ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
Алакөл жағалауында дронмен рейд жүргізілді |
| Алакөлдің көркі мен тазалығын сақтау мақсатында полиция қызметкерлері арнайы дрон арқылы әуеден рейд жүргізді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған бұл шара қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Алакөл жағалауында Жетісу облысы Полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы заманауи ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану арқылы тың бақылау жүргізді. Әуеден жүргізілген мониторинг жағалау бойындағы жағдайды нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік берді. Дронның көмегімен қоршаған ортаны ластау фактілері дер кезінде анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Мұндай цифрлық тәсіл құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кең-байтақ табиғи аумақтарды тиімді бақылауға өте ыңғайлы. Дрон арқылы алынған деректер тәртіп сақшыларына жағажайдың шалғай бөліктерін де назардан тыс қалдырмауға жағдай жасап отыр. Бұл ретте полиция қызметкерлері заң бұзғандарға айыппұл салуды ғана емес, ең алдымен ха... |
| Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ Уақыты: 14.07.2026 |
Балқаш пен Алакөл – Жетісудың жауһары |
| Жетісу облысы – туристік әлеуеті зор аймақ. Соңғы жылдары аймақта туризм саласын дамытуға көп көңіл бөлінуде. Әсіресе Сарқан ауданында тау туризмі мен Балқаш көлінің жағалауын дамытуға мүмкіндік бар. Оның ішінде Балқаш көлі – облыстың туристік әлеуетін танытатын нысанның бірі. «Балқаш» туристік-рекреациялық демалыс аймағының инженерлік-коммуникациялық желілері құрылысының жобасы – көл жағалауын дамыту бағытындағы басты жобалардың бірі де бірегейі. Жобада электрмен және сумен қамту, кәріз жүйелері, жағалау жиегіндегі автожол құрылысының жобасы қарастырылған. Бас жоспары әзірленгеннен кейін инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы қарқынды жүргізіліп келеді. Нәтижесінде барлық республикалық маңызы бар жолдың сапасы жақсарды. Енді демалушылар жол азабын тартпай-ақ қауіпсіз, жайлы жаңа жолмен жете алады. Туристердің алаңсыз демалуы үшін көл жағасында жағдай жасалуда. Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ Сарқан ауданына жасаған жұмыс сапарында қолға алынған тың жо... |
| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ Уақыты: 18.06.2026 |
Жетісулық құтқарушылар судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады |
| Жетісу облысының құтқарушылары тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өңірдің су айдындарында тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, Талдықорған қаласында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шомылуға тыйым салынған белгілер орнатылған аумақтарда және қалалық жағажайда рейдтік іс-шаралар өткізді. Суға түсу маусымында су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген профилактикалық жұмыстар барысында мамандар демалушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы жеткізді. Сондай-ақ су жағасында демалу кезінде сақтық шараларын түсіндірді. Бұдан бөлек, қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіз мінез-құлық қағидалары көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылды. Рейдке қатысушылар рұқсат етілмеген орындарда шомылудың алдын алу мәс... |
| Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ Уақыты: 15.06.2026 |
Жетісуда жыл басынан бері 101 килограмнан астам есірткі тәркіленді |
| Жетісу облысының полиция департаменті жыл басынан бергі есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысын ұсынды. Есепті кезеңде өңірде есірткіге байланысты 79 құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім бар екенін көрсетеді. Оның ішінде 42 құқық бұзушылық есірткі қылмысы ретінде белгіленген. Қылмыс құрылымына тоқталсақ - есірткі өткізудің 30 фактісі, аса ірі мөлшерде сақтаудың 6 фактісі, есірткі заттарын насихаттау мен жарнамалаудың 3 жағдайы, сондай-ақ шегілмейтін темекі бұйымдары мен электрондық шылымдардың заңсыз айналымы бойынша 1 факт тіркелді. Бұдан бөлек, ҚР ҚК-нің 297-1-бабы бойынша есірткі өндірудің 2 фактісі анықталды. Жыл басынан бері заңсыз айналымнан барлығы 101 кг 488,19 грамм әртүрлі есірткі заттары тәркіленді. Тәркіленген заттардың негізгі бөлігін марихуана мен гашиш құрады. Заңсыз әрекеттері үшін 17 жастан 54 жасқа дейінгі 49 азамат ұсталды, олардың арасында 5 есірткі жасырушы (закладчик)... |
| Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ Уақыты: 04.06.2026 |
Өрт қауіпсіздігі айлығы басталды |
| 15 тамыздан 1 қазанға дейін тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы өтеді. Онда департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы орган, полиция қызметкерлері, еріктілер және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, бірінші кезектегі халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасылары профилактикалық іс-шаралармен қамтылатын болады. Бүгінде есепте 7054 халықтың әлеуметтік осал топтары бар. Сонымен қатар, облыс бойынша 132 мыңнан астам жеке тұрғын үй және 1656 көппәтерлі тұрғын үй есепке алынды. Айта кетейік, өткен жылыту кезеңінде 2023-2024 ж.ж. 137 өрт тіркеліп 3 адам қаза тауып, бір адам жарақаттанған болатын. Қазіргі уақытта алдағы 2024-2025 жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдын алу шаралары дайындалуда. Жыл басынан бері 190 өрт тіркелді. Оның 70 пайызға жуығы тұрғын секторында орын алған. Сондықтан Төтенше жағдайлар қызметкерлері тұрғындарды барынша мұқият болуға шақырады. |
| Толығырақ... Оқылды: 149 Санат: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ Уақыты: 16.08.2024 |
