
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бокстан 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында ҚР Құрметті спорт қызметкері Валерий Алексеевич Легайдың жүлдесіне арналған облыстық турнир өтті. Осы аталған турнирда Жамбыл және Алматы облыстарының Қапшағай қаласы, Алакөл ауданы, Алматы облысының дарынды балаларға арналған спорт мектебі Лепсі интернаты, Көксу ауданы, Балқаш ауданы, Ескелді ауданы, Сарқанд ауданы, Талдықорған қаласының Жекпе-жек спорт мектебі, МБЖСМ-1, «Өркен» БЖСМ, Атамекен спорт клубтарынан атаулы жарыста 61 спортшы қатысып, Көксу ауданы спорт мектебінің спортшылары Қамбар Тұрар 48 кг салмақта қола медаль 3-орын, Даурен Маулетбекұлы 54 кг-да қола медаль 3-орын, Асқар Байқонысов 60 кг-да қола медаль 3-орын, Еларыс Кенжетай 42 кг салмақта күміс медаль 2-орын, Ернұр Қожабек 48 кг күміс медаль 2-орын, 63 кг Маулет Тұрсын күміс медаль 2-орын, 66 кг Рауан Рауль 1-орынды иеленіп, алтын медаль иесі атанды.
Берік ӘДІЛбек,
жаттықтырушы.