ЖАҢАЛЫҚТАР

КӨКТЕМНІҢ БАСЫ-КӨРІСУ

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА КҮН МЕН ТҮН ТЕҢЕЛІП, ЖЕР ЖАҢАРЫП, КӨКТЕМНІҢ КЕЛГЕНІН, ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ ЛЕБІН АЙҚЫН СЕЗДІРЕТІН НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – ЕЛІМІЗДЕГІ БАСТЫ МЕЙРАМНЫҢ БІРІ. КСРО ДӘУІРІНДЕ, ЯҒНИ 1926 ЖЫЛДАН БАСТАП МЕРЕКЕЛЕНУІ ТОҚТАТЫЛҒАН НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ АРАҒА 62 ЖЫЛ САЛЫП, 1988 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЙТА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ. СОДАН БЕРІ ҮЗДІКСІЗ ТОЙЛАНЫП КЕЛЕТІН ХАЛЫҚТЫҚ МЕЙРАМҒА СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ «КӨРІСУ КҮНІ» НЕМЕСЕ «АМАЛ МЕРЕКЕСІ» АТТЫ ЖАҢА БІР МЕЙРАМ ҚОСЫЛДЫ. Жаңа деуіміздің сыры бұрын еліміздің батыс өңіріне ғана белгілі «Амал» соңғы жылдарда ғана жалпақ қазақ даласына қанатын кең жая бастады. Бірақ әлі күнге дейін «Амалды (Көрісу күнін)» бүкіл халық жете түсініп, толық қабылдап кетті деу қиын. Тойлағандар тойлайды, тойламағандар мән бермей жүр. Бұл наурыз туралы ұғым-түсінігіміздің әлі күнге толыққанды бір тоқтамға келмей жатқанының белгісі болса керек. Жалпы, қазақ халқы көшпенді халық болғандықтан мезгілдеріне қaрaй қонысын: көктеу, жaйлaу, күзеу...
Толығырақ... Оқылды: 68 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.03.2025

Жетісу облысында Көрісу күні – «Амал» мерекесіне мыңнан астам адам қатысты

Жетісу облысында Наурызнама онкүндігі бүгін Көрісу күні – «Амал» мерекесімен басталып, оған 1 мыңнан астам адам қатысты. Бұл ретте Талдықорғандағы Б.Римова театрының алаңында өткен іс-шараға 200-ге жуық адам қатысып, мерекеге жиналған қауымды облыс әкімінің атынан орынбасары Диас Есдәулетов құттықтады, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өнер ордасы алдындағы алаң ұлттық нақышта безендіріліп, Талдықорған театрының әртістері театрландырылған көрініс ұсынды. Көрініс барысында өмірге келген сәбиге ат қою рәсімі атқарылып, адамдардың бір-бірін құрметтеу салты көпшілікке паш етілді. Атап айтқанда, үлкендердің құшақтасып көрісуі, келіннің сәлем салуы, ақсақалдың бата беруі, балаға ат қою сияқты дәстүрлер дәріптелді. Бұдан әрі мерекелік шара Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Амал мерекесіне қатысқан ақсақалдардың бірі Серік Нұрхалық: - Бала кезімізде наурызда үлкендер жағы бір-біріме...
Толығырақ... Оқылды: 67 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.03.2025

Жетісу облысында жыл басынан отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты 200-ден астам шағым түскен

Оның 173-і Әкімшілік кодекстің 73 бабы бойынша отбасындағы құқыққа қарсы әрекет. Оның 31-і ұрып-соғу дерегі. Жыл сайын мұндай әрекеттер көбеюде. Цифрды азайту үшін отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелер құрылды. Елдің барлық өңірін қамтыған орталықтар саладағы жинақталған жүйелі проблемаларды жоюға жәрдемдеседі. Орталық тек зорлық-зомбылық құрбандарын қорғап қана қоймай, құқық бұзушыларды қайта әлеуметтендірумен айналысады. Бөлімшенің ерекшелігі – Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес мұнда барынша көбірек әйел қызметкерлер қызмет етеді. Бұл зардап шегушілердің әйел қызметкерлерге оқиғаның мән-жайын ұялмай ашып айтуына, яғни сенім факторына ықпал етеді. Осы тәсіл дәлелдерді бекітуге, жасалған әрекеттің бәрін нақты, уақтылы және егжей-тегжейлі анықтауға мүмкіндік береді. Бұл бастама – елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресті жүйелі түрде жүргізудің маңызды қадамы.
Толығырақ... Оқылды: 79 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 13.03.2025

