ӘЛЕУМЕТ
Құрметті отандастар, ардақты ағайын! |
| «Atamnyn Amanaty» Қоғамдық Бірлестігі – еліміздегі екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында хабар-ошарсыз кеткендерді іздеумен және архивтік, далалық зерттеулермен айналысатын бірден-бір ұйым. Біз соғыс жылдары жоғалып кеткендерді іздеу, жауынгерлік жолды анықтау бойынша өтініштерді қарқынды түрде қабылдаймыз. Соңғы уақыт ішінде бізге 12 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның ішінде 4500-ден астамы орындалды. Ай сайын орта есеппен 50-ге жуық өтінішті қарастырамыз. Егер сіз де соғыс жылдарында жоғалып кеткен туыстарыңызды іздесеңіз, төменде көрсетілген байланыс нөмірлері немесе арнайы құрылған сайт сілтемесі арқылы өтініш бере аласыз. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде парақшаларымыз бар – онда біз ұйымымыздың қызметі мен барлық іс-шараларымызды жариялап отырамыз. Жаңалықтардан хабардар болу үшін жазылуларыңызға болады. Барлық парақша сілтемелері төменде көрсетілген. Біздің ұйым ақысыз жұмыс істейді. Сіздердің батыр аталарымыз бен ағаларымыздың ерлігі ескеру... |
| Толығырақ... Оқылды: 3 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.08.2026 |
«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді |
| Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі қазақ гобелен өнерінің ұлттық мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық суретші Батима Заурбекованың туғанына 80 жыл толуына орайластырылған «Мұра жіптері» көрмесін ұсынады. Көрме 2026 жылғы 25 қыркүйек пен 8 қараша аралығында өтеді. Экспозицияға музей қорынан және суретшінің отбасылық мұрағатынан алынған 80-нен астам туынды: гобелендер, кескіндеме және графика жұмыстары қойылады. Гобелен – бейне бояумен емес, тоқыма станогында жіп арқылы жасалатын тоқылған кілем-картина. Қазақстанда бұл техника ХХ ғасырдың екінші жартысында ерекше дамыды. Сол кезеңде суретшілер кілем тоқу дәстүрі мен киіз ою-өрнегін бейнелеу өнерінің жаңа түрінің негізі ретінде қайта пайымдай бастады. Осылайша халықтық мотивтерді, ұлттық ою-өрнекті және заманауи кескіндеме тілін тоғыстырған қазақстандық гобелен мектебі қалыптасты. Бұл мектептің бастауында оның негізгі тұлғаларының бірі – Батима Заурбекова тұрды. Батима З... |
| Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.08.2026 |
«Қазақстанның жаңа дәуірі ғылыми олимпиадалардың жас жеңімпаздарын ұлықтаудан басталады» |
| Бүгін мен баршаңызды Ақорданың төрінде көргеніме ризамын. Ең алдымен сіздерге жарқын жеңістеріңіз құтты болсын деймін. Әрқайсыңыз әлемнің ең зияткер оқушыларымен бәсекеге түсіп, беделді білім додаларында топ жардыңыздар. Көк Туымызды биікке көтеріп, еліміздің абырой-беделін арттыруға мол үлес қосып жүрсіздер! Біз сіздерді мақтан тұтамыз. Қазақстанның жарқын болашағы – ойы ұшқыр, білімді, дарынды жастардың қолында! Мен Мемлекет басшысы ретінде бәріңізге зор ризашылығымды білдіремін. Сіздер ел мақтанышы деген атқа лайықсыздар! |
| Толығырақ... Оқылды: 7 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2026 |
ДИАҚБ рәсімдердің жариялылығы мен сайлау процесінің адал өтуін қамтамасыз ету шараларын атап өтті |
| Сайлау рәсімдерінің ашықтығы, ұлттық және халықаралық байқаушылардың сайлауды бақылауына жасалған мүмкіндік – ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) миссиясының Қазақстандағы сайлауды бақылау қорытындысында жеке атап өтілген бағыттардың бірі. Бұл туралы бүгін Құрылтай сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ ДИАҚБ халықаралық миссиясының баспасөз конференциясында мәлім болды. Миссия мүшелері Қазақстан заңнамасында сайлауға ұлттық та, халықаралық та байқау жүргізу мүмкіндігі қарастырылғанын атап өтті. Дауыс беру күні сайлау барысын бірқатар ұйымның өкілдері бақылап отырды. Бұл бүкіл сайлау науқаны барысында қолданылған жариялылықты қамтамасыз етудің өзге де тетіктерін толықтыра түсті. Орталық сайлау комиссиясы отырыстарын тұрақты түрде ашық өткізіп, оларды тікелей эфирде көрсетті. Қабылданған шешімдер ресми сайтта жедел жарияланып отырды. Қолданыстағы сайлау заңнамасы, оның ішінде соңғы енгізілген өзгерістердің басым бөлігі мен заңға тәуелді но... |
| Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2026 |
Кәсіби және уақытылы: ДИАҚБ-ның Қазақстандағы сайлаудың ұйымдастыру деңгейіне бағасын берді |
| Бүгін Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды бақылау жөніндегі халықаралық миссиясының баспасөз конференциясы өтті. Шара барысында халықаралық байқаушылар Қазақстандағы сайлауды ұйымдастырудың бірқатар бағытына жоғары баға берді. ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ бақылаушылар сайлауға техникалық дайындықтың кәсіби әрі уақытылы жүргізілгенін, комиссия мүшелерінің даярлығын, азаматтарға қажетті мәліметтің кеңінен таратылғанын және мүмкіндігі шектеулі сайлаушылардың дауыс беруіне жасалған мүмкіндіктерді оң бағалады. Сондай-ақ, миссия материалдарында Орталық сайлау комиссиясының сайлауға техникалық дайындықты заңда белгіленген мерзімде жүргізгені алға тартылды. Сонымен қатар, байқаушылар кадрларды даярлау мәселесіне де ерекше назар аударды. ДИАҚБ байқаушылары өздері қатысқан іс-шаралар аясында сайлау комиссиялары мүшелерін оқытудың жалпыұлттық каскадты бағдарламасына оң бағалады. Миссия өкілдерінің... |
| Толығырақ... Оқылды: 6 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2026 |
«Ел Дауысы» байқаушылары дауыс беру қорытындысына ықпал етуі мүмкін заң бұзушылықтарды тіркеген жоқ |
| «Ел Дауысы» қоғамдық қоры 2026 жылғы 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарын сайлаудағы дауыс беру барысына жүргізілген қоғамдық байқаудың қорытындысын шығарды. Сайлау күні қор атынан Қазақстанның 20 қаласында 582 өкіл жұмыс істеп, 457 сайлау учаскесі тұрақты байқаумен қамтылған. Қордың қалған өкілдері мобильді үйлестірушілер ретінде жергілікті жерлердегі байқаушылардың қызметін үйлестірді, ал қажет болған жағдайда жедел түрде учаскелерге барып, ақпараттың республикалық штабқа жеткізілуін қамтамасыз етті. Күні бойы қор байқаушылары дауыс беру барысын, белгіленген рәсімдердің сақталуын, байқаушылардың жұмыс істеуіне жасалған жағдайларды бақылап отырды. Ал сайлау учаскелері жабылғаннан кейін дауыстарды санау процесі мен қорытынды хаттамалардың рәсімделуін қадағалады. Қордың республикалық штабына ықтимал кемшіліктер мен даулы жағдайлар туралы 11-ге жуық хабарлама келіп түскен. Алдын ала тексеруден кейін бастапқы қорытынды жасалған сәтте олардың тек үшеуі расталған. Оның еке... |
| Толығырақ... Оқылды: 7 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2026 |
ТМҰ миссиясы Құрылтай сайлауының халықаралық талаптарға сай өткенін мәлімдеді |
| Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) халықаралық бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына жоғары баға берді. Миссияның қорытындысына сәйкес, дауыс беру ел заңнамасы мен халықаралық талаптарға сай өткен. Бұл туралы Халықаралық бақылаушыларға қолдау көрсету орталығындағы брифингте ТМҰ делегациясының басшысы, ұйым Бас хатшысының орынбасары Нуру Гулиев мәлімдеді. Миссия Қазақстанда жаңа бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтайдың жасақталуы мен оның алғашқы сайлауын оң бағалады. ТМҰ бақылаушыларының айтуынша, бұл – Қазақстандағы саяси институттарды жетілдіру жолындағы елеулі қадам болып отыр. Бақылаушылардың пікірінше, Құрылтайдың алғашқы сайлауы азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді түрде араласуына мүмкіндік беріп, жаңа өкілді органға деген сенімді арттырады. Дауыс беру күні миссия мүшелері екі топқа бөлініп, Астанадағы №194 және №228 сайлау учаскесінің ашылуын қадағалаған. Олардың мәліметінше, қос учаске де өз жұмысын Қазақстанның сайлау... |
