ӘЛЕУМЕТ

Құрылтай сайлауын бақылау үшін барлық жағдай жасалған – ШЫҰ бақылаушылары

Қазақстанда алғашқы Құрылтай сайлауы ойдағыдай өтіп жатыр. Бұл туралы елордада Халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу орталығындағы баспасөз мәслихатында Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының өкілі, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун мәлім етті. Оның айтуынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілдері Қазақстан Республикасының Құрылтайына депутаттарды сайлаудың дайындығына және оны өткізу барысын халықаралық деңгейде байқау үшін белсенді түрде қатысып жатыр. Айта кетейік, ШЫҰ өкілдері Қазақстанға 20 тамызда келіп, сайлау алдында дайындық жұмыстарын бағалау үшін түрлі сайлау учаскелеріне барған. – Бүгін таңертеңгі сағат 6:30-дан бастап біздің топ Астананың түрлі аудандарындағы бірнеше сайлау учаскесін аралады. Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзу дерегін байқаған жоқпыз және ешқандай шағым түскен жоқ. Дегенмен, процестің әлі де жалғасып жатқанын атап өткім келеді. Біздің команда сайлау процесін байқауды жалғастырада, сондықтан ертең осы жұмысты қорытындылаймыз....
Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026

ТМПА бақылаушылары: сайлауға жеті партияның қатысуының өзі – демократияның көрініс

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының халықаралық бақылаушылары Алматыдағы алты сайлау учаскесіне барды. Миссия өкілдері азаматтардың белсенділігін, дауыс беру үдерісінің ашықтығын, сайлау комиссиясы мүшелерінің жоғары деңгейдегі дайындығы мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға сайлауда жақсы жағдай жасалғанын атап өтті. Бақылаушылар барған учаскелерде заң бұзушылық тіркелмеген. Алматыда жұмыс істеген топтың құрамына Түркия, Әзербайжан мен Қырғызстан парламентінің өкілдері кірді. Олардың қатарында ТМПА-ның Құқықтық мәселелер мен халықаралық қатынас жөніндегі комиссиясының мүшесі, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты Филиз Кылыч; ТМПА-ның Білім, мәдениет, әлеуметтік және гуманитарлық мәселе жөніндегі комиссиясының мүшесі, Әзірбайжан Милли Мәжілісінің депутаты Хикмет Мамедов; ТМПА-ның Білім, мәдениет, әлеуметтік және гуманитарлық мәселе жөніндегі комиссиясының төрағасы міндетін атқарушы, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты Ұлықбек Карыбек уулу мен ТМПА Бас хатшысының...
Толығырақ... Оқылды: 6 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.
Толығырақ... Оқылды: 4 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026

ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының байқаушылары Құрылтай сайлауының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Парламенттік Ассамблеясының халықаралық байқаушылары Қазақстандағы Құрылтай алғашқы сайлауының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, сайлау комиссияларының дайындық деңгейін және азаматтардың белсенділігін ерекше атап өтті. Таңертең сайлау учаскелеріне барғаннан кейін миссия мүшелерінің дауыс беру барысына қатысты ешқандай ескертулері болған жоқ. ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі, Ресей Мемлекеттік Думасының Қорғаныс комитетінің төрағасы Андрей Картаполовтың айтуынша, миссия өкілдері таңертең бірнеше сайлау учаскесіне арнайы барған. Байқаушылар №192 учаскеде оның ашылу рәсіміне де қатысқан. Оның сөзінше, барған барлық учаскелер дауыс беруді өткізуге қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген. — Біз барған барлық учаскелердің ешқайсысын бөліп-жармай атап өткім келеді: ұйымдастыру деңгейі де, дайындық деңгейі де өте жоғары. Учаскелер сайлаудың заңнама талаптарына қатаң сәйкес өтуі үшін қа...
Толығырақ... Оқылды: 5 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026

«Соңғы 10 жылда елдегі ұрлық пен бұзақылық көрсеткіші бірнеше есе төмендеді»

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Әскери департаментінің басшысы Манарбек Ерназаров «Заң мен тәртіп» қағидатына арналған дискуссияға қатысты. Ол азаматтардың заң талаптарын сақтау мәдениеті туралы айтып, статистикалық мәліметтерді бөлісті.
Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026

Қытайдағы қазақстандықтар дауыс беруге белсенді қатысып жатыр

Дәл қазір әлемнің 61 елінде 79 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Соның ішінде Қытайдағы қазақстандықтардың дауыс беруге белсенділігі жоғары. Тілші Әйгерім Тұран Қытайдың Бейжің қаласынан тікелей байланысқа шықты. Оның айтуынша, бұл елде қазақстандық жастардың үлесі басым. Қазір Қытайда 6 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жүр. Бүкіл Қытай аумағында төрт сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Олар Бейжің, Гонконг, Сиань және Шанхай қалаларында орналасқан.
Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026

Грузиядан келген халықаралық байқаушы алғашқы Құрылтай сайлауының ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады

Грузия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Георгий Каландаришвили Қазақстандағы алғашқы Құрылтай сайлауында дауыс берудің ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады. Оның айтуынша, сайлау үдерісінің ұйымдастырылуынан алған алғашқы әсері «өте жағымды» болған. Грузиялық байқаушы комиссия мүшелерінің кәсібилігі мен даярлығына, сондай-ақ дауыс беру үдерісінің ұйымдастырылуына ерекше назар аударды. «Сайлауды өткізуге жауапты органның төрағасы ретінде мен бұл үдеріске, әрине, кәсіби тұрғыдан қараймын. Рәсімдердің қаншалықты нақты белгіленіп, дәйекті түрде сақталатынына, учаскелік комиссиялардың дайындығына, сайлаушылардың өз құқықтарын еркін әрі артық кедергілерсіз жүзеге асыра алуына, үдерістің қаншалықты ашық және ұйымдасқан түрде өтіп жатқанына ерекше назар аударамын», – деді Георгий Каландаришвили. Халықаралық байқаушы сайлау учаскесінің ашылуына қатысып, комиссияның жұмысқа дайын екенін атап өтті. Оның бағалауынша, барлық рәсім сақталып, азаматтардың дауыс б...
Толығырақ... Оқылды: 7 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026

❗️«Құрылтай сайлауы күні жалпыұлттық онлайн-марафон басталды»

Бүгін, 23 тамызда, ел тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтіп жатқан күні жалпыұлттық онлайн-марафон өз жұмысын бастады. Ауқымды медиажоба сайлау барысы туралы жан-жақты ақпарат беруге, сондай-ақ қоғамдық өмірдің өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған. Тікелей эфир сағат 09:00-де басталып, 00:30-ға дейін жалғасады. 16 сағат бойы көрермендерге сайлау процесінің барысы туралы жедел ақпарат, сарапшылардың пікірлері, тікелей қосылымдар, арнайы репортаждар мен түрлі форматтағы бағдарламалар ұсынылады. Марафонға қоғам қайраткерлері, белсенді азаматтар, түрлі саланың мамандары мен сарапшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер, спортшылар, сондай-ақ шығармашылық және креативті индустрия өкілдері қатысуда. Онлайн-марафонның мазмұны бірнеше арнайы алаңда ұсынылады. Негізгі сахнада қоғам үшін өзекті мәселелер талқыланып, спикерлер өз пікірлері мен ұстанымдарын білдіреді. Touch Screen интерактивті жүйесі арқылы көрермендерге Қазақстанның түрлі бағыттар бойынша...
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді Ол азаматтардың сайлауға қатысуы және азаматтық жауапкершілік танытуы аса маңызды екенін атап өтті.

Биылғы сайлау науқаны 2026 жылы 15 наурызда Конституция қабылданғаннан кейін алғаш рет өтіп жатыр. Конституциялық реформаға сәйкес, Қазақстан Парламенттің екі палаталы құрылымынан бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтайға өтті. Бүгін қазақстандықтар алғаш рет Құрылтай депутаттарын партиялық тізім бойынша сайлап жатыр.
Толығырақ... Оқылды: 5 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026

Токиодағы сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып біздің отандасымыз Әлішер Әзімбаев дауыс берді, ол қазақ қоғамындағы әділеттілік, заңдылық пен даналықтың символы - Би бейнесінде келді.

Цукуба университетінде "Мемлекеттік саясат" мамандығы бойынша оқитын Әлішер қазақ халқының тарихи дәстүрлерін Қазақстанның жас буынының заманауи ұмтылыстарымен символдық түрде ұштастырды. Ол Құрылтай тарихи тұрғыдан Ұлттық жиналыс болғанын, онда ел тағдырын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтті. "Менің ойымша, жаңадан құрылған Құрылтай бұл дәстүрді халықпен өзара іс — қимылда мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге арналған қазіргі заманғы саяси институт ретінде жалғастырады", - деп атап өтті ол.
Толығырақ... Оқылды: 6 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.