ӘЛЕУМЕТ

«Сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне күмән келтіретін заң бұзушылықтар болған жоқ» – «ДАУЫС» коалициясы

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан астам байқаушысы жұмыс істеген. Коалиция төрағасы Төлеген Күнәділовтің айтуынша, сайлау процесі жалпы алғанда тыныш жағдайда өткен. Учаскелердің басым бөлігінде белгіленген рәсімдер сақталып, сайлау комиссиялары мен қоғамдық байқаушылардың өзара жұмысы талапқа сай жүргізілген. «Жүйелі дайындық қоғамдық байқауға бірыңғай кәсіби көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді. Байқаушылар өз өкілеттіктерін түсініп, учаскелердегі ахуалды объективті түрде тіркей алды. Ерекше назар аударуды қажет ететін немесе осы науқанның әділ әрі ашық өтуіне күмән келтіретін заң бұзушылықтар болған жоқ», – деді Төлеген Күнәділов. Байқаушылар күн бойы сайлаушылардың тұрақты легін тіркеген. Коалиция өкілдері дауыс беруге жастардың белсенді қатысқанын ерекше атап өтті. «Сайлаушылар арасында жастардың кө...
Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2026

Қазақстандықтардың 22,8 млрд теңге айыппұлы кешірілді

Қазақстанда 681 мыңнан астам азаматқа әкімшілік рақымшылық жасалып, жалпы сомасы 22,8 млрд теңге айыппұл кешірілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Еліміздің тәуелсіздік тарихында алғаш рет ұйымдастырылған бұл ауқымды шара жаңа Конституция аясында жүзеге асты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен атқарылған әкімшілік рақымшылық халыққа көрсетілген нақты қамқорлықтың айқын дәлелі. Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, небәрі бір айға жетпейтін уақыт ішінде 1,3 млн әкімшілік іс бойынша жазаларды орындау толық тоқтатылды. Маңызды шешім Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 380-нен астам бабын қамтыды. Оның ішінде салық, кеден, санитариялық, экологиялық құқық бұзушылықтар, кәсіпкерлік пен сауда саласындағы ереже бұзу жағдайлары бар. Мемлекеттік органдар анықтаған, қамауға алуды көздемейтін жеңіл құқық бұзушылықтар да осы тізімге енгізілді. Бұл ретте қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтірмейтін істерге ғана рақымшылық берілді. Аталған саяси-әл...
Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2026

Жаңа Конституция аясында Қазақстанда ауқымды рақымшылық науқаны бастау алмақ

Елімізде қабылданған жаңа Конституцияның негізінде тарихта алғаш рет қылмыстық және әкімшілік рақымшылық шаралары бір мезгілде қатар жүргізіледі, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Мемлекеттік деңгейдегі құқықтық қадам қоғамды ізгілендіру мен азаматтардың заңға деген сенімін арттыру бағытындағы маңызды реформаның көрінісі саналады. Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті жеңілдетуді көздейтін жаңа заңнамалық актілердің басты мақсаты – қателесіп заң бұзған, қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін тұлғаларға екінші мүмкіндік беру. Сонымен қатар заң талаптарын қайта қарау барысында жәбірленушілердің құқықтарын қорғау мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау тетіктері алдыңғы орынға қойылған. Сондықтан мемлекет тарапынан жасалатын бұл кешірімнің шекарасы нақты айқындалып, ауыр қылмыс жасағандардың жауапкершіліктен жалтаруына жол берілмейді. Жаңа құқықтық құжатқа сәйкес, рақымшылық шарасына ең алдымен әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жататын азаматтар ілігеді. Олардың қатары...
Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2026

Кең ауқымды ізгілік актісі – Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысының бастамасымен елдің Жаңа Конституциясының қабылдануына орай қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған жекелеген адамдарға қатысты ізгілік актісі қабылданды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Бұл қадам мемлекет тарапынан азаматтарға берілген үлкен мүмкіндік саналады. Жаңа заң қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық қауіпсіздікке ауыр зиян келтірмеген тұлғаларға бағытталған. Алдын ала жасалған есеп бойынша, 16,5 мыңнан астам адам жаңа өмір бастауға бірегей мүмкіндік алады. Олардың ішінде 2 900-ге жуығы әйел адамдар, сондай-ақ жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеп отырған аналар бар. Заңның негізгі шарттары мен талаптары келесідей реттелген: Қылмыстық жауаптылықтан босату: Қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыс жасағандар, сонымен бірге келтірілген шығынды толық өтеген орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған жекелеген санаттағы тұлғалар жазадан құтылады. Жаза...
Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2026

Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

Талдықорған қаласындағы Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен кезекті брифингте Жетісу облысының тұрғындары үшін маңызды жаңалық жарияланды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің Заң басқармасының басшысы Әсем Байқаш сөз сөйлеп, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтарға қатысты рақымшылық шараларының басталғанын жеткізді. Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2026 жылғы 1 шілдедегі № 329-VIII Заңы еліміздегі гуманизм қағидаттарын нығайтуды көздейді. Аталған құжат 2026 жылғы 2 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енді. Брифинг барысында Әсем Тұрарбекқызы жаңа заңның мән-жайы туралы: «Осы Заң Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты, ізгілік қағидаты басшылыққа алынып қабылданды. 2026 жылғы 2 шілдеден бастап әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға рақымшылық...
Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2026

