген мақсатын орындап, Жетісудың жүрегіне жеткен жерлестерін талдықорғандықтар ыстық ықыласпен күтіп алды. Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы мұрындық болған шараға Алматтың ата-анасы, достары және қаламыздың спортсүйер жас велошабандоздары қатысты. Айта кету керек, бұл сапардың негізгі мақсаты, салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, ішкі туризмді дамыту және жас буынға отаншылдық рухты дарыту болып табылады.
Толығырақ... Оқылды: 1521 Санат: СПОРТ Уақыты: 10.06.2021

Жетісулық жүйріктер Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алды

Алматы облысында ұлттық спорт түрлерінен 1607 секция жұмыс жасайды. Онда 55 мыңнан астам адам аталған спорт түрімен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл өз кезегінде облыс әкімдігінің тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың нәтижесі. Бүгінде Жетісу жерінде, ұлттық спорт түрлерінен «Саят», «Сонар» халықаралық жарысы, ұлттық ат спорты түрлерінен «Жетісу жүйрігі», «Жетісу бөрісі», «Алтын сақа» «Ақбидай» ауыл ойындары сынды ірі жарыстары ұдайы ұйымдастырылады. Аймақта ұлттық спортты дамыту жұмыстары қарқынды. Айталық, қазірде Талдықорған қаласында және Қарасай ауданында ұлттық және ат спорты түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және Талғар ауданында ұлттық және ат спорт түрлерінен орталығы, Қапшағай қаласында ат спорты мектебі жұмыс жасауда. Бұл қатарда техникалық спорттыңда кенжелеп қалмағанын атап өткен жөн. Өңірде 250 адам техникалық спорт түрімен айналысады. Оған, парашюттық, автомоби...
Толығырақ... Оқылды: 1472 Санат: СПОРТ Уақыты: 09.06.2021

«Өркен» спорт мектебінде 800 жеткіншек жаттығады

1983 жылы іргетасы қаланған «Өркен» спорт мектебінде 37 жаттықтырушы еңбек етеді. Олардың 7-і жоғары дәрежелі, 2- I дәрежелі, 17-II санаттағы бапкерлер. Тағы екеуі ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Білікті мамандар жаттықтырдыың қол астында жаттығатын бала саны 800-ден асады. Салауатты өмір салтын ұстанған ұрпақ, аталған мекемеде спорттың 10 түрімен шұғылданады. Мектепте спорттық гимнастика, ауыр атлетика, бокс, дзюдо, грек-рим күресімен шұғылдануға арналған арнайы залдар жасақталған. Сондай-ақ, ұзындығы 25 метр болатын 6 жолаққа бөлінген бассейн де жұмыс жасайды. Жаттығудан кейін, ретке келу үшін барлық залдарда себезгі қондырғылары және массаж, дәрігерлік бақылау кабинеті бар. «Залдар тегістей спорттық жабдықтармен, құрал-саймандармен жабдықталған және спорт залдарына кварц шамдары орнатылған, бұл оқу процесіне спорттың сан алуан түрі бойынша оқу бағдарламаларын игеруге мүмкіндік береді», - дейді ««Өркен» балалар мен жасөспірімдер сп...
Толығырақ... Оқылды: 1399 Санат: СПОРТ Уақыты: 03.06.2021

Жетісулық 112 спортшы ұлттық құрамада өнер көрсетеді

"Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған облыстық спорт клубы" МКҚК облыс әкімдігінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 2 Қаулысы негізінде ашылды. 2017 жылғы 5 маусымда Алматы облысы әкімдігінің № 238 қаулысымен "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Содан бері кіл мықтыларды аламандарға қосып келеді. 23 спорт түріне баулыйтын мекеменің жетістіктері жетерлік. Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебінде жалпы саны 753 кембағалы спортшы бар. Олар, жеңіл атлетика, жүзу, үстел тенисі, садақ ату, шаңғы жарысы, арбамен билеу, футбо, шахмат, дойбы, еркін күрес, армрестлинг, каратэ сынды түрлі спорт түрлерімен шұғылданады. Өмірге деген құштарлықтары басым, ерік-жігері тасып тұрған сайып қыран қыз-жігіттерді 48 жаттықтырушы баптайды. Төгілген тер мен есіл еңбектің зая кеткен тұсы болмаса кер...
Толығырақ... Оқылды: 1488 Санат: СПОРТ Уақыты: 22.01.2021

Армрестлинг - қазақтың болмысына келетін спорт!

