Жаңалықтар
Открытие юбилейной ретроспективной персональной выставки Батимы Есмуратовны Заурбековой «Нити наследия», посвящённой 80-летию художницы |
| 25 сентября 2026 года в 16.00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится открытие юбилейной ретроспективной персональной выставки Батимы Есмуратовны Заурбековой «Нити наследия», посвящённой 80-летию художницы Имя Батимы Заурбековой занимает особое место в истории отечественного декоративно-прикладного искусства – кавалер ордена «Отан», заслуженный деятель культуры Республики Казахстана, лауреат Государственной премии имени Чокана Валиханова, член Союза художников РК, она стояла у самых истоков «Эры гобелена» в Казахстане. Именно её поколение сформировало профессиональную школу казахского гобелена. За более чем полвека творческой деятельности художницей создано несколько сотен произведений, многие из которых стали классикой казахстанского искусства. В своих произведениях Батима Есмуратовна обращается к национальной культуре, традиционному укладу жизни и истории казахского народа. Центральное место... |
| Толығырақ... Оқылды: 5 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.09.2026 |
Жетісудағы өрт қауіпсіздігі: мұқтаж отбасылардың үйлеріне 2,5 мыңға жуық датчик орнатылды |
| Өңірде тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігін күшейту жұмыстары жалғасуда. Әсіресе әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға ерекше көңіл бөлініп, олардың үйлеріне түтін мен газды анықтайтын датчиктер орнатылуда. Бұл құрылғылар қауіпті жағдайды ерте анықтап, дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді. 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымында ТЖД қызметкерлері полиция және еріктілермен бірлесіп, 131 мың үйді тексерді. Алдын алу шаралары аясында мұқтаж отбасылардың үйлеріне 2 463 түтін және газ датчигі орнатылды. Профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде өткен жылыту маусымында өңірдегі өрт саны 26%-ға, ал қаза тапқандар саны 35,7%-ға азайған. Қазір облыста жаңа жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. 15 тамыздан 1 қазанға дейін «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өтуде. Оның аясында профилактикалық рейдтер ұйымдастырылып, тұрғын үйлер тексеріліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға атаулы көмек көрсетілуде. Сонымен қатар мұқтаж отбасыларға газ талдағыштарды тегін орнат... |
| Толығырақ... Оқылды: 7 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.09.2026 |
Жетісуда тұмауға қарсы екпе науқаны басталады: 80 мың доза дайын |
| Қазақстанда тұмау, ЖРВИ және COVID-19 инфекцияларының жаңа эпидемиялық маусымына дайындық жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Осы ретте Жетісу облысында тұмауға қарсы 80 мың доза вакцина сатып алынды. Өңірде 15 қыркүйектен бастап халықты иммундау науқаны ресми түрде басталады. Тұрғындар өздері тіркелген емханаларда ресейлік «Гриппол+» препаратын тегін ала алады. Вакцинациялау науқаны қараша айының соңына дейін жалғасады. Екпе ең алдымен вирус жұқтыру қаупі жоғары азаматтарға салынады. Мұндай тәуекел тобына созылмалы ауруы бар адамдар, мектеп оқушылары, жүкті әйелдер, қарттар мен ерте жастағы балалар кіреді. Сонымен қатар жабық мекемелер мен арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарда тұратын азаматтар да міндетті түрде қамтылады. Айта кетейік, өткен 2025-2026 жылдардың эпидемиялық маусымында Жетісу облысында ЖРВИ-дің 180 мыңға жуық жағдайы тіркелген болатын. Ал зертханалық сараптамалар нәтижесінде тұмаудың 220 жағдайы дәлелденсе, оның 219-ы H3N2 штаммына, 1-еуі В тұмауы... |
| Толығырақ... Оқылды: 7 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.09.2026 |
Жетісуда әлеуметтік көмек: 282 мыңнан астам тұрғын мемлекеттік қолдау алады |