Жетісуда бір жыл ішінде шекарадан 577 мың автомобиль өтті

Жетісу облысында көлік құралдарының шекара арқылы өтуін қатаң бақылау жалғасуда. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 2024 жылы «Алакөл» және «Нұр Жолы» кеден бекеттері арқылы 577 мың автокөлік құралы өткен. Аймақта 6 өткізу пункті бар, оның 5-і Қытаймен шекарада: – Автомобиль өткізу пункттері – «Алакөл», «Нұр Жолы», «Қорғас ХШЫО». – Теміржол өткізу пункттері – «Алтынкөл-жол», «Теміржол». – Ішкі өткізу пункті – Талдықорған қаласы. Кеден бекеттерінің өткізу қабілетін арттыру үшін бақылаудың жаңа технологиялары енгізілді. Атап айтқанда, «Нұр Жолы» өткізу пунктінде өздігінен жүретін және мамандандырылған техниканы қабылдау және ресімдеу рәсімі оңайлатылды – ол интеграцияланған бақылау жүйесінде тіркеусіз бірден уақытша сақтауға жіберіледі. 2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Қытайға жүк тасыма...
Толығырақ... Оқылды: 78 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 13.03.2025

Жетісу облысында 2 айда кәмелетке толмағандар арасында 966 құқық бұзушылық анықталды

Уақытша оқшаулау орталықтарына 24 бала жеткізілді, үш әке-шеше, ата-ана құқығынан айырылды. Жасөспірімдер жасаған 5 қылмыс және кәмелетке толмағандарға қатысты 15 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында спикер Қайсар Мұхметов мәлімдеді. Облыста құқық бұзушылықтың, буллингтің және есірткіге тәуелділіктің алдын алу бойынша белсенді түрде бағдарламалар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, «Қауіпсіз мектеп. Қауіпсіз орта» жобасы және «KIVA» антибуллинг бағдарламасы енгізілді. Мектептерде этика мен құқық мәселелері бойынша 108 ментор және 11 координатор жұмыс істейді. Сондай-ақ, мектептерде оқушылар мен ата-аналармен 300-ден астам дәріс пен кездесулер өткізілді. Облыстағы 8084 жасөспірімнің қатысуымен анонимді сауалнамалар ұйымдастырылды. Спикерлердің айтуынша, Буллинг фактілері анықталған жоқ.
Толығырақ... Оқылды: 76 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 13.03.2025

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Ыстық ұя» экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Жетісу облысында «Ыстық ұя» экологиялық акциясы өтті. Акцияның мақсаты – тұмса табиғатты қорғау мен экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығына халықтың назарын аудару, сондай-ақ жергілікті құстарға қолайлы орта жасау. Іс-шара барысында қатысушылар ұя жасап, оларды жасыл аймақтарда, саябақтарда және құстардың ұя салуына қолайсыз жерлерге орнатты. Акция аясында білім беру дәрістері мен шеберлік сыныптары өткізіліп, ол халықтың, әсіресе жастардың, экожүйені қорғау мен құстардың маңыздылығы туралы экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталды. «Таза Қазақстан» жобасы аясында елімізде экологиялық мәдениетті дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғат тазалығын сақтау идеяларын насихаттау жалғастырылуда. «Ыстық ұя» экологиялық акциясы аймақта тұмса табиғатты қорғау мәселелерін шешуде маңызды қадам болып отыр. «Ыстық ұя» экологиялық акциясы айма...
Толығырақ... Оқылды: 155 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.03.2025

Жетісу жеріндегі туризм Алакөл, Балқаш көлдерінің, "Алтынемел", "Жоңғар Алатауы" ұлттық парктерінің, Бұрқанбұлақ сарқырамасының, Жоңғар Алатауы тау сілемдерінің әлеуетіне басымдық береді

