ӘЛЕУМЕТ

Маңызы бар инфрақұрылымдық жоба

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпір – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жоба. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып, өңір тұрғындарының көпжылдық көлік қатынасы мәселесін түбегейлі шешті. Көпірдің ашылуы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, өңірдің экономикалық дамуына да үлкен серпін берді. Бұрынғыдай ұзақ айналма жол жүріп, уақыт пен қаражат жоғалтудың қажеттілігі жоқ. Енді көлік қатынасы үздіксіз әрі қауіпсіз болып, тауар айналымы мен кәсіпкерлік қызмет жандана түсті. Бұл – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадам. Жобаның жоғары инженерлік стандарттарға сай жүзеге асырылуы – еліміздің инфрақұрылымдық дамудағы жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын дәлелі. Бұқтырма көпірі – жай ғана көлік дәлізі емес, ол – қауіпсіздіктің, тиімділіктің және өңірлік дамудың символы. Осындай ауқымды жобалардың жүзеге асырылуы – еліміздің әлеуметтік-экономика...
Толығырақ... Оқылды: 103 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2025

Мерзімді баспасөз маңызды ақпарат көзі болып қала береді – Тоқаев

Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674 – Сұхбат бергеніңіз үшін ризашылық білдіремін. Бірақ айналып өте алмайтын тағы бір сұрағым бар. Сіз неге сұхбатты басқа ақпарат құралдарына емес, баспасөзге бергенді жөн көресіз? – Газет-журнал оқу – жас кезімнен қалыптасқан дағды. «Аna tili» газетін де тұрақты оқып тұрамын. Мен мәліметті телевидение, интернет, әлеуметтік желі сияқты сан алуан ақпарат көздерінен аламын. Бұдан бөлек, күн сайын түрлі мекемеден материалдар келіп түседі. Мен ақпарат кеңістігіндегі үрдістерді жіті қадағалап отырамын. Жазбаша мәтіндердің мән-маңызын төмендетуге болмайды. Мерзімді баспасөз бәрібір мемлекеттік саясаттан хабар беретін маңызды ақпарат көзі болып қала береді. Менің болмыс-бітімім талдау жасауға бейім. Сөйлейтін сөздерімнің, мәлімдемелерімнің, тіпті жолдайтын хаттарым мен жеделхаттарымның мәтінін де өзім мұқият қараймын. Мен редакциялағаннан ке...
Толығырақ... Оқылды: 195 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.01.2025

Президент: Қазақстан деген брендті әлемге таныту да – маңызды миссияның бірі

Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674 – Жастарымыздың білім қуып немесе жұмыс іздеп шетелге шығуына қалай қарайсыз? – Рас, бүгінде жастардың көбі білім алу немесе қызметте өсу үшін шетелге шыққысы келеді. Бұл – жаһандану үдерісінің бір ерекшелігі. Оған түсіністікпен қараған жөн. Біздің жастарымыз әлемдегі беделді университеттерде жақсы білім алып, тәжірибе жинап, дүниетаным көкжиегін кеңейте алады. Сондықтан мемлекет, әрине, шетелде оқуға кедергі жасамайды, керісінше, ондай бастамаларға қолдау көрсетеді. Халықаралық «Болашақ» стипендиясы баршаға белгілі. Жас ғалымдардың шетелдегі ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өтуіне жағдай жасалған. Бірқатар елмен студент алмасып тұрамыз. Жастардың кәсіби біліктілігін көтеру немесе көбірек табыс табу үшін шетелге шығуы қалыпты нәрсе деп ойлаймын. Олар үйреншікті мекенін тастап, өмірін күрт өзгертуден қорықпауы керек. Тіршілікке бейі...
Толығырақ... Оқылды: 155 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.01.2025

