ҚҰРЫЛТАЙ - 2026
Үшарал қаласының әкімі құрылтай сайлауы күні жас аналарға құрмет көрсетті |
| Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатқан маңызды күні Абишев Айдар Беделбекұлы аудандық перзентханаға барып, жас аналар мен дүниеге жаңа келген сәбилердің жағдайымен танысты. Сапар барысында жас аналарды құттықтап, ана мен балаға арнайы сый-сияпат табыстады. Сәбилерге зор денсаулық, баянды ғұмыр, ал отбасыларына амандық пен береке тіледі. Ел өміріндегі маңызды саяси науқанмен тұспа-тұс келген бұл күн дүниеге келген әрбір сәбидің болашағына деген ақ тілекпен астасты. Жаңа туған нәрестелерге ізгі тілегін білдірген Абишев Айдар Беделбекұлы еліміздің келешегі жас ұрпақпен тығыз байланысты екенін атап өтті. |
| Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
№263 дауыс беру учаскесінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылды |
| Көксу ауданындағы №263 дауыс беру учаскесінде сайлау күніне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шара барысында ауданның өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары тұрғындарға арнап ән мен күйден шашу шашып, ұлттық өнерімізді дәріптеді. Әуезді әндер мен әсерлі музыкалық шығармалар дауыс беруге келген азаматтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Концерттік бағдарламаға мәдениет саласының өкілдері мен өнерпаздар қатысып, көпшілікке мерекелік көңіл күй қалыптастырды. Ұлттық өнермен өрнектелген мәдени бағдарлама сайлау күнінің мазмұнын толықтырып, тұрғындарға жағымды әсер қалдырды. |
| Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Қоғам белсендісі Бархудар Гусенов дауыс берді |
| Бүгін Көксу ауданында қоғам белсендісі Гусенов Бархудар Шахгусенович дауыс беру учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Қоғамдық өмірге белсенді араласып жүрген азамат сайлау процесіне қатысып, өзінің азаматтық ұстанымын білдірді. Бархудар Шахгусенович тұрғындарды ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдеріске белсенді қатысып, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға шақырды. Әр азаматтың таңдауы – ел болашағына қосылған үлес. |
| Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Армрестлингтен Азия чемпионы дауыс берді |
| Бүгін №236 дауыс беру учаскесінде армрестлингтен Азия чемпионы А. Тастанова дауыс беріп, өз азаматтық таңдауын жасады. Спортта ел намысын абыроймен қорғап жүрген чемпион сайлау процесіне қатысып, азаматтық белсенділігін танытты. Спорттағы жетістігімен жастарға үлгі болып жүрген А. Тастанова азаматтарды сайлауға белсенді қатысып, өздерінің азаматтық таңдауын жасауға шақырды. Әр азаматтың таңдауы – ел болашағына қосылған үлес. |
| Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
«Жер Жаннаты – Жетісу – 2025» жобасының Гран-при иегері дауыс берді |
| Көксу ауданында «Жер Жаннаты – Жетісу – 2025» телевизиялық жобасының Гран-при иегері, блогер Дәурен Берікболов дауыс беру учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Өнер мен шығармашылық бағытында белсенділік танытып жүрген Дәурен Берікболов сайлауға қатысып, өзінің азаматтық ұстанымын білдірді. Ол азаматтарды ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді қатысып, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға шақырды. Сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін танытатын маңызды қадам. Әр дауыс – маңызды. Әр таңдау – ел болашағына қосылған үлес. |
| Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Елдік таңдау жасалды |
| Тамшыбаева Злиха Жанболатқызының 90 жылдық мерейтойына орай З.Тамшыбай ауылының тұрғындары бір мезетте №246 сайлау учаскесіне барып, азаматтық белсенділіктерін танытып, өз таңдауларын жасады. Іс-шара барысында аудан өнерпаздары әсем әндерден ән шашу шашып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұлттық нақыштағы ән-күймен өрнектелген мерекелік шара ауыл тұрғындарына ерекше әсер қалдырып, игі бастамаға сән берді. |
| Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы Еркеновтар отбасы дауыс берді |
| Бүгін Көксу ауданындағы №256 дауыс беру учаскесінде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанған Еркеновтар отбасы дауыс беруге қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады. Ынтымағы мен берекесі жарасқан отбасы мүшелері елдің қоғамдық өміріндегі маңызды науқанға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Еркеновтар отбасы үшін бұл күн – тек азаматтық таңдау жасау күні ғана емес, отбасы құндылықтарын, елге деген құрмет пен ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін маңызды сәт. «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған өнегелі отбасының сайлауға бірге қатысуы – отбасылық бірлік пен азаматтық белсенділіктің үйлесімін айқын көрсетеді. Ынтымағы жарасқан отбасы – елдің берік тірегі. Берекелі отбасы – берік мемлекеттің негізі! |
| Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
ӨНЕР АДАМДАРЫ ДАУЫС БЕРДІ |
| Бүгін Көксу ауданындағы мәдениет үйлерінің қызметкерлері мен«Өнер» мектебініңұжымы дауыс беру учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Домбыра және басқа да музыкалық аспаптарын алып келген өнерпаздар сайлау күніне ерекше сән беріп, көтеріңкі көңіл күй қалыптастырды. Өнер саласының өкілдері өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділіктерін көрсетті. Өнер – ұлттың рухы, ал азаматтық таңдау – ел болашағына деген жауапкершілік! |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Әзербайжан этносы өкілдері дауыс берді |
| Бүгін Көксу ауданында Әзербайжан этномәдени бірлестігінің өкілдері №245 дауыс беру учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Этнос өкілдері Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өздерінің азаматтық белсенділігін танытты. Әзербайжан этномәдени бірлестігі өкілдерінің сайлау процесіне қатысуы – еліміздегі қоғамдық келісім мен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Қазақстанда түрлі этнос өкілдерінің өзара татулық пен бірлікте өмір сүруі – ортақ құндылығымыз. Әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымы елдің тұрақты дамуына үлес қосады. |
| Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Жетіжал ауылы тұрғындарының бір мезгілде дауыс берді |
| Көксу ауданына қарасты Жетіжал ауылының тұрғындары сайлау күні №264 дауыс беру учаскесіне ұйымдасқан түрде келіп, бір мезгілде дауыс берді. Шамамен 200 тұрғыннан құралған топ өз азаматтық таңдауын жасап, сайлау процесіне белсенді қатысқанын көрсетті. Жетіжал ауылы тұрғындарының белсенділігі олардың азаматтық жауапкершілігі мен елдің қоғамдық өміріне деген қызығушылығының жоғары екенін аңғартты. Әр дауыс – маңызды. Әр азаматтың таңдауы – ел болашағына қосылған үлес. |
| Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