Жетісу жеріндегі туризмді дамыту су, экология және тау туризмдеріне арқа сүйейді, яғни 5 дестинацияға негізделген. Атап айтқанда, олар – Алакөл, Балқаш көлдері, «Жоңғар Алатауы» мен «Алтынемел» Ұлттық парктері және тау туризмі. Инфрақұрылымды дамыту бағытында қабылданған шаралардың арқасында өткен жылы өңірдің туристік нысандарына 2 миллионнан астам адам келді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға артық. Ал өңірдің туризм саласына тартылған инвестициялар көлемі шамамен 12 млрд. теңгеге жетті, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, өңірде туризмді дамыту мақсатында туристік объектілерге апаратын жолдар мен инженерлік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, бірінші кезекте Алакөл көліне көлікпен жетуге қолайлы жағдай жасалған. Атап айтқанда, «Талдықорған – Үшарал» (313,5 км) және «Үшарал –...
Толығырақ... Оқылды: 151 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.03.2025

Биыл Жетісуда спортты дамытуға 21,8 млрд теңге бөлінеді

Жетісу облысында спорттық инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Өңірде дене шынықтыру және спортпен айналысуға арналған 1099 спорт нысаны жұмыс істейді. 2025 жылы бұл салаға 21,8 млрд теңге бөліну жоспарланған. Облыста әртүрлі елді мекендерде орналасқан 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істейді: • Жансүгіров ауылы (Ақсу ауданы); • Үшарал қаласы және Достық ауылы (Алакөл ауданы); • Қарабұлақ ауылы (Ескелді ауданы); • Балпық Би ауылы (Көксу ауданы); • Жаркент және Текелі қалалары (Панфилов ауданы). Бұдан бөлек, Алакөл ауданының Лепсі ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 180 орындық жатақхана құрылысы жүргізілуде. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спортқа ерекше көңіл бөлінуде. Жетісу облысындағы «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық даярлау орталығында» 24 спорт түрі дамып жатыр. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, 1519 мүмкіндігі шектеулі адам спортпен айналысты, бұл медициналық қарсы көрсет...
Толығырақ... Оқылды: 146 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.03.2025

Жетісу облысында қаржы пирамидаларына қарсы күрес күшейтілді

Жетісу облысында қаржы пирамидаларына қарсы күрес аясында өткен жылы заңсыз қызмет атқарған төрт қаржы пирамидасының әрекеті әшкереленді. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Еркін Тюмелиев мәлімдеді. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, «Qnet», «Amanat Drive», «Elous», «Livegood» сияқты қаржы пирамидаларының заңсыз әрекеттері салдарынан 300-ге жуық азамат 306 миллион теңге шығынға ұшыраған. Жәбірленушілердің негізгі бөлігі – мұғалімдер мен үй шаруасындағы әйелдер. Сонымен қатар, биыл ақпан айында еліміздің барлық өңірінде ауқымды операция жүргізіліп, «Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды. Аталған ұйым тұрғын үй кооперативі ретінде жасырынып, азаматтарды жылжымайтын мүлік пен көлік сатып алуға инвестиция салуға шақырған. Ұйымдастырушылар ай сайын 30%-ға дейін пайда береміз деп уәде етіп, халықты алдап келген. Құқық қорғау органдарының жү...
Толығырақ... Оқылды: 149 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.03.2025

Көктемгі шақыру науқаны барысында 2000 мыңға жуық азамат әскерге шақырылады

1 наурыздан бастап елімізде мерзімді әскерге шақыру науқаны басталды, ол 29 маусымға дейін жалғасады. Жетісу облысында 18 бен 27 жас аралығындағы екі мыңға жуық азамат көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында мерзімді әскери қызметке жіберілмек. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскери құралымдарына – алдын ала наряд бойынша 963 адам жоспарда тұр. Атап айтсақ, Қарулы күштерге – 500 адамға жуық, Ұлттық Ұланға – 355 адам, ҰҚК шекара қызметіне – 100 сарбаз және ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне 10 азаматты шақыру жоспарланған. Әскерге шақырылатындарды хабардар ету жеке шақыру қағаздарын үйлеріне және қызметтік мекенжайларына жіберу арқылы жүзеге асырылады. Ал, әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату қызметтерін азаматтарға жергілікті атқарушы органдар «электрондық үкімет» порталы арқылы ақысыз көрсетіледі. Сайтта egov.kz барлық жергілікті әскери басқару органдарында бұл мәселені шешу кезінде басшылыққа алынатын жадынама...
Толығырақ... Оқылды: 158 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.03.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.