Армрестлингтен ардегерлер арасында Азияның 9 дүркін чемпионы Әбдуәли Тастанов Алматы облысын аралап, шеберлік сабағын өткізіп жатыр. Көксу өңірінің тумасы Панфилов ауданында болды. Білікті маманның басты мақсаты - ауыл-аймақтағы балалар арасынан қолкүрес өнерінің майталманын шығару. Әбдуәли Тастанов шалғайда орналасқан аймақ жастарынан қолкүрес шеберін шығаруды көздейді. Жаркент өңіріне келуінің себебі де осы. Бұл аудан әлемге есімі таныс атақты балуандарымен белгілі. Бейжің Олимпидасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев және әлем чемпионатының күміс медаль иегері Демеу Жадыраев шықты. Осы атақты балуандардың тізіміне армрестлинг өнерінің майтанмандарын дайындап қоссам,- дейді Әбдуәли Тастанов. Жергілікті спорт әдіскерлері мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне қолкүрес спортын жақын таныстырды. Сонымен қатар, армрестлингтің физикалық тұрғыдан алғанда ұлтымызға жақындығы бар екендігін айтады. - Әбдуәли Тастанов, Армрестлингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері: «Адам бал...
Толығырақ... Оқылды: 183 Санат: СПОРТ Уақыты: 24.09.2020

Мектептегі қол жетімді спорт түрі!

Ежелден - ақ қылыш пен семсермен толқындатудан гөрі қолдың күшін сынау ең асыл істің бірі болып саналатын. Дегенмен қол күрес таяудан туындаған спорт түрі болып есептеледі. Ертеде ата-бабаларымыз екі буынды айқастырып, ас-тойларда сайыс өткізген. Ең алғашқы қол күресті спорт түріне еңгізген американдық журналист Билл Соберанес болды. Петалума қаласы Калифорния штатында кешке қарай ең мықты жігіттер жиналып, өзара қолдарының күшімен сынасқан. Ең алғашқы чемпионат Петалума қаласының ең үлкен залында ұйымдастырылды. Турнир өте табысты өтіп, спорт түрі ретінде дамуына өте үлкен үлес қосты. Қазақстанда қол күрес өз тарихын 1990 жылдары, қазақстандық атлеттер Мәскеу қаласында өткен , бірінші Бүкілодақтық қол күрес турнирге қатысқаннан басталды. Жеңімпазы 61 кг салмақ дәрежесінде Вячеслав Чиванин болды. Республикамызда қол күреске деген қызығушылық арта бастады. Спорттың бұл түрін елге алғаш алып келген Владимир Дреклер мен Мұқан Ағзамовтар болды. 1991 жылы тұнғыш рет ел чемпионаты өтеді. Әр...
Толығырақ... Оқылды: 196 Санат: СПОРТ Уақыты: 24.09.2020

Облыстық жоғары спорт мектебі республикада топ жарды

Алматы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі "Үздік спорттық ұйым 2019" Республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы «Jetisy media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Нүркен Қанатұлы мәлімдеді. Негізінде спорт мектебінде жалпы саны 67 жаттықтырушы 56 топпен, контингенті 378 спортшымен жұмыс атқарды. Мектепте спорттың 19 түрімен шұғылдануға болады, соның ішінде 13 олимпиадалық спорт түрлері, 4 олимпиадалық емес және 2 ұлттық спорт түрі бар. Өткен жыл аталған ұйым үшін жемісті болды. Үміт артқан спортшы ұл-қыздар бірталай атақ-дәрежелерге қол жеткізді. Енді «Жоғары спорт мектебінің» шәкірттерінің қатарында «ҚР еңбек сіңірген спорт шебері», 4 бірдей «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 18 «ҚР спорт шеберлері» тәлім алады. Мұнымен жетістіктер таусылмақ емес, бұл мекетептің баптаған сайып қырандары Қазақстан республикасының құрама к...
Толығырақ... Оқылды: 259 Санат: СПОРТ Уақыты: 14.02.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.