| Толығырақ... Оқылды: 7 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2026 |
ТүркПА миссиясы Қазақстандағы сайлаудың ашықтығын және дауыс беруге барлық жағдай жасалғанын атап өтті |
| ТүркПА халықаралық бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауы бірқалыпты әрі ұйымдасқан жағдайда өткенін мәлімдеді. Бақылаушылар сайлау барысының ашықтығын, барлық санаттағы азаматтардың дауыс беруге жасалған жағдайды және жастардың белсенділігін ерекше атап өтті. Сайлауды бақылау қорытындысын Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы (ТМПА) миссиясының басшысы Осман Местен таныстырды. Оның айтуынша, миссия мүшелері Қазақстанның сайлау заңнамасы мен оған енгізілген өзгерістерді, сайлаушылар мен кандидаттарды тіркеу тәртібін, сайлауалды науқанның өту барысын, сондай-ақ сайлауды бақылауды ұйымдастыру тәртібін зерделеген. Осман Местен биылғы сайлау науқанының елдің саяси даму жолындағы айрықша маңызына да тоқталды. 23 тамызда өткен сайлау Қазақстан бір палаталы Құрылтай жүйесіне көшкеннен кейінгі алғашқы парламенттік сайлау болды. «Миссия сайлау органдарының науқанға дайындығын және оны өткізу жұмыстарын, соның ішінде сайлауды қамтамасыз ететін азаматт... |
| Толығырақ... Оқылды: 7 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2026 |
Шетелдік сарапшылар Құрылтай сайлауындағы сайлаушылар белсенділігін маңызды көрсеткіш деп атады |
| Халықаралық байқаушылар мен сарапшылар Қазақстанда өткен Құрылтай депутаттарының сайлауына, сайлаушылардың белсенділігіне және жаңа парламенттік модельдің перспективаларына оң баға берді. Польшаның KontrolerINFO басылымының бас редакторы Анджей Казимерский сайлаушылардың белсенділігін демократиялық үдерістердің даму көрсеткіші деп атады. Оның айтуынша, азаматтардың дауыс беруге қатысу туралы шешімді өз бетінше қабылдауы маңызды. «75% азаматтардың дауыс беруі – еуропалық нәтиже. Бұл демократияның дамып келе жатқанын көрсетеді. Қазір адамдар дауыс беруге міндет болғандықтан емес, өздері қалағандықтан келді», – деді Казимерский. Ол сондай-ақ сайлаушылармен сөйлесіп, олардың сайлау учаскелеріне не үшін келгенін және сайлау қорытындысынан не күтетінін сұрағанын айтты. Оның сөзінше, қазақстандықтар өз үміттерін өмір сүру сапасын жақсартумен және елдің одан әрі дамуымен байланыстырады. Арменияның Тұрақты даму және мемлекеттік басқару институтының жетекшісі Геворг М... |
| Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2026 |
Құрылтай сайлауы ашық әрі бәсекеге толы өтті – ТМД миссиясының халықаралық байқаушылары |
| ТМД байқаушылар миссиясы Қазақстанда өткен Құрылтай депутаттарының сайлауына қорытынды бағасын берді. Байқау нәтижесі бойынша ТМД миссиясы дауыс беру нәтижесіне әсер етуі ықтимал заң бұзушылықтарды анықталмағаны белгілі болды. Халықаралық байқаушылар сайлауды әділ, бәсекеге толы әрі ашық өтті деп бағалады. Дауыс беру күні Миссия өкілдері Қазақстанның 14 өңіріндегі 900-ден астам сайлау учаскесінде болған. Миссия басшысы, ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Игорь Петришенконың айтуынша, дауыс беру ұйымдасқан түрде, тыныш әрі қолайлы жағдайда өтті, ал дауыстарды санау рәсімі сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізілді. «Сайлау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін заң бұзушылықтар анықталған жоқ», – деді Игорь Петришенко. Оның айтуынша, сайлауды әзірлеу және өткізу кезеңінде сайлау заңнамасының ықтимал бұзушылықтарына жедел ден қою және қабылданып жатқан шаралар туралы азаматтарды хабардар ету үшін қажетті жағдайлар жасалған. Бақылаушылара келіп түскен шағымдар мен өт... |
| Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2026 |
