ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ

Жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту жөніндегі «Тəуелсіз жастар алаңы» атты республикалық пікірсайыс турнирі

«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы», «Jetisy jastary» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту жөніндегі «Тəуелсіз жастар алаңы» атты республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді. Республикалық пікірсайыс турнирі 1 күннен тұрады. Турнирге республика бойынша 20 команда қатысты (əр командада кемінде 2 қатысушыдан). Командалар əр облыстан жəне Республикалық маңызы бар қалалардан келді. Турнирді өткізу форматы – АПФ, жұмыс тілі – қазақ тілі. Жалпы 50 адамның қатысуымен өткізілді. Турнир 3 іріктеу кезеңдерінен ұйымдастырылды. Пікірсайысшылар қазіргі таңда жастар арасындағы өзекті болып табылатын 8 түрлі тақырыпта ойнады. Пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, 1 орынға – 500 мың теңге, 2 орынға – 300 мың теңге, 3 орынға – 150 мың теңге, «Үздік спикер», «Үздік төреші» номинацияларына – 100 мың теңгеден ақшалай сыйақы табысталды. 1 орынд...
Толығырақ... Оқылды: 96 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 23.12.2024

Инфрақұрылым маңызды құрал

Инфрақұрылым кез келген елдің немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болып табылады. Қазіргі уақытта инфрақұрылымдық мәселелердің өзектілігі күн санап артып келеді. Бұл мәселені шешу тек экономикалық дамуды жеделдетіп қана қоймай, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға да ықпал етеді. Мәселен, Жолдар және көлік инфрақұрылымы: Жолдардың сапасыздығы – өңірлер арасындағы логистикалық байланыстардың нашарлауына, ауылдық жерлердің оқшаулануына және көлік қозғалысының қауіпсіздігінің төмендеуіне алып келеді. Осы мәселені шешу үшін жолдарды жөндеу және жаңа жолдар салу басымдыққа ие болуы тиіс. Ауызсу мәселесі: Кейбір аудандарда таза ауызсуға қолжетімділіктің шектеулі болуы халық денсаулығына кері әсерін тигізуде. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде су құбыры желілерін жаңарту және ауызсумен қамтамасыз ету жүйелерін құру – инфрақұрылымдық дамудың ажырамас бөлігі. Энергетикалық инфрақұрылым: Қазіргі заманғы энергия көздеріне қолжетімділіксіз өңірлердің дамуы б...
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 27.11.2024

Жетісуда тағы екі спорт нысаны іске қосылды

Жетісу облысында бұқаралық спортты дамытуға, соның ішінде шалғай аудандар мен ауылдарда ерекше көңіл бөлінген. Қазіргі кезде елді мекендерде 6 дене шынықтыру-сауықтықтыру кешені болса, бүгін Спорт күні қарсаңында осындай тағы бір жаңа кешен 31 мыңнан астам халқы бар Текелі қаласында салтанатты түрде ашылды. Сол сияқты Қаратал ауданы Тастөбе ауылында блокты-модульді спорт кешені іске қосылды,- деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Текелідегі кешеннің ашылуында сөйлеген құттықтау сөзінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірде спорт саласына жасалып отырған жағдайларға қысқаша тоқталып өтті: -Бүгін Спорт күніне орай Текеліде заманауи жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашып отырмыз. Мұндай кешен облыс ортылығы Талдықорғанның өзінде жоқ. Жалпы Жетісу облысы құрылғалы бері өңірде 14 спорт нысаны салынып, халықтың игілігіне ұсынылды. Әлеуметтік саланың инфрақұрылымын дамытуда блокты-модульді конструкциялар кеңінен қолданылуда. Осы оң тәжірибені біз өткен жылдан бері спор...
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 19.08.2024

