ҚҰРЫЛТАЙ - 2026
Орыс этномәдени орталығының өкілдері дауыс берді |
| Бүгін Көксу ауданындағы орыс этномәдени орталығының өкілдері №244 дауыс беру учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Этномәдени орталық мүшелері Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқанға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершіліктерін танытты. Қазақстан халқын біріктіретін татулық пен келісім – еліміздің басты құндылықтарының бірі. Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің сайлау процесіне қатысуы қоғамдағы бірлік пен азаматтық белсенділіктің маңызын көрсетеді. Бірлік бар жерде – береке бар. Ортақ Отанымыздың болашағы әрқайсымыздың белсенді азаматтық ұстанымымызға байланысты. |
| Толығырақ... Оқылды: 6 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ – ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ |
| Көксу ауданындағы дауыс беру учаскелерінде учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері ұлттық киім киіп, азаматтарды қабылдауда. Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін дәріптейтін асыл мұра. Бүгінгі сайлау күнінде ұлттық нақыштың көрініс табуы мерекелік көңіл күй қалыптастырып, ел бірлігі мен ұлттық құндылықтарға деген құрметті айқындай түсті. Ұлттық құндылық – ұрпаққа аманат! |
| Толығырақ... Оқылды: 7 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Дауыс беру учаскелерінде ұлттық ойындар ұйымдастырылды |
| Бүгін Көксу ауданындағы дауыс беру учаскелерінде тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тұрғындарға дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындар ұсынылып, қатысушылар өзара бақ сынады. Ұлттық ойындар халқымыздың дәстүрі мен мәдениетін насихаттап қана қоймай, тұрғындар арасында көтеріңкі көңіл күй мен жағымды атмосфера қалыптастыруға ықпал етті. Аталған шаралар ұлттық мұраны дәріптеп, өскелең ұрпаққа ата дәстүрді танытуға бағытталды. |
| Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Уызмай зауытының қызметкерлері дауыс берді |
| Көксу ауданындағы «Уызмай» зауытының қызметкерлері Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады. Зауыт ұжымы азаматтық белсенділіктерін танытып, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқаннан шет қалмай, дауыс беруге атсалысты. Әр дауыс – маңызды таңдау! |
| Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Тыл ардагері сайлауға барды |
| Текелі қаласындағы «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында орналасқан 454-ші сайлау учаскесінде 92 жастағы тыл еңбеккері Валентина Вострикова Құрылтай сайлауына қатысып, дауыс берді. Қазыналы қария өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Оның сайлауға қатысуы ел тағдырына бейжай қарамай, әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін айқындайтын өнегелі қадам саналады. Аға буын өкілінің белсенділігі жас ұрпақты отансүйгіштікке, жауапкершілікке және ел болашағына жанашырлықпен қарауға үндейді. Ел көлемінде өтіп жатқан ауқымды саяси науқан барысында азаматтардың өз құқықтарын пайдалануы қоғам бірлігін нығайта түседі. Мемлекет тарапынан әрбір сайлаушының, соның ішінде ардагерлер мен қариялардың өз еркін еркін білдіруі үшін барлық жағдай жасалған. |
| Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Белсенді азаматша дауыс берді |
| Көксу ауданының қоғам белсендісі, блогер Айнұр Алтынбекова бүгін Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Азаматтық жауапкершілігін танытып, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға өз үлесін қосты. Әр дауыс – ел болашағына жасалған таңдау! |
| Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Сайлаушылар үшін арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды |
| Құрылтай сайлауына келген сайлаушылар үшін арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде тұрғындарға түрлі азық-түлік пен қажетті өнімдер ұсынылып, сауда жасауға қолайлы жағдай жасалды. Шараға келген тұрғындар өздеріне қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды. Жәрмеңке тұрғындардың көңілінен шығып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Мұндай шаралар тұрғындардың басын қосып, өзара қарым-қатынасты нығайтуға және қоғамдық белсенділікті арттыруға оң ықпал етеді. |
| Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Көксу ауданының әкімі дауыс берді |
| Бүгін Көксу ауданының әкімі Дәулет Кенжеханұлы Халелов сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Аудан әкімі дауыс беру рәсіміне қатысып, азаматтық міндетін орындады. Сайлау – елдің болашағын айқындайтын маңызды қоғамдық-саяси үдеріс. Оған әр азаматтың белсенді қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Дәулет Кенжеханұлы аудан тұрғындарын сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырды. Әр дауыс – ел болашағына қосылған үлес! |
| Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Сайлаушылар үшін жәрмеңке ұйымдастырылды |
| Құрылтай сайлауына келген сайлаушылар үшін арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде тұрғындарға түрлі өнімдер ұсынылып, сауда жасауға қолайлы жағдай жасалды. Жәрмеңке сайлаушылардың көңілінен шығып, шараға келген тұрғындар қажетті тауарларын тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды. Осындай шаралар тұрғындардың басын қосып, қоғамдық белсенділікті арттыруға өз үлесін қосады. |
| Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Алғашқы дауыс берген жастарға арнайы сыйлықтар табысталды |
| 18 жасқа толған алғашқы сайлаушыларға арнайы сыйлықтар табысталды Бүгін сайлау учаскелерінде 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беруге келген жас сайлаушыларға ерекше құрмет көрсетілді. Алғаш рет өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін танытқан жастарға арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл – жастардың ел өміріне араласуына, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін сезінуіне бағытталған игі бастама. Алғашқы дауыс берушілер үшін бұл күн ерекше есте қалатын маңызды сәтке айналды. Жастар өз таңдауларын жасап қана қоймай, ел болашағына деген жауапкершіліктерін де танытты. Сайлау учаскелерінде жас сайлаушыларға жылы лебіздер айтылып, олардың алғашқы дауыс беруі мерекелік көңіл-күймен өтті. Мұндай шаралар жастардың сайлау мәдениетін қалыптастырып, азаматтық белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Алғашқы дауыс – азаматтық жолдағы алғашқы маңызды қадам! |
| Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
