ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ
Бақыт - біздің қолымызда |
«Қазақ елі – өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел» - деген Ғабит Мүсіреповтің асыл сөздерінен «қазақ» этнонимі мен этносына тән ең бір ерекшелікті айқын аңғаруға болады. Сонау заманнан қалыптасқан халықтың қанша жүз ғасыр қиын-кескі заман өткергендігі бәрімізге дерлік тайға таңба басқандай айқын жеткізіліп, тарихта жазылып қалған. Қазақ хандығы құрылған қасиетті күнге дейін де, одан кейін де межелеген дәл осы «Тәуелсіздік» мәресіне жеткенше қан мен тер бірдей төгіліп, қилы заманды өткеруі бірімізге үлгі, бірімізге шеті-қиыры жоқ тарихтың түбі, тамыры. Түркітілдес этностардың бір бөлігін құраған қазақтың қаны бойымызды шымырлатып, «тек алға» деп атой салатындай, тіпті. Керей мен Жәнібек бастап салып берген қасиетті жол мен бағыт, қазір де «Мәңгілік ел» болуымыздың бірден-бір әрі түпкі себебі. Хандық құрылғаннан соң қазаққа қара бұлт үйірткен жоңғарлардың кесірі тым көп те еді. XVIII ға... |
Толығырақ... Оқылды: 908 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 25.10.2021 |
Тұғыры биік-Туған ел |
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Тұғыры биік-Туған ел” атты онлайн көнцерт өтті. |
Толығырақ... Оқылды: 1083 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 14.10.2021 |
Қазақ халқының мақтанышы |
Тарихқа көз жүгіртіп қарап отырсақ, қазақтың небір қайсар қыздары, ғұндардың ел анасына айналған арулары, түріктің тұрпаты бөлек жауынгер (ханымдары), қазақтың ұранға айналған, кие қонған небір аяулы ана, апалары болыпты-ау... Елім деп емінген, жерім деп тебінген ерлермен сын сағаттарда қатар жүріп, қанатына айналған, бала туып, ұрпағын өсірген олардың да аттары тарих қойнауынан талып-талып естіліп жатады. «Атқа мінсең ей қаған, жерді көрмейсің, таққа отырсаң ей, қаған, елді көрмейсің! Атыңды жер, тағыңды ел көтеріп тұрғанын неге білмейсің?» деп сөйлеген де біздің асыл аналарымыз. Асылы, ел болмақ – Анадан! Ел өссе де – анадан, беті аулақ, өшсе де – анадан! Бір ана бар Жетісуда еңбеккер, Тәтті түбір ақ сәбиін тербеткен. Маңдай тері арна салып табысқа, Еңбегімен елдің даңқын өрлеткен» - дегендей, шоқтығы биік тұлға, ерен еңбегімен, халыққа көрсеткен адал қызметімен, қоғам, ұрпақ тәрбиесіндегі озық ұлағатымен, халқының құрметіне бөленген аб... |
Толығырақ... Оқылды: 946 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 12.10.2021 |
Ұмытылмас ұлы тұлға Зылиха Тамшыбаеваға 85 жыл |
Жетісу жерінің Ел анасы - Социалистік Еңбек Ері атанған Зылиха Тамшыбаева тірі болса 5 қазан 85 жасқа толушы еді. Қабырғаны қайыстырған қазаның орны толмасы анық, болған іске болаттай беріктік танытқан ұрпақтары анасын еске алып, аруағына құран бағыштады, алыс-жақын ағайындарға, ауыл қарияларына арнап ас берді. Еңбегі бағаланып, есімі берілген Зылиха Тамшыбай ауылы басқа ауылдардан ерекше. Ауылға кіре берістен ақ тазалықтың әлі де сақталғанына тәнті боласың. Зылиха Жанболатқызының кең форматта ілінген суреті мен айтқан сөздері қазір де ұрпақ санасында жаңғырып тұрғандай әсер қалдырады. Ауылдың мәдениет үйінің алдынан ашылған ескерткіші мен еңбек жолын баяндайтын қабырғадағы ақпараттар әрбір ауыл азаматын еңбекке тәрбиелеп тұрғандай. Бұл басқосу мерейтойға қарағанда сағынышпен еске алу кешіне көбірек ұқсайды. Қабырғаны қайыстырған қазаға, Ел анасының арамызда жоқтығына жұрт әлі де сенбейді. Қазан айының алтыншы жұлдызында Тәуелсіз мемлекетіміздің 30 жылдығына сәйкес келген Зылиха Там... |