Ел болам десең, бесігіңді түзе

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам, айла, зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық! – деп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» атты өлеңінде айтылғандай, қай заманда болмасын халқымыз жастардың болашағына аса үлкен мән берген. Текті ұрпақ, саналы жастар барда, еліміздің іргетасы берік әрі мықты боларына сенген. Тарихтың алтын парақтарына үңілсек, талай қиындықтың артта қалғанын көреміз. Мал соңында өткен көшпенділік пен үш жүз жылға созылған патша отаршылығы ұлт болып қалыптасуымызға қауіп тудырғаны жасырын емес. Соған қарамастан халқымыз ұрпақ тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған. Атейстік ұғым асқақтап тұрған Кеңес Одағының тұсында баласының тәртіпті де тәрбиелі болғанын қалаған ата-аналар ұрпағын оқытуға ұмтылды. Ақсақалды қариялардың ақыл-кеңесін тыңдап, тағылымды тіршілігінен тәлім алған жандар сол кезеңдегі ұлттық тәрбиенің терең болғанын айтады. Халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінен қаз...
Толығырақ... Оқылды: 1617 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 30.03.2021

Жылы жүрек – жомарт қол

Ағымдағы жылы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Балпық ауылдық округінде маусымдық «Жасыл ел» еңбек жасағының қатарында жүрген жасақшылармен ерікті жастар «Жылы жүрек – жомарт қол» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Акция Теректі ауылы, Исамберліұлы Есімбай көшесі № 6/3 үй тұрғыны, жалғыз басты қарт Тамаровский Валерий Сергеевичтің үйінде бастау алды. Ол кісі РТС-та және қант зауытында токарь болып жұмыс атқарған. Қазіргі уақытта В.С. Тамаровский ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде жалғыз басты қарт ретінде тіркеуде тұр. Жастар ауланың шөбін орып, отын жарып, өсіп кеткен ағаштарды шауып, ауланы ретке келтірді. Алдағы уақытта аталмыш акция аудан көлемінде жалғасын табады А.АРТОМОНОВА, Көксу ауданының жастар ресурстық орталығының маманы
Толығырақ... Оқылды: 532 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 18.07.2019

ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА

Биыл Жастар жылына орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырған міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет арнайы "Жол картасын" әзірлеген болатын. Негізгі басымдық жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, олардың өз кәсіптерін ашу үшін қолдау шараларын жүйелі түрде жүргізуге беріліп отыр.Жалпы елімізде мемлекет тарапынан жастардың әлемдік деңгейге сай білім алуына, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған азамат болып қалыптасуына баса назар аударылып келеді. Соның бірі - 2009 жылдан бастау алған "Дипломмен ауылға" бағдарламасы. Мемлекет басымдылық берген «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы елді мекендердегі маман тапшылығын шешуге сеп болуда. Ауылдық аймақтағы сұранысқа байланысты медицина, білім беру және мәдениет саласына білікті, білімді жас мамандар келуде. Олар бүгінде ауылды көркейтуге өз үлестерін қосуда. Еліміз еркіндік алғалы бері, елді дамыту үшін түрлі бағдарламалар орын алып, ғарыштап дамуына қарқынды қадамдар жасалуда. Соны...
Толығырақ... Оқылды: 618 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 17.07.2019

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВТАН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ЕКІ СӨЗ

