Жаңалықтар

Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

Елімізде заңсыз иемденілген активтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бұл қаражат бүкіл ел бойынша жүздеген әлеуметтік нысан құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына жұмсалуда. Басты назар әлеуметтік маңызды инфрақұрылымға аударылады Қайтарылатын қаражат Қаржы министрлігінің жанынан құрылған Арнаулы мемлекеттік қорға түседі. Қазіргі таңда жалпы құны 318 млрд теңгені құрайтын 406 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Оның ішінде 9 білім беру нысаны, спорт саласындағы 3 нысанды, денсаулық сақтау саласындағы 162 жобаны, сумен жабдықтау саласындағы 159 жобаны қоса алғанда, 333 жоба іске асырылуда. Барлық жоба Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Білім беру нысандары сапалы білімнің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Спорт нысандары бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған....
Толығырақ... Оқылды: 3 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.06.2025

Жетісу облысында тұтынушылардың құқықтары қорғалған: 16 азамат сотқа жүгінді

2025 жылдың соңғы 5 айында Жетісу облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азаматтардан 407 өтініш түсті. Оның 130-ы бойынша құқықтық көмек көрсетілсе, 213-іне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 16 тұтынушы сотқа талап арызбен жүгінген. Ең көп шағымдар бөлшек және онлайн саудаға, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер мен тұрмыстық қызмет көрсету салаларына қатысты тіркелген. Интернет-платформалардың белсенді дамуына байланысты Kaspi, Wildberries, OZON және басқа да сервистерге байланысты шағымдар саны артты. Сауда саласында 7 профилактикалық іс-шара мен бірнеше жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Негізгі құқықбұзушылық – әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтеру. Нәтижесінде 120-дан астам кәсіпкерлік субъектісі жауапкершілікке тартылып, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 2 миллион теңгеден асты. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау аясында жүргізілген тексерулердің барлығында заңбұзушылықтар анықталды. Соның нәтижесінде әкімшілік істер...
Толығырақ... Оқылды: 3 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.06.2025

Талдықорғанда «Қажымұқан» фильмінің премьерасы өтті

Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында қазақтың әйгілі балуаны, Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовқа арналған «Қажымұқан» көркем фильмі алғаш рет көрсетілді. Фильмде даңқты спортшының өміріндегі маңызды кезеңдер көрермен назарына ұсынылды. Қажымұқанның тек спорттық жетістіктері ғана емес, оның бастан өткерген махаббаты, қиындықтары, даңқы мен өмірлік сынақтары да шынайы бейнеленген. Бұл туынды көрерменге Қажымұқан тұлғасын тереңірек тануға, өмірлік ұстанымы мен рух биіктігін сезінуге мүмкіндік берді. Көрсетілім бір сағатқа созылып, оны Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырды. Іс-шараға облыс басшылығының өкілдері, фильм режиссері Қанағат Мұстафин, басты рөлді сомдаған актер Диас Төлепберген, сондай-ақ мәдениет саласының қызметкерлері, шығармашылық зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты. Фильмнің тұсаукесері Талдықорғанда өткенімен, бұл көрсетілімнің бастамасы ғана. Алдағы...
Толығырақ... Оқылды: 4 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.06.2025

Жетісу облысында инклюзивті білім беру жобасы басталды

Жетісу облысында әлеуметтік маңызы бар жоба - «Мүгедектігі бар адамдардың білім деңгейін арттыруға бағытталған ақпараттық-коммуникативтік технологиялар бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы іске қосылды. Жоба осы санаттағы азаматтардың цифрлық, кәсіпкерлік және әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқыту Алакөл көлінің жағасында орналасқан «Алакөл Асар» демалыс орнында өткізіліп жатыр. Мұнда барлық қатысушылар үшін қолайлы әрі қолжетімді жағдайлар жасалған. Жоба аясында әрқайсысы 20 адамнан тұратын төрт оқу легін өткізу көзделген. Жалпы 80-нен астам бенефициар қамтылады, олардың 70%-ы - мүгедектігі бар адамдар. Оқу процесі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, әр модульдің соңында міндетті түрде тестілеу қарастырылған. Әр курс кемінде 24 академиялық сағатқа есептелген. Оқу топтарының тақырыптары қазіргі заманғы сұранысқа ие бағыттарды қамтиды: алғашқы екі топ SMM және таргеттелген жарнама бойынша тренингтерге арналса, үшіншісі - ә...
Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.06.2025

Президент Қытайды Қазақстанның тату көршісі және уақыт тезінен өткен сенімді стратегиялық серіктесі деп атады

Мемлекет басшысының айтуынша, екі елдің қарым-қатынасы тұрақты сипатқа ие әрі оған геосаяси сын-қатерлер мен дүрбелеңдер, сондай-ақ халықаралық ахуал теріс әсер етпейді. – Қытай Қазақстанмен арадағы ынтымақтастығында қандай да бір саяси шарт қоймаған. Біздің егемендігіміз бен қауіпсіздігімізге көрсеткен қолдауыңызды бағалаймыз. Қытайдың бейбітшілік бастамаларын қолдаймыз. Еліңіздің әділ әлемдік тәртіп орнату әрекеттерін қуаттаймыз, – деді Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК секілді халықаралық және өңірлік ұйымдар аясында, сондай-ақ БРИКС + және «Орталық Азия – Қытай» форматында жоғары деңгейдегі ықпалдастық орнатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы ҚХР-дың Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктесі екенін еске салды. Былтырғы қорытынды бойынша екіжақты сауда-саттық көлемі 44 миллиард долларға жеткен. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Сонымен қатар Президент мәдени-гуманитарлық саладағы елеул...
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.06.2025

Жетісу облысында балалар футболының дамуына жаңа серпінI

2025 жылғы 16 маусымдағы №31-ө-ж/қ бұйрыққа сәйкес Буков Виктор Иванович Жетісу облысы әкімінің орынбасарының балалар футболын дамыту жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл тағайындау өңіріміздегі жасөспірімдер футболының дамуына оң әсерін тигізіп, жаңа бастамалар мен жобаларға жол ашады деп сенеміз! Құттықтаймыз
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.06.2025

Жетісу облысында кедендік бақылау күшейтілуде: 5 айда 91 тексеру жүргізілді

Ағымдағы жылдың бес айында Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан 91 кедендік тексеру жүргізілді. Оның ішінде камералдық, құжаттық және көшпелі тексерулер бар. Кедендік тексеру - бұл тауарлар шығарылғаннан кейін жүргізілетін кедендік бақылаудың бір түрі. Ол Кеден кодексінде көзделген өзге де бақылау нысандары мен шараларын пайдалана отырып, Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының заңнамасын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қаншалықты сақтайтынын бағалау мақсатында жүзеге асырылады. Тексеруге Қазақстан Республикасында тіркелген немесе оның аумағында тұрақты тұратын заңды және жеке тұлғалар жатады. Олардың қатарында декларация жасаушылар, тасымалдаушылар, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, тауарлар шығарылғаннан кейін оларды иеленетін тұлғалар, уәкілетті экономикалық операторлар, сондай-ақ тауарларды шекара арқылы тасымалдауға тікелей немесе жанама қатысы бар тұлғалар бар. Сонымен қатар, ЕАЭО кеден шекарасы арқы...
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.06.2025

Алкаголизмнің артериялық қан қысымына зияны

Алкогольдік артериялық гипертензия–бұлалкгольдіішімдіктерді шамадан тыс және тұрақты тұтынудың нәтижесінде дамитын, артериялық қысымның тұрақты жоғарылауымен сипатталатын патологиялық жағдай. Қан қысымының жоғарылауы алкогольді қабылдау кезінде де, оның ағзадан шығарылуы кезеңінде де орын алуы мүмкін және бірнеше күн бойы сақталуы мүмкін. Қан қысымының жоғарылауының нақты ерекшеліктері алкоголь метаболизмі генотиптік ерекшеліктеріне, аурудың сатысына,қабылданғаналкогольдің мөлшеріне және оны қабылдаутүрінебайланысты болуы мүмкін. Қан қысымының 160-200/90-100 мм сын.бағ. дейін жоғарылауы, тыныштықта 100-110 соққы/минутына тұрақты тахикардия, бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, құсу байқалады. Аурудыңерте кезеңдерінде артериальды гипертензия тұрақсыз болады, қан қысымының қалыпқа келуі әдетте дәрі-дәрмек қолданбай-ақ жүреді. Алкогольді ұзақ уақыт бойы асыра қолданған жағдайда артериальды гипертензия тұрақты болып,нысаналымүшелерге: жүрекке, бүйректерге, миға, көздің тамырларын...
Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.06.2025

Синтетикалық есірткілерге тәуелділіктің зияны

Синтетикалықесірткілергетәуелділік–бұлұзақуақытбойықолданудыңнәтижесіндепайдаболатын,есірткінітұтынудыбақылауқабілетініңбұзылуыменсипатталатынсиндром. Тәуелділіксиндромыныңбастыерекшелігі–есірткініқабылдауғадегенкүштіұмтылыс(патологиялыққұштарлық),олтексаналыойларментілектүріндеғанаемес,сондай-ақесірткініқолданудыбақылауқабілетініңтөмендеуімен,синтетикалықесірткінібасқаәрекеттерденартыққоюменжәнезияннемесежағымсызсалдарғақарамастанонытұрақтытүрдеқолдануменкөрінеді. Синтетикалықесірткігедегенқұштарлықұйқысыздықпенжәнемінез-құлықтыңөзгеруімен–мазасыздық,агрессивтілік,көңіл-күйдіңтөмендеуінемесеенжарлықпенқатаржүреді. Соныменқатар,организмгесинтетикалықесірткініңәсерінетөзімділіктіңартуыжәнеонықолданудытоқтатқанданемесеазайтқандапайдаболатынабстиненттікбелгілерсияқтыфизиологиялықтәуелділікбелгілерідебайқалуымүмкін. Физикалықтәуелділіктіңбелгілері: •Синтетикалықесірткініқолдануғадегенобсессивтіойлар(құштарлық,тәбет); •Шамадантысашуланшақтық...
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.06.2025

Жыл басынан бері облыста 215 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді

Жетісу облысында биылғы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 215 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Тергеу өндірісінде 130 қылмыстық іс аяқталып, оның 122-сі сотқа жолданды. 2024 жылдан бастап енгізілген «Anti-fraud» жүйесі аясында облыс аумағында барлығы 2 431 инцидент тіркелді, оның ішінде 1 620-сы – алаяқтық фактілері бойынша. Қабылданған үйлестіру шараларының нәтижесінде жалпы сомасы 117,1 миллион теңге бұғатталды, оның ішінде 12,2 миллион теңге интернет-алаяқтық бойынша, және бұл қаражат толық көлемде жәбірленушілерге қайтарылды. Халық арасында алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Киберқылмыспен күрес басқармасы Департамент аппараты және қалалық полиция бөлімшелерімен бірлесіп апта сайын түсіндіру шараларын өткізуде. Бұл жұмыстарға «Жас қыран» студенттік жасағы, «Lider KZ» еріктілері және «Қос Қанат Жетісу» қоғамдық бірлестігі белсенді қатысып келеді. QR-код арқылы бейнематериалдарға қол жеткізу м...
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.06.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.