Көксу аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының сарбаздарымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасу болды.
Іс-шара барысында жастарға Қазақстан Республикасының заңнамалары, құқықтары мен міндеттері, қоғамдық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жастар саясатының негізгі бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі жан-жақты жауаптар алды. Ашық форматта өткен пікір алмасу жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заң талаптарын дұрыс түсінуге ықпал етті.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар жастарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық өмірге белсенді қатысуға және ел дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.