Қазақстан ядролық энергетикасы дамыған елге айналуы қажет – Тоқаев

Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674 – Сіз Атом энергетикасына қатысты референдум кезінде ақпарат құралдарының алдында сөз сөйлеп, атом электр стансасын салуға озық технологиясы бар шетел компаниялары тартылады дедіңіз. Халықаралық консорциум құрылатын болды. Үкімет қай компанияларға басымдық беретінін айқындады ма? – Владимир Путиннің Астанаға сапары кезінде бұл мәселе де талқыланды. Жобаға тапсырыс беруші ретінде Қазақстан жағы Консорциумда бас оператор болады деп уағдаластық. Атом стансаларын салуға байланысты шетелдерде тәжірибесі мол, білігі жоғары «Росатом» компаниясының жобаға қатысуы мүмкін екені айтылды. Сондай-ақ Қытайдың азаматтық мақсатта қолданылатын ядролық нысандар салу ісіндегі зор жетістіктері ескеріле отырып, осы елдің компаниясымен де келіссөз жүргізіліп жатыр. Жобаға басқа да мемлекеттердің, оның ішінде Батыс елдерінің корпорациялары қызығушылық танытып...
Толығырақ... Оқылды: 151 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.01.2025

Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге еш негіз жоқ – Тоқаев

Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674 – Елімізде мерзімінен бұрын парламент сайлауы бола ма? Бұл туралы қазір жиі айтыла бастады. – Мұндай болжамдар бар екенін білемін. Бұл ақпарат әдейі таратылып жатыр деп ойлаймын. Біздің елде жаңа Үкімет жұмысына кіріскен бетте оның отставкаға кететіні туралы әңгіме тарайды. Парламент туралы да дәл солай деуге болады. Мен Парламент депутаттары азаматтық және саяси жауапкершілік танытып, жақсы жұмыс істеп жатыр деп ойлаймын. Ал Үкімет – ауыс-түйіске бейім құрылым. Оның құрамында түрлі жағдайға, оның ішінде «Amanat» партиясының және Парламенттегі басқа да партиялардың ұстанымына байланысты өзгерістер болуы мүмкін. Меніңше, Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ. Сайлау заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес өтеді. Парламент өзіне тиесілі мерзім аясында қызметін атқаруға құлықты. Ал Үкімет бекітілген бағдарламала...
Толығырақ... Оқылды: 84 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.01.2025

Ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті ерекше бақылауда ұстап отырмын – Тоқаев

Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674 – Талғардағы қылмыстық оқиға ел ішінде үлкен дүрбелең тудырды. Жұртшылық Сіздің осы жағдайға қатысты пікіріңізді білгісі келеді. – Қайталап айтамын, елімізде «Заң мен тәртіп» қағидаты мызғымастай орнығуға тиіс. Мен Талғар оқиғасына дейін жариялаған Жолдауымда құқық қорғау органдарынан қылмыс пен қарақшылықтың тамырына балта шабуды талап еттім. Қаңтар оқиғасы кезіндегі жаппай тәртіпсіздікті қылмыстық топтар жасағанын естен шығармаған жөн. Мемлекет ұйымдасқан қылмыспен ымырасыз күрес жүргізуге шамасы жететінін соңғы екі жылда анық көрсетті. Аса қауіпті қылмыстық топтар әшкереленіп, құрықталып жатыр. Олардың сыбайластары мен қаржы көздері де анықталып отыр. Былтыр 246 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың 30 басшысы бар. Бұл жұмысты мен ерекше бақылауда ұстап ­отырмын. Талғардағы оқиға...
Толығырақ... Оқылды: 80 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.01.2025

Президент: Заң мен тәртіп – кемел демократияның тірегі

Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674 – Сіз «Заң мен тәртіп» қағидасы туралы жиі айтасыз. Кейбіреулер мұны қоғамға «қылбұрау салу» деп қабылдап жатыр. Бұған не айтар едіңіз? – «Заң мен тәртіп» қағидасы құқық қорғау саласына ғана арналған деп тұжырымдаған дұрыс болмайды. Мен бұл қағиданы тереңірек түсінемін. «Заң мен тәртіп» – мемлекеттік құрылыстың басты қағидаты. Бұл ретте жазалау шараларын қолдану арқылы қоғамға жаппай бақылау орнату туралы айтып отырған жоқпыз. «Заң мен тәртіп» қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі. «Заң мен тәртіпке» бағынбасақ, құқық нормаларына құрметпен қарамасақ, Әділетті Қазақстанды құрып, оны өркендеген мемлекет ете алмаймыз. Сондықтан біздің міндетіміз – бұл қағидатты еліміздің құндылықтар жүйесіне барынша кіріктіріп, халық болмысы...
Толығырақ... Оқылды: 79 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.01.2025