| Жетісу облысында халықты әлеуметтік қолдау жұмыстары жалғасуда. 2026 жылдың сегіз айында өңір тұрғындарына 30,4 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетіліп, мүгедектігі бар азаматтарды оңалту көрсеткіштері де жақсарған. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің мәліметінше, өңірде әлеуметтік төлемдер алушылардың саны 282 мыңнан асады. Оларға ай сайын жалпы сомасы 20,4 млрд теңгеден астам қаражат бағытталады. Бүгінде әлеуметтік төлем алушылардың қатарында 98,2 мың жасына байланысты зейнеткер бар. Сонымен бірге 22,2 мың көпбалалы отбасы мемлекеттік қолдаумен қамтылған. Оларға ай сайын 1,7 млрд теңгеден астам қаражат төленеді. Мүгедектігі бойынша жәрдемақыны 18,8 мың адам, ал асыраушысынан айырылуына байланысты төлемдерді 7,7 мың тұрғын алады. Жыл басынан бері облыста 30,4 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның шамамен 25 мыңы әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қатысты болса, 5,4 мыңы медициналық-әлеуметтік... |
| Толығырақ... Оқылды: 7 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.09.2026 |
Жетісуда әскерге шақырылушыларға оқуына байланысты жеңілдік беріледі |
| 1 қыркүйектен бастап елімізде күзгі әскерге шақыру кезеңі басталды. Науқан 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Облыстан Отан алдындағы борышын өтеуге 900-ге жуық азаматты жіберу жоспарланған. Әскерге шақыру жоспары 2026 жылғы көктемгі науқанмен салыстырғанда 15 пайызға артты. 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар ҚР Қарулы Күштеріне – 470 адам, Ұлттық гвардияға – 270 адам, ҰҚК Шекара қызметіне – 130 адам және Мемлекеттік күзет қызметіне – 11 адам аттанады. Жоспарланған межеге толық әрі сапалы жету үшін жергілікті атқарушы органдар мен әскери басқару бөлімшелері ұйымдастыру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Қазіргі уақытта облыс бойынша әскери есепте тұрған 24 мыңнан астам азаматтың ішінен шақыруға жататын 6035 азамат анықталып, тиісті зерделеу шаралары басталды. Сондай-ақ, хабарландыру және есепке алу процестерін одан әрі оңтайландыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Азаматтарды ақпараттандыру мақсатында «ePovestka» жүйесі енгізіліп, СМС-хабарламала... |
| Толығырақ... Оқылды: 6 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.09.2026 |
15 қыркүйекке дейін декларация тапсыру: Жетісу облысының тұрғындары нені білуі керек |
| Қазақстанда кірістер мен мүлікті декларациялау науқаны жалғасуда. Салық төлеушілер үшін негізгі мерзімдердің бірі – 2026 жылдың 15 қыркүйегі. Атап айтқанда, 2025 жылы жұмыс беруші арқылы өзге де салықтық шегерімдерді қолданған азаматтар 270.00 нысанын ұсынуы тиіс. Шығындар тиісті құжаттармен расталуы қажет. Бір жылдағы өзге де шегерімдердің ең жоғары мөлшері 282 АЕК-ті құрайды. Жеке тұлғалар үшін есептіліктің екі нысаны көзделген: 250.00 нысаны – активтер мен міндеттемелер туралы декларация, ал 270.00 нысаны – кірістер мен мүлік туралы декларация. Биыл 250.00 нысанын азаматтардың жекелеген санаттары, жеке практикамен айналысатын тұлғалар, сондай-ақ заңнамада белгіленген шарттарға сәйкес шетелде белгілі бір активтері – жылжымайтын мүлкі, көлік құралдары, бағалы қағаздары, инвестициялық алтыны, шетелдік компаниялардағы үлесі, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуы бар ҚР азаматтары мен резиденттері. 270.00 нысанын салықтық шегерімдерді қолданған тұлғалардан ба... |
| Толығырақ... Оқылды: 5 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.09.2026 |
Интернет-алаяқтықтан зардап шеккендерге 145 млн теңге қайтарылды |
| 2026 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша Жетісу облысында 289 интернет-алаяқтық қылмыстары тіркелді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 14,5%-ға төмендеді. Алаяқтық қылмыстардың жалпы материалдық зиянының 145 млн-ға жуығы жәбірленушілерге кері қайтарылған. Бұл жаңадан қолданысқа шыққан ANTIFROD бағдарламасының арқасында. Платформа қаражаттың қай есепшоттан аударылып, қай есепшотқа түскенін анықтайды. Бұл алаяқтарды жылдам әрі кедергісіз табуға және қаржыны кері қайтарып алуға мүмкіндік береді. Полиция қызметкерлері оңай ақша табу жолдарын ұсынатын компанияларға сенбеуге; жеке деректеріңізді, код және банк картасы деректерін ешкімге жарияламауды ұсына отырарақ, сақ болуға шақыруда. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында көп кездесетін буллинг құқықбұзушылығы мектептерде жиі кездеседі. Жаңа оқу жылының басталуымен, полиция органдары, ата-аналарды балаларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырады. Кездесу барысында сталкинг және сваттинг құқықбұзушылықтарына да ерекше кө... |