Толығырақ... Оқылды: 899 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 12.10.2021 |
Тәуелсіздіктің тірегі - білімді ұрпақ |
Қазақстан Республикасның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздіктің тірегі - білімді ұрпақ" атты дөңгелек үстел өтті. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік-экономикалық да¬му жолындағы қарқынымыз, жастар¬дың қоғамдық-саяси өмірдегі ұс¬танымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастард... |
Толығырақ... Оқылды: 941 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 15.09.2021 |
БІЛІМНІҢ БАСТАУЫ- БАЛАБАҚШАДА |
Балабақша анамыз, Оқып білім аламыз, Өнерпаз боп өсетін. Біз балдырған боламыз! Тәрбие мен білім негізі ең алдымен отбасынан, содан соң балабақшадан басталады. Еліміз Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде талай бүлдіршінді білімге, тәрбие берген білім ошағы биыл да өз тәрбиеленушілерін қайта қуантты. Елімізде болып жатқан пандемия көп нәрсені ұқтырып өмірге жаңа көзқарас қалыптастырды. Алайда өзгермейтін бір сала бар - ол білім. Ал білімнің бастауы балабақшада. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру саласында сапаны жақсартуға арнайы көңіл бөлінуде. Жақында «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасында жаңа оқу жылының басталуына орай «Білімнің бастауы балабақшада» атты ертеңгілік өтті. Сөз өнері, сөйлеу мәнері енді ғана қалыптасып келе жатқан балалар Тәуелсіздіктің символына айналған Гимнді шырқап, өздеріне берілген тақпақтарын айтты. Ұлттық би билеп, әуелетіп ән шырқады. Бұл білім жолына аттаған алғашқы қадамдары. Елбасының балабақшадағы білім беру жүйесін түбегейлі өзгер... |
Толығырақ... Оқылды: 995 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 10.09.2021 |
Қамқоршы аға |
Мен аудандық партия комитетінің нұсқауымен ауаткомнан ауысып, аудандағы ең нашар «Еңбекші» совхозына партия ұйымының хатшысы болып сайландым. 10 айдан кейін, яғни 1971 жылы 8 наурыз күні осы совхоздың директоры болып тағайындалдым. Шынымды айтайын, Еңбекші совхозы түбегейлеп келгенде туған ауылымдай ыстық, болашақ бақытты да шабытты да алдағы небір қуаныш пен қасіретті де сол совхоздан табатынымды осы жолы білген жоқпын. Сонымен совхозға бет алдық. Ертеректе осы совхоздың негізін қалаушы «Амангелді» колхозында аты аңызға айналған Нұрмолда Алдабергенов те екі ай бастық болғанын білетінмін. Нұрағаңның аз ғана уақыт болса да қолтаңбасы қалған Амангелді ауылына ат басын бұрғанда еріксіз толқыдым. Себебі Нұрағаңмен алғашқы кездескен кездегі «Қызым» деген сөзінен көңілім толқып, жаңа дүниемнің астаң-кестең болып, әлдебір тылсым қуатты күштің бойымды шарпып өткенін күні бүгінге дейін сол алып қуаттың қысылған шақта бойыма нәр беріп, қуанған сәтте сабыр бер... |
Толығырақ... Оқылды: 986 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 10.09.2021 |
ӨНЕГЕЛІ ӨМІР |