Қаңтардағы оқиғадан бәріміз зор сабақ алғанымыз сөзсіз – Тоқаев

Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674 – Биыл Қаңтар оқиғасына 3 жыл толды. Содан бері көп нәрсе айтылды. Өзіңіз де бұл мәселеге егжей-тегжейлі тоқталдыңыз. Оны былтырғы сұхбатта да тілге тиек еттіңіз. Осыған қатысты өткір сауалдарға қайта-қайта жауап беру оңай емес. Дегенмен бұл тақырыпты айналып өте алмаймыз. Ел ішінде «Қаңтар оқиғасының құпиясы толық ашылған жоқ» деген пікір бар. Бұған не айтар едіңіз? Ондай қасірет қайталанбауы үшін не істеу қажет? – Қаңтар оқиғасынан үш жыл өткенде азаматтарымыздың көпшілігі елімізде бұрын-соңды болмаған осы дүрбелең көпе-көрінеу әлеуметтік әділетсіздіктің, саяси тоқыраудың, сондай-ақ қаскөйлердің шектен тыс менмендігінің және олардың халық пен мемлекет тағдырына немқұрайлы қарауының кесірінен орын алғанына әбден көз жеткізді. Өкінішке қарай, бұл – әлем тарихы үшін қалыпты жағдай. Мұндай жайттар Қазақстандағы оқиғаға дейін де болған, кейін...
Толығырақ... Оқылды: 75 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.01.2025

Президент ұшақ апаты кезінде көмектескен әрбір жанға алғыс айтты

Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674 Желтоқсанның соңғы күндері Ақтау қаласында Әзербайжан әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. 38 адам қаза болды, оның ішінде еліміздің 6 азаматы бар. Ауыр жарақат алғандар да көп. Мұндай сәтте әрбір секунд қымбат. Құтқарушылар, дәрігерлер мен тәртіп сақшылары шұғыл әрі үйлесімді әрекет етті, кәсіби деңгейі мен азаматтық жауапкершілігі жоғары екенін көрсетті. Жақын жердегі Маңғыстау өңірлік электр торабы компаниясының жұмысшылары бірден көмекке келді. Төңіректегі тұрғындар да зардап шеккендерді құтқаруға атсалысты. Азаматтарымыздың жанқиярлығы арқасында барынша көбірек адамның өмірін сақтап қалдық. Мен құтқару жұмыстарына қатысқан әрбір адамға шын көңілден ризашылығымды білдіремін. Қазақ халқының апаттан зардап шеккендерге жанашырлығы мен тілеулестігі азаматтарымыздың жаппай қан тапсыруға асыққанынан да айқын байқалды. Ұшақ апатының себебін анықтау үшін Үкімет комиссия...
Толығырақ... Оқылды: 70 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.01.2025

Президент «Таза Қазақстан» акциясын идеологиялық платформа деп санайды

Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674 – Былтыр «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Игі бастама барлық өңірді қамтыды. Сіз «Таза Қазақстан» дегеніміз көше тазалаудан әлдеқайда ауқымды ұғым екенін атап өттіңіз. Осы бағыттағы жұмыс қалай жалғасады? – «Таза Қазақстан» акциясы қоғамға экологиялық мәдениеттің жаңа талаптарын енгізу идеясынан бастау алады. Халықтың бұл бастамаға барынша қолдау білдіргеніне тәнтімін. Әсіресе, жастарға ризашылығымды білдіргім келеді. Қазақстан азаматтары мұның кезекті бір науқан емес, озық ойлы қоғам қалыптастыру жолындағы идеологиялық платформа екенін түсінді. Біз, түптің түбінде, табиғаттың байлығына және күнделікті тұрмыс-тіршілігімізге немқұрайлы қарайтын жағымсыз әдеттен біржола арылуымыз қажет. Тазалықты сақтау және табиғатты аялау ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Өркениетті елдердің бәрі осыны...
Толығырақ... Оқылды: 88 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.01.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.