ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ

Жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту жөніндегі «Тəуелсіз жастар алаңы» атты республикалық пікірсайыс турнирі

Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ
Уақыты: 23.12.2024
Оқылды: 96 Печать страницы
Жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту жөніндегі «Тəуелсіз жастар алаңы» атты республикалық пікірсайыс турнирі

«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы», «Jetisy jastary» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту жөніндегі «Тəуелсіз жастар алаңы» атты республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді.

Республикалық пікірсайыс турнирі 1 күннен  тұрады. Турнирге республика бойынша 20 команда қатысты (əр командада кемінде 2 қатысушыдан). Командалар əр облыстан жəне Республикалық маңызы бар қалалардан келді. Турнирді өткізу форматы – АПФ, жұмыс тілі – қазақ тілі. Жалпы  50 адамның қатысуымен өткізілді. Турнир 3 іріктеу кезеңдерінен ұйымдастырылды. Пікірсайысшылар қазіргі таңда жастар арасындағы өзекті болып табылатын 8 түрлі тақырыпта ойнады. Пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, 1 орынға – 500 мың теңге, 2 орынға – 300 мың теңге, 3 орынға – 150 мың теңге, «Үздік спикер», «Үздік төреші» номинацияларына – 100 мың теңгеден ақшалай сыйақы табысталды. 1 орынды - Алматы облысынын «Ескелді би» командасы - 500 000 тенге, 2 орынды - Астана каласынын «Адамгершілік» командасы - 300 000 тенге, 3 орынды - Алматы каласынын «Мастер класс» командасы - 150 000 тенге иегері атанды. Сонымен катар, Үздік спикер жене Үздік төреші номинациялары бойынша Қызырхан Шыңғыс пен Ардашқызы Еркежан 100 000 тенге сертификатпен марапатталды.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.