| Толығырақ... Оқылды: 6 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.09.2026 |
Жетісу мектептері жаңа оқу жылына дайын: анықталған бұзушылықтардың 95%-ы жойылды |
| Облыста 2026-2027 оқу жылына дайындық барысын бағалау бойынша санитариялық мониторинг аяқталды. Мониторинг барысында аумақтық бөлімшелердің мамандары 312 мектепті, 286 мектеп асханасын және 9 мектеп-интернатты қамтыды. Тексеру нәтижесінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың жекелеген бұзушылықтары анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты басшыларға оларды белгіленген мерзімде жою жөнінде тиісті нұсқамалар берілді. Бүгінде анықталған бұзушылықтардың 95% жойылды. Қалған нұсқамалардың орындалуы жауапты мамандардың тұрақты бақылауында. Жалпы, облыстың білім беру ұйымдары жаңа оқу жылын бастауға толық дайын. Мектептерде санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оқушыларға қолайлы жағдай жасауға және оқу процесінің үздіксіз ұйымдастырылуына бағытталған қажетті дайындық жұмыстары жүргізілді. Осылайша, жаңа оқу жылына дайындық бойынша негізгі іс-шаралар аяқталды. Мониторинг барысында анықталған қалған кемшіліктерді толық жою жұмыстары жалғасуда және бұл бағыттағы жұмыст... |
| Толығырақ... Оқылды: 4 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.09.2026 |
QAIRU бірінші оқу жылын бастады: конкурс, суперкомпьютер және халықаралық серіктестік туралы тікелей сөз |
| Астана, 2026 жылғы 3 қыркүйек.Astana Hub алаңында Qazaq AI Research University (QAIRU) — Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша жасанды интеллект міндеттеріне арналып құрылған, Орталық Азиядағы алғашқы университет — өзінің бірінші оқу жылы басталған күні баспасөз мәслихатын өткізді. Бүгін қатыса алмағандар үшін — университет басшылығы мен министрліктер өкілдерімен болған әңгімеден ең нақтысы. Неге ескі университетті қайта құрмай, жаңасын салды «Барлық процесі — білім беруден әкімшілікке дейін — ИИ негізінде құрылған осындай университеттер әлемде саусақпен санарлық. Сондықтан біздің міндетіміз бар университетті қайта форматтау емес, нөлден эксперимент өткізу болды: Northeastern University тәжірибесі қалыптасқан профессорлық құрамның ойлау жүйесін қайта құру бір жылдың ісі емес екенін көрсетті. Сонымен қатар жуырда ғана БАӘ-дегі Mohamed bin Zayed University of Artificial Intelligence ректорымен келіссөз жүргіздік — ол біздің командамызғ... |
| Толығырақ... Оқылды: 5 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.09.2026 |
«Заң мен тәртіп»: Жетісуда Білім күнінде төрт бірдей «Жас сақшы» жас сарбаздар сыныбы ашылды |
| Жетісу облысының мектептерінде Білім күні «Жас сақшы» жас сарбаздар сыныптары ашылды. «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, патриоттық сезімі мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ жастардың құқық қорғау органдарындағы қызметке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған, –деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Білім күні «Жас сақшы» сыныптары Ескелді ауданы Елтай ауылындағы С. Сейфуллин атындағы орта мектепте, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылындағы Күреңбел қазақ орта мектебінде, Қаратал ауданы Достық ауылындағы Б. Римова атындағы мектеп-гимназияда және Көксу ауданы Жамбыл ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектепте ашылды. Күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілген С. Сейфуллин атындағы мектепте мамандандырылған сыныптың салтанатты ашылуына облыстық Полиция департаментінің бастығы, генера... |
| Толығырақ... Оқылды: 6 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.09.2026 |
