ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Жастар арасындағы төбелестің алдын алу

Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
Уақыты: 04.11.2024
Оқылды: 38 Печать страницы


 

Келешектің кілтін қолға алатын жас ұрпақтың тәлімі мен тәрбиесі, талғамы мен тәртібі қай дәуірде де басты мәселе болып келген. Ол бүгінде де күн тәртібінен түскен емес. Бала – қай дәуірде де бала. Әсіресе,

теледидар мен көшенің теріс тәрбиесі кең құлаш жайып тұрған қазіргі дәуірде жастардың ауыл-ауыл, көше-көше болып, бір-біріне күш көрсетуі, төбелесуі, зорлық танытуы жасырын емес.

Жалпы топтық төбелестің топтық төбелес жастар мәселесінің көптігін білдіреді. Мәселен, бос уақытты тиімді пайдаланбау, спорттық, өнер үйірмелерінің жүйесіз жұмысы, жасөспірімдерге арналған жобалардың аздығы секілді шикіліктің шеті шыққан. Яғни, қолы бос, айналысатын жұмысы жоқ жас төбелеске, бос жиынға әуес келеді. Сол себепті жасөспірімдердің уақытын тиімді өткізу жұмысын үйлестіру, мектептегі тәрбие сағаттарын жүйелеуге бағытталған шаралар назарға алыну қажеті сөзсіз. Сонда ғана жастардың өмірі мