ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Жақсы көңіл-күй – сәттілік кепілі

Педагог-логопедтің жұмысы — бала дамуының маңызды бөліктерінің бірі. Оның көмегімен балалар тілдік дағдыларын дамытып, қоғамда өзін еркін сезінуге мүмкіндік алады. Сондықтан, осы мамандықтың маңызы ерекше, себебі ол тек сөйлеу мәселелерін шешумен ғана шектелмей, балалардың толыққанды тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. Педагог-логопедтің қызметі қоғам үшін маңызды, ал оның еңбегі балалардың болашағына үлкен үлес қосады. Баланың тілі тез және дұрыс шығуы үшін үлкендер әр қимылын, ойын дауыстап айтып түсіндіріп отыруы керек. Балаларға көбіне үлкендердің әңгімелесіп, тілдесуі жетіспейді. Сәби керек нәрсесін қолмен көрсетсе немесе ымдаса ата-анасы бірден оны қолына ұстатады. Енді түк қиналмастан қажеті өтеліп жатса бала сөйлеп қиналып қайтсін? Сол үшін сұрақтар қою арқылы сөзге тарту керек. Бұл – баланың сөздік қорын молайтудың бір жолы. Балаға жаңа сөздерді үйрету кезінде есте сақтау керек бірінші нәрсе: "Жақсы көңіл-күй – сәттілік кепілі". Бала білмейті...
Толығырақ... Оқылды: 141 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 28.02.2025

Жастар арасындағы төбелестің алдын алу

Келешектің кілтін қолға алатын жас ұрпақтың тәлімі мен тәрбиесі, талғамы мен тәртібі қай дәуірде де басты мәселе болып келген. Ол бүгінде де күн тәртібінен түскен емес. Бала – қай дәуірде де бала. Әсіресе, теледидар мен көшенің теріс тәрбиесі кең құлаш жайып тұрған қазіргі дәуірде жастардың ауыл-ауыл, көше-көше болып, бір-біріне күш көрсетуі, төбелесуі, зорлық танытуы жасырын емес. Жалпы топтық төбелестің топтық төбелес жастар мәселесінің көптігін білдіреді. Мәселен, бос уақытты тиімді пайдаланбау, спорттық, өнер үйірмелерінің жүйесіз жұмысы, жасөспірімдерге арналған жобалардың аздығы секілді шикіліктің шеті шыққан. Яғни, қолы бос, айналысатын жұмысы жоқ жас төбелеске, бос жиынға әуес келеді. Сол себепті жасөспірімдердің уақытын тиімді өткізу жұмысын үйлестіру, мектептегі тәрбие сағаттарын жүйелеуге бағытталған шаралар назарға алыну қажеті сөзсіз. Сонда ғана жастардың өмірі мен болашағына бағыт сілтеуге болады. Гульжан Орынбайқызы
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 04.11.2024

суицид барысы бойынша жастар арасында ақпараттық талдау

Қоғамнан көретін қысым, отбасылық кикілжің, күнделікті ата-анадан таяқ жеу сияқты іс – әрекеттер. Нәтижесінде бала өз өміріне балта шабу, аталған қиындықтардан құтылудың ең оңай жолы деп ойлайды. Суицидке апаратын бұданда басқа бірнеше негізгі себептері бар: Тұқым қуалау.Атадан балаға беріп кететін мұра секілді, суицидта тұқым арқылы, қан арқылы берілетіні дәлелденген. Отбасыңыздың, жақындарыңыздың арасында көп жылдар бұрын бұл нәрсе болған болса, кейін сіздің балаларыңыздан өз – өзіне қол жұмсау белгілерін байқасаңыз таң қалмаңыз. Алдын алып, өмірімен қоштасуына жол бермеңіз. Оқыс әрекет – психикалық жарақат.Тәрбие тал бесіктен басталады. Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі деген мақалдар бекер айтылмаса керек. Бала өзінің ұясында қанатын қатайтып, жылу мен мейірімге зәру болады. Ал қазіргі көптеген отбасылар керісінше баланың көзінше ұрысып, керісіп тіпті төбелесіп те жатады. Не болмаса балаға жекіп, «бәле болдың» деген сияқты ауыр сөздер айты...
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 04.11.2024

Нашақорлықсыз болашақ

Елімізде де, бүкіл әлемде де алаңдаушылық тудыратын өзекті мәселелердің бірі – нашақорлықтың таралуы. Бұл құбылыс жеке адамның ғана емес, жалпы ұлттың денсаулығына қауіп төндіреді. Нашақорлық – есірткіге немесе психотроптық затқа тәуелділіктен туындаған ауру. Есірткіні қолдану нәтижесінде психикалық және физикалық тәуелділік қалыптасады. Тәуелділіктің қалыптасу жылдамдығы және оның ауырлығы әр түрлі болуы мүмкін. Яғни жасына, қолдану жиілігіне, ағзаның ерекшеліктеріне әсер етеді. Психикалық тәуелділіктің жағдайы адамның есірткінің көмегімен ішкі тепе-теңдікке қол жеткізгісі келетіндігінде және есірткінің әсерін қайта-қайта сезінуге тырысатындығында көрінеді. Есірткіні сатумен айналысу – қылмыс. Есірткі заттарын қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Нашақорлық өте қорқынышты ауру. Себебі есірткіге әуес адам келесі дозаға ақша іздеп, ұрлыққа, алдауға баруы мүмкін. Осындай қысқа сәт үшін ол саналы түрде, өзін өмірдің барлық қуаныштарынан айырад...
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 04.11.2024

Бейбіт Исабаев текеліліктерге шешуші инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы туралы айтып берді

Текелі қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен және көгілдір отынмен қамтамасыз ету, апатты жағдайдағы тұрғын үйлердің көп жылдан бері қордаланған мәселелері осы күзде түпкілікті шешімін табады. Бұл туралы бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Текеліге барған жұмыс сапарында қала тұрғындарына айтып берді, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Құрметті текеліліктер, бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, сіздерге үш жақсы жаңалықты жеткізгім келеді. Біріншіден, биыл қаланы газдандыру жобасын толық аяқтаймыз. Газ 1 қарашада беріледі. Көпқабатты үйлерді де, жеке секторды да қамтитын боламыз. Екіншісі - 15-20 жылдан бері шешілмеген апатты үйлер мәселесі. Текеліде соңғы 10 жылда апатты үйлердің саны 200-ге жуықтаған. Соңғы 2 жылда, яғни 2023-2024 жылдары біз бұл мәселені толығымен шештік. Соңғы 16 пәтерді сатып алуға қатысты процедуралар өтті, пәтерлер қазан айына дейін беріледі. Үшінші мәселе – сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Өткен жылы 3 ұңғыма бұрғыланып, 1...
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 19.08.2024

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы бәйгеге шабатын аттар белгілі болды

Алматыда бәйгеден қала кубогі өтіп, ат жарыс аясында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеудің екінші кезеңі болды. «Осы ат жарыс аясында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы – Кұнан бәйге, Топ бәйге, Жорға жарыс және Аламан бәйгеге үздік жылқыларды іріктеп алдық», - деді Республикалық «Бәйге» федерациясының атқарушы директоры Алтай Бимен. Құнан байге бойынша І орынды Сұңқар атты тұлпар, шабандозы Абзал Тұрғанбек иеленді. II келген Бақторы, шабандоз - Ділнұр Нұрмұқаш. Сениорита есімді жылқы үшінші келді. Шабандозы – Абзал Тұрмыс. Топ бәйгеде топ жарған жылқы Зымыран,шабандоз Арнат Мұратхан. II орында Маймақ, шабандоз - Абзал Тұрмыс. Үшінші орын – Ертұран, шабандоз – Исламнұр Еркөс. Жорға жарыс қорытындысы бойынша I орынды Аквамарин, шабандоз - Евгений Чибисов. II орын - Триумф, шабандоз - Әлия Тоқтасынова. III орын Профессор, шабандоз – Ерұлан Тілеуғалиұлы. Ал Аламан бәйгені алған Виза есім...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 14.08.2024

ЖАСТАРДЫҢ ЖІГЕРІН ЖАНЫҒАН ЖАРЫС

Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегендеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Жылдар бойы армандаған бабаларымыздың арманы орындалып, бүгінге ұлы даламызды барша әлем мойындайды. Бұл өлшеусіз еңбек қажырлы саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігінің жемісі десек қателеспейміз. Елі мен жері, байтақ сахарамыздың болашағы жайында Елбасымыз тереңнен толғайды: «Билікке келген әр саясаткер өз халқына, еліне қандай да бір жақсылық жасауды міндет етіп қоюы керек. Екіншіден, саясаткер ел болашағы үшін бағдарлама ұсынады. Менің бағдарламам – Қазақстанды дағдарыстан шығару болды. Мен бақыттымын – өйткені қазір әлем картасында тәуелсіз Қазақстан Республикасы деген мемлекет бар. Мен бақыттымын – өйткені, бүгінде қазақтарды жер жүзі біледі, Қазақстанмен бірге Қазақстандықтарды бүкіл дүниежүзі таныды. Мен бақыттымын – өйткені, Қазақстан туралы әлем елдері жақсы пікірде. Мен бақыттымын – қиын кезе...
Толығырақ... Оқылды: 860 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 26.11.2021

Отбасы діңгегі - берекелі шаңырақ

Көнеден қалған есті сөз: «Ұлттық мәдениеті жоғары дамыған ел кез келген өркениетті деген елден оқ бойы озық тұрады» деген түрік ағайындардың ұстанған берік қағидасы бар. Олардың заман ағыстарында жұтылып кетпей, ұлттық құндылықтарын, ата дәстүрді осы күнге дейін сақтап, қарыштай дамуының мәнісі де осында. Өзінің түп-тамыры, ата-тек болмысынан айнымайтын, ұлттық рухын, ар-намысын асқақ та бекем ұстайтын халық қана біртұтас ұлт болып ұйысып, баянды болашаққа түзу жол түзе алмақ. Отан - отбасынан басталады. Ал осы отбасының түтіні түзу шығуы жанұядағы әрбір адамның татулығы мен өзара түсіністігінде жатыр. Мемлекетіміз іргесін тіктеп, Тәуелсіздік алғаннан бері еліміз тек жақсы жағынан өзгерді деуге толық негіз бар. Оған ұзақ жылдарға бағытталған стратегиялық бағдарламалар дәлел. Қазірдің өзінде-ақ, мемлекетімізде отбасы күні мереке ретінде тойланады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аудан халқына, оның ішінде әрбір азаматына үлкен серпін б...
Толығырақ... Оқылды: 1145 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 17.09.2021

ТЕКТІДЕН ТЕКТІ ТУАДЫ, ТЕКТІЛІК ТҰҚЫМ ҚУАДЫ

Қазақ біреуге риза, ісіне тәнті болғанда «текті атаның баласы» – деп айтады. Әлі есімде мен алты жаста едім, жаздың ыстық бір күніңде күрке ойнап отырғанда, ауылға бір-екі салт атты ақсақал келді. Қонақтар шәй ішіп, ет жеп аттанып кетті. Не болғанын білмеймін. Әкемнің: «Ит-ай, тексіз деген жеті атасына жететін ауыр сөзге душар болды. Шапанының етегін кесіп, елден қуу керек еді. Қаңғырып далада өлетін... Ант ұрғанның ісі адамдыққа сыймайды, біреудің көз жасына қалған адамның кесірі ұрпағына тиеді, жамандық ізсіз кетпейді. «Қыз ақылды болмас, ана тәрбиесін көрмесе, ұл жарылқап, ас бермес, әке тәрбиесін көрмесе» – деген сөзін естідім. Кімге ренжігенінің, себебін білмедім. Ертеңінде «тексіздік» туралы сұрадым. Әкем: «Тектілік – қанмен берілетін адамдықтың, жақсылықтың жиынтығы. «Тексізді төрге шығарма, үйіңді былғайды, ісімен жүрегіңді жаралайды. Жабыдан тұлпар шықпайды, тексізден текті тумайды. Жабыдан тұлпар артық...
Толығырақ... Оқылды: 1162 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 07.09.2021

Рухани құндылық – ұлт қуаты

Қазақ халқының ұлттық және рухани құдылықтар турасындағы танымы мен сенімі ерекше. Ұлттық құндылықтарды қадірлеп, қастерлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізсе, діннің адам мен қоғам арасын жалғастырушы, жарастырушы және үйлестіруші қасиетін жете түсініп, оны жан мен тән тазалығын сақтайтын, парасат тағылымдарын демеуші, адамға үлгі-өнеге беретін, пейілге мейірім ұялататын рухани күш ретінде бағалаған. Ұлттық құндылықтар – олардың тарихи өзіндік ерекшелігі Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және тағы басқалар сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауымдастық өкілдерінің рухани идеалдарының жиынтығы. Әр ұлттың дүниетанымы, ойлау түрі, темпераменті, ұлттық санасы және т. б. белгілі бір жолмен үйлеседі. Жалпыадамзаттық құндылықтар ұлттық құндылықтарға да тән орнықтылық және тұрақтылықпен сипатталады. Ұлтқа және жеке тұлғаға қатысты менталитет бастапқыда әдеттегі-эмоционалды түрге ие болды деп айтуға болады, тек экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуға негізделген құндылықтардың пайда бол...
Толығырақ... Оқылды: 876 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 17.08.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.