Еліміз үшін аянбай еңбек етіп, өзінің адалдығымен, парасаттылығымен ел есінде жүрген тұлғаларымыздың ғибратты ғұмырын жастарға үлгі – өнеге ету халқымыздың бір үлкен дәстүрі. Осындай тұлғалы аналарымыздың бірі – Еңбек ері болыпсың, Есіткем сенің атыңды. Құттықтаймын сені қуанып, Құп ал, құрбым, хатымды-деп қазақтың тарлан ақыны Ж.Молдағалиев «Мәмиләға сәлем хат» атты өлеңінде жырлаған, ауданымыздың, ауылымыздың мақтанышы Социалистік Еңбек Ері Мәмилә Әлімбаева дер едік. Биыл, осы қазақтың аяулы қызының туғанына 105 жыл толып отыр. Қазақ тарихындағы абыз, батыр аналарымыздың ұлағатынан нәр алған Мәмилә Әлімбаева апамыздың есімі қазақтың танымал еңбек ардагерлерінің арасынан ойып тұрып орын алған тарихи тұлға десек те болады. Мәмилә апамыз бойына табиғат дарытқан еңбекқорлық, төзімділік пен қайсарлықтың арқасында шыңдалып, алдынан шыққан қиындықтарды жеңіп, бейнет жүгін еңсере білді. Даралық негізін қарапайым ғана адамдық парасаттан іздеп, тағдырының таңдауына... |
Толығырақ... Оқылды: 866 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 03.09.2021 |
ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ ТІРЕГІ |
Биыл Ата Заңның қабылданғанына 26 жыл толып отыр. Конституция күнін атап өту қазақ елінің дәстүріне айналған мерекесі. Қай елдің болмасын тұрмыс-тіршілігін реттейтін заңы бар. Қазақ елі де өз отауын тіккелі елдің берекесі мен бірлігін сақтайтын заңын қабылдады. Ата Заң 1995 жылы 30 тамызда қабылданғаннан кейін оған 1998, 2007 және 2011 жылдары өзгертулер енгізіледі. Осылайша әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да нақты шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің жарқын болашағымыздың қайнар бастауына айналды. Айналасы 26 жылдың ішінде бірлігі жарасқан, өзге дамыған елдермен иық тірестіре қарыштап келе жатқан мемлекетке айналып отырмыз. Оның барлығы осы дұрыс қабылданған Ата Заңымыздың нәтижесі. Осы орайда, еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толыуына және Ата Заңы қабылданғанна 26 жыл толыуына байланысты 27 тамызда «Ертөстік» бөбек жай- балабақшасы ересек «Күншуақ» тобымызда балаларды патриоттыққа, елін, жерін, отанын с... |
Толығырақ... Оқылды: 820 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 03.09.2021 |
ЖЕТІСУДЫҢ ЖАУҚАЗЫНЫ ЗЫЛИХА ТАМШЫБАЕВА ТІРІ БОЛСА, БИЫЛ 85-КЕ ТОЛАР ЕДІ |
Биыл қазан айында тірі болса хан қызындай Жетісудың Зылихасы 85 жасқа толатын еді. Көңілі көгілдір көктемдей, жаны жадыраған жаздай, өмірі өнегелі, еңбегі берекелі болып, ел тарихында есімі мәңгі жазылып қалған Зылиха Жанболатқызының асыл бейнесі – халықтың жүрегінде, жадында. Жетісу өңірінің ғана емес, бүкіл қазақ елінің мақтанышына айналған Зылиха Тамшыбаеваның өмірден көшкеніне де он шақты жылдың жүзі болды. «Тау алыстаған сайын биіктей түседі» деген рас екен. Күн өткен сайын есімі аңызға айналған Зылиха Жанболатқызының бейнесі бізден алыстап биікке көтеріліп, халқына сіңірген еңбегі ел тарихының парақтарында алтын әріптермен жазылып қалды. Кемеңгер ана есімін кейінгі ұрпақ жадында сақтау үшін өңірде біраз шаруалар жасалды. Қазіргі кезде туған ауылында еңселі ескерткіші жарқырап тұр. Амангелді ауылының орта мектебіне есімі берілсе, Талдықорған қаласының бір даңғылы Зылиха атымен аталады. Бұдан бес жыл бұрын ел анасының 80 жылдық тойы Жетісу жерінде аталып, та... |
Толығырақ... Оқылды: 835 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 26.08.2021 |