
Балабақша анамыз,
Оқып білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін.
Біз балдырған боламыз!
Тәрбие мен білім негізі ең алдымен отбасынан, содан соң балабақшадан басталады. Еліміз Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде талай бүлдіршінді білімге, тәрбие берген білім ошағы биыл да өз тәрбиеленушілерін қайта қуантты. Елімізде болып жатқан пандемия көп нәрсені ұқтырып өмірге жаңа көзқарас қалыптастырды. Алайда өзгермейтін бір сала бар - ол білім. Ал білімнің бастауы балабақшада. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру саласында сапаны жақсартуға арнайы көңіл бөлінуде. Жақында «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасында жаңа оқу жылының басталуына орай «Білімнің бастауы балабақшада» атты ертеңгілік өтті. Сөз өнері, сөйлеу мәнері енді ғана қалыптасып келе жатқан балалар Тәуелсіздіктің символына айналған Гимнді шырқап, өздеріне берілген тақпақтарын айтты. Ұлттық би билеп, әуелетіп ән шырқады. Бұл білім жолына аттаған алғашқы қадамдары. Елбасының балабақшадағы білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту керек деген ойы өте орынды. Себебі, 6 жасқа дейін адамның ақыл-ойының едәуір бөлігі қалыптасып үлгеретіні ғылыми дәлелелденген. Сол себепті, уақытты тиімді пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді барынша креативті ойлай алатын, қоғамның белсенді мүшесі етіп тәрбиелеу жолында жұмыстар жасалуда.
Дина КАНЛЫБАЕВА,
«Айгөлек» бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі.