Жаңалықтар
«МЕКТЕПКЕ НЫҚ ҚАДАММЕН!»: ЖЕТІСУЛЫҚ БАЛАЛАРҒА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ |
| Жетісу облысында «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Мектепке нық қадаммен!» қайырымдылық акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты – көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде қолдау көрсету, олардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасауға үлес қосу. Акция аясында өңірдің аудан-қалаларында «Әділет» партиясы филиалдарының өкілдері әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балаларын қамтып, оларға жаңа оқу жылына қажетті мектеп құралдары мен оқу-жабдықтарын табыстады. Осылайша, балалардың оқу жылын алаңсыз бастауына мүмкіндік беретін нақты көмек көрсетілді. Игі бастамаға демеушілер де қолдау білдірді. Кәсіпкерлер, жеке азаматтар мен белсенді тұрғындар балаларды қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуге өз үлестерін қосты. Нәтижесінде акция аясында 1 мыңнан аса балаға қолдау көрсетілді. Олардың қатарында көпбалалы, аз қамтылған және әлеуметт... |
| Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.09.2026 |
«МЕКТЕПКЕ НЫҚ ҚАДАММЕН» АКЦИЯСЫ ӨТТІ |
| «Әділет» партиясының Көксу аудандық филиалы ұйымдастырған «Мектепке нық қадаммен» акциясы өтті. Акция аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына мектепке қажетті оқу құралдары мен кеңсе тауарлары табысталды. Іс-шараның мақсаты – балаларға қолдау көрсету, жаңа оқу жылына қажетті құралдармен қамтамасыз ету және әр балаға тең мүмкіндік жасау. |
| Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.09.2026 |
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Тамызда жалған және манипуляциялық 13 ақпарат тарады |
| Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы 2026 жылдың тамыз айында теріске шығарылған жалған ақпараттарға шолу дайындады, деп хабарлайды Elordainfo.kz орталққы сілтеме жасап. Тамыз айында Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жалған және манипуляциялық ақпарат таратқан 13 кейсті.Көп жағдайда толықтай ойдан шығарылған сюжеттер емес, нақты оқиғалар, шешімдер мен хабарламалар бұрмаланып ұсынылды. Жалған ақпаратты шынайы етіп көрсету үшін мемлекеттік органдардың атаулары, нормативтік құжаттар, танымал компаниялар және визуалды материалдар пайдаланылды. Азаматтардың күнделікті тұрмыс тіршілігіне тікелей қатысты тақырыптар белсенді түрде пайдаланылды. Олар: табыс пен салық, әлеуметтік төлемдер, білім беру, денсаулық сақтау, дербес деректердің қауіпсіздігі және мемлекеттік қызметтерді алу. 1. МЕМЛЕКЕТТІК ШЕШІМДЕРДІҢ «СЕНСАЦИЯҒА» АЙНАЛУЫ Каспий құбыр консорциумы (КҚК) мұнай тасымалдауды толықтай тоқтатты Фейк: жекелеген операци... |
| Толығырақ... Оқылды: 5 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.09.2026 |
Технологиялық ынтымақтастық қазақ-қытай қарым-қатынасының жаңа кезеңіндегі маңызды бағыттардың біріне айналуы мүмкін – Тоқаев |
| Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас қазіргі таңда бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілді. Астана Бейжіңмен мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті дәйекті түрде нығайтуға, оны жаңа мазмұнмен толықтырып, ынтымақтастыққа жаңа жол ашуға әзір. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Синьхуа агенттігіне берген жазбаша сұхбатында осылай деді. Президент Қытай мен Қазақстанды ортақ шекара мен сан ғасырлық тату көршілік тарихы байланыстыратынын атап өтті. «Қазақ халқы «Жолы бірдің – жүгі бір» дейді. Екі ел арасындағы дәл осындай қарым-қатынас халықтарымыздың түпкі мүдделеріне сай келеді әрі бүкіл Еуразия кеңістігіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды фактор саналады», – деді ол. «Стратегиялық серіктестігіміздің шын мәнінде жан-жақты сипат алғанын ерекше атап өткім келеді. Ол сауда, инвестиция, энергетика мен көліктен бастап, өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, медицина, ғылым, б... |
| Толығырақ... Оқылды: 4 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.09.2026 |
Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті |
| ✔️ШЫҰ мерейтойлық саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің кездесуі өтті. ✔️Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық қарқынды сипат алғанына назар аударды. ✔️Владимир Путин Мемлекет басшысын Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Оның айтуынша, дауыс беру нәтижесі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды одан әрі дамытуға, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, экономиканы ілгерілетуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға байланысты көптеген мәселені шешуге бағытталған стратегиялық бағдары кеңінен қолдау тапқанын растайды. ✔️Қазақстан Президенті құттықтауы үшін Ресей басшысына ризашылығын білдіріп, конституциялық реформа аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде әңгімеледі. – Қазақстанды жаңғырту үдерісі ұлттық мүддемізге сай жалғаса береді. Аты бар, заты жоқ реформалар жүргізуге мүлдем болмайды. Біз мұны жақсы түсінем... |
| Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.09.2026 |
Қазақстанда 4,1 млн-нан астам оқушы жаңа оқу жылын бастайды |
| Бүгінде елімізде 8 048 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Бұл 2024-2025 оқу жылындағы 7 920 мектеппен салыстырғанда 1,6%-ға көп. Білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстанда жалпы сыйымдылығы 18 090 оқушыға арналған 32 жалпы білім беретін мектеп, сондай-ақ 4 207 орынға арналған 32 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді. Оның ішінде 14 мектеп пен 26 мектепке дейінгі ұйым ауылдық жерлерде орналасқан. Есепті кезеңде жалпы білім беретін мектептердің ең көп саны Түркістан және Атырау облыстарында – бес мектептен пайдалануға берілді. Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстарында үш мектептен, Жамбыл облысында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында екі мектептен пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында 9 оқу орталығы пайдалануға берілді. Оның 3-еуі Қызылорда облысында, 2-еуі Шымкент қаласында, 2-еуі Атырау облысында, 1-еуден Алматы және Жамбыл облыстарында орналасқан. Алматы қаласы... |
| Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.08.2026 |
Абай облысында үш теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды |
| Абай облысында Үшбиік, Шар және Жарма станцияларындағы теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысандарды жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан еліміздегі теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді. Вокзалдарды қайта жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, жолаушылар мен теміржол қызметкерлері үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдайлар жасауға, сондай-ақ заманауи талаптарды ескере отырып, теміржол инфрақұрылымы нысандарын жаңартуға бағытталған. 1980 жылы салынған Үшбиік станциясының теміржол вокзалы 2-санатты вокзалдарға жатады. Қайта жаңғырту аясында сумен жабдықтау және кәріз жүйелерінің сыртқы инженерлік желілерін жүргізу, қосымша құрылыс салу, ғимараттың сырты мен ішін әрлеу, ішкі инженерлік коммуникацияларды жаңарту және перронды абаттандыру жұмыстары орындалды. Станция арқылы Семей, Қызылорда, Алматы, Өскемен, Ақтоғай, Шу, Тараз, Шымкент, Түркістан, Павлодар және Қарағанды қалаларымен, сондай-ақ... |
| Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.08.2026 |
«Құқықтық дәріхана» – халыққа құқықтық көмек көрсету алаңы |
| Көксу ауданының Балпық би ауылында халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді. Іс-шараға аудан прокуратурасының өкілдері, аудандық полиция бөлімінің басшылығы, ауданның әр саласына жауапты мекеме басшылары, сондай-ақ «Отбасы банк» мамандары қатысты. Акция барысында тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, олардың сауалдарына тиісті жауаптар ұсынылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша жан-жақты құқықтық көмек көрсету. |
| Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.08.2026 |
Жаңбырлатып суарудың тиімділігі |
| Су үнемдеу технологияларын енгізу облыста кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бекітілген жоспарға сәйкес 2030 жылға дейін аталған технологиялармен қамтылған егіс алқабының көлемі 175,2 мың гектарға жеткізіледі. Биылғы жоспар 79,2 мың гектар болса, оның ішінде 43 мың гектарға тамшылатып суару, 36,2 мың гектарға жаңбырлатып суару жүйесін енгізу көзделген. Соңғы бірнеше жылдың нәтижесі бұл бағыттағы жұмыстың қарқын алғанын көрсетеді. Егер 2023 жылы су үнемдеу технологиялары небәрі 9,3 мың гектар болса, бүгінде оның көлемі 43,1 мың гектарға жетіп, төрт жарым еседен астам өсті. Қазіргі таңда бұл облыстағы жалпы суармалы егістік көлемінің 20,5 пайызын құрайды. Өткен жылы аймақта 33,7 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиясы қолданылып, жоспар 61 пайызға орындалды. Ал биыл 33 шаруашылық 9,4 мың гектар жерге жаңа суару жүйесін орнатты. Оның 3,6 мың гектары тамшылатып, 5,7 мың гектары жаңбырлатып суару әдісіне тиесілі. Мемлекет тарапынан да бұл бағыттағы қолдау жыл сайын артып келеді.... |
| Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.08.2026 |
Жетісуда робот сот орындаушы 29 млн теңге үнемдеуге көмектесті |
| Қазақстан Республикасында атқарушылық өндіріс саласын цифрландыру және азаматтардың құқығын қорғау тетіктерін жетілдіру бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Бүгінде заманауи технологиялар мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, тұрғындардың қаржылық жүктемесін едәуір азайтуға мүмкіндік беруде. Осы орайда, Жетісу облысы Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп, өңірдегі атқарушылық өндіріс саласындағы жаңашылдық пен атқарылған жұмыс нәтижелері баяндалды. Жетісу облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Кұнақбаева жобаның негізгі мақсаты мен жүзеге асырылу барысына кеңінен тоқталды. Баршаға мәлім болғандай, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлеген «Сот орындаушысы роботы» немесе «Цифрлық сот орындаушысы» жобасы 2024 жылғы 20 тамыздан бастап ел аумағында ресми түрде іске қосылды. Цифрлық сот орындаушысы азаматтарға жеке сот орындаушыларының айыппұл сомасының 3%-дан 25%-ға дейінгі м... |
| Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.08.2026 |