Ұлдар, алдымен сөзімді сендерге арнаймын! Менің сендерден өтінерім, арақ ішпеңдер, айналайындар! Арақ - адамзаттың жауы, халықтың дұшпаны. Арақ алдымен талантты адамдарды құртады. Содан соң өзгеге ауыз салады. Талантсызды да жалмап жұта береді. Ендеше, арақ ішпеңдер, бауырларым! «Мен мықтымын» деп оқыраңдай бермеңдер, асып бара жатқан күштерің болса, оны араққа емес, айналадағы адамдарға, ағайын-туыс, адал жарларыңа қамқорлық жасауға жұмсаңдар! Қалқам! Арақты жеңемін деп дәмеленбе! Шарапқа бүйірім шыға бір тояйыншы деп талпынба! Ол ешкімді де тойдырмайды. Су екеш суды да сыздықтатып, сызылта ішсең ғана шөлің қанады. Адам арақ ішпегенінен өлмейді, араны ашылып арақ ішкенінен өледі. Әрбір арақ ішкен адамның өмірі аз, ғұмыры қысқа болады. Оның үстіне маскүнемнің өмірі - мәнсіз. Адамның өмірі онсыз да қысқа, ендеше, аз ғұмырды ардақтап, шамаң келгенше мағыналы етіп өткізгенге не жетсін! Жігіттер! Жандарыңда жүрген қыздарды құрметтеңдер. Қыз – болашақтың анасы....
Толығырақ... Оқылды: 466 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 12.07.2019

ЖАСТЫҚ ШАҚТА ЖАЛЫНДА

Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін Алланың нығметі болса, ең қымбаты – жастық шақ. Әр адам жалындап, тынымсыз еңбек етіп, өмірінің негізін қалайтын уақыт бұл. «Не ексең – соны орасың». Қазіргі жастар жалындаған жастық шақтың өтпелі екенін санасына мықтап түйіп, оның әр минутын орынды пайдаланса құба-құп. Осы мәселені қаузап көрелік… Жастық шақ – адам өмірінде күннің көтеріліп келе жатқан шуағы тәрізді. Ол таң сәресіндегі күннің сәулесі сияқты, келешекке мақсат қойған, сол арманына жету үшін бойы шабытқа толы, адам ойлау сезімінің толықсыған кезеңі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол туралы: «Қиямет күні әрбір құлдан төрт нәрсе сұралмайынша ол тұрған орнынан қозғалмайды. Бірінші, ол өмірін қалай өткізді? Екінші, жас күнгі күш-қайратын қайда жұмсады? Үшінші, ол білген білімінің қайсысына амал қылды? Төртінші, ол несібесін қалай тапты және қайда жұмсады?» – деген хадисі бар. Бұл хадис те жастық шақтың қымбаттыған аңғартып тұр...
Толығырақ... Оқылды: 635 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 27.05.2019

Жарқын болашақ жастардың қолында

Елбасымыз халыққа Жолдауында: біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр, - деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек. Кез келген ел өзінің болашағын өскелең ұрпағымен байланыстырады. Елімізді өркендетіп, мемлекетімізді көркейту үшін сапалы білім мен саналы тәрбие алу – жастардың басты міндеті. Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні ауданымыздағы Б.Құндақбаева атындағы орта мектебінде аудандық «Жарқын болашақ жастардың қолында» тақырыбындағы кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің, саясатын қалыптастыру, жоғары моральдық – этикалық нормалар мен құндылықтарды арттыру. Бабаларымыздың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері мен жас ұрпақтың жасампаздығы арасындағы сабақтастығын ны...
Толығырақ... Оқылды: 918 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 24.05.2019

ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ...

«Жастар – біздің болашағымыз. Оларды жаңа заманда өмір сүруге үйрету – біздің міндетіміз» Н.Ә.НАЗАРБАЕВ Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осы орайда, шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы мерекеде, яғни, наурыздың 14-і көрісу күнінде Еңбекші ауылдық округіне қарасты Зылиха Тамшыбай атындағы шағын орталығы бар орта мектебінің мәжіліс залында «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» атты жастармен кездесу кеші өтті. Аталған кездесуге облыс пен ауданымызға еңбегі сіңген мемлекеттік қызметкерлер, ардагер ұстаздар, талай-талай биік белестерді бағындырған өнер майталмандары мен ауданның Құрметті азаматтары қатысты. Атап айтсақ, қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған «Тақиялы періште» кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдаған майталман әртіс, ҚР «Мәдениет қайраткері», Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімға...
Толығырақ... Оқылды: 632 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 20.03.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.