«Ашықтық 100 пайызға қамтамасыз етілген»: Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы сайлау барысы туралы

Қазақстанда елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға – Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында Астанаға арнайы халықаралық байқаушылар мен шетелдік сарапшылар келді. Халықаралық сарапшылар тобы елордадағы «Барыс Арена» мұз сарайында орналасқан №225, 493, 494 сайлау учаскелерінің, сондай-ақ Ақмола облысы, Қосшы қаласына қарасты Тайтөбе ауылындағы №751 сайлау учаскесінің жұмысымен егжей-тегжейлі танысты. Сарапшылар дауыс беру залының жабдықталуын, азаматтардың еркін таңдау жасауына жасалған жағдайды және комиссия мүшелерінің жұмыс сапасын оң бағалады. Шетелдік сарапшылар арасында Қазақстанға алғаш рет келген Испанияның халықаралық шолушы Альваро Эскалонилла да бар. Ол Құрылтай сайлауының ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға берді. Бұл – менің Қазақстанға да, Орталық Азияға да алғашқы сапарым. Қазақстан өз мүмкіндіктерін әлемге паш етіп жатыр. Сайлау өтіп жатқан учаскеде шетелдік БАҚ өкілдеріне толық жағдай жасал...
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026

Өңір өнерпаздары Құрылтай сайлауында дауыс берді

Өңірдің мәдениет саласының өкілдері мен өнерпаздары Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады. Ән мен өнерді серік еткен шығармашылық өкілдері бұл маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, азаматтық жауапкершіліктерін танытты. Өнерпаздар үшін елдің қоғамдық өміріне атсалысу, оның ішінде сайлауға қатысу – әр азаматтың маңызды міндеті. Олар дауыс беру арқылы ел болашағына қатысты өз ұстанымдарын білдіріп, барша тұрғындарды белсенді болуға шақырды.
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026

Жастар алғашқы Құрылтай сайлауында белсенділік танытып жатыр

Бүгін сайлау учаскелерінде жастардың белсенділігі айқын байқалады. Жас қазақстандықтар дауыс беруге келіп қана қоймай, сайлау процесін ұйымдастыруға да өз үлестерін қосып жүр. Астанада учаскелердегі жұмысқа «Жас сайлаушылар клубының» мүшелері атсалысуда. Жас волонтерлер азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, сайлау учаскесінде бағыт-бағдар көрсетуде, сондай-ақ алғашқы Құрылтай депутаттарын сайлаудың маңызы туралы ақпарат беріп жатыр. Бүгін елорданың өзінде қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп клубтың 29 мүшесі жұмыс істеп жатыр. «Бүгін біз ерікті ретінде азаматтарға көмектесіп, сұрақтарына жауап беріп, қайда бару керектігін түсіндіріп жүрміз. «Жас сайлаушылар клубы» - жастарға сайлау процесіне тікелей қатысуға мүмкіндік беретін әрі оның ашықтығын арттыруға ықпал ететін бастама», - дейді клуб мүшесі Темірлан Мақұбаев. Клуб мүшелерінің айтуынша, жастар қазірдің өзінде елдің қоғамдық өміріне белсене араласуға ұмтылып келеді. «Біз, жастар, қазі...
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026

«Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ж. Игіман дауыс берді

Қаламы қарымды қаламгер, «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ж. Игіман ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шараға қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады. Қазақ әдебиетінің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген қаламгердің дауыс беруі — азаматтық жауапкершілік пен ел болашағына деген жанашырлықтың көрінісі. Қоғам қайраткері үшін елдің қоғамдық өміріндегі маңызды оқиғаларға атсалысу — азаматтық ұстанымын білдірудің бір жолы.
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026

Спорт алаңынан сайлау учаскесіне: танымал қазақстандықтар дауыс беруге қатысты

Бүгін Қазақстанда еліміздің тарихындағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беруге белгілі мәдениет қайраткерлері, Олимпиада чемпиондары, басқа да спортшылар мен шығармашылық сала өкілдері де қосылып жатыр. Олар еліміздің әр қаласындағы сайлау учаскелеріне келіп, еліміз үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға өз үлестерін қосты. Дауыс берген танымал тұлғалардың бірі – Қазақстанның халық әртісі, 96 жастағы Бибігүл Төлегенова. Опера әншісінің Алматыдағы үйінде дауыс беруіне жағдай жасалды. Өз таңдауын жасағаннан кейін Бибігүл Төлегенова биылғы сайлаудың айрықша мәніне тоқталды. «Бұл – Құрылтайға алғашқы сайлау. Мен өз таңдауымды жасадым. Біз дұрыс бағытта келе жатырмыз деп ойлаймын», – дейді опера әншісі. Сайлауға қазақстандық олимпиада қатысушылары да белсенді қатысып жатыр. Мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматыдағы №382 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ал спорттық гимнастикадан 2024 жылғы Олимпиа...
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.