Бүгін Көксу ауданының әкімі Дәулет Кенжеханұлы Халелов сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Аудан әкімі дауыс беру рәсіміне қатысып, азаматтық міндетін орындады. Сайлау – елдің болашағын айқындайтын маңызды қоғамдық-саяси үдеріс. Оған әр азаматтың белсенді қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Дәулет Кенжеханұлы аудан тұрғындарын сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырды.
Әр дауыс – ел болашағына қосылған үлес!
