Бүгін мен баршаңызды Ақорданың төрінде көргеніме ризамын. Ең алдымен сіздерге жарқын жеңістеріңіз құтты болсын деймін. Әрқайсыңыз әлемнің ең зияткер оқушыларымен бәсекеге түсіп, беделді білім додаларында топ жардыңыздар. Көк Туымызды биікке көтеріп, еліміздің абырой-беделін арттыруға мол үлес қосып жүрсіздер! Біз сіздерді мақтан тұтамыз. Қазақстанның жарқын болашағы – ойы ұшқыр, білімді, дарынды жастардың қолында! Мен Мемлекет басшысы ретінде бәріңізге зор ризашылығымды білдіремін. Сіздер ел мақтанышы деген атқа лайықсыздар!
ӘЛЕУМЕТ
«Қазақстанның жаңа дәуірі ғылыми олимпиадалардың жас жеңімпаздарын ұлықтаудан басталады»
| Санат: ӘЛЕУМЕТ | |
| Уақыты: 24.08.2026 | |
| Оқылды: 6 | Печать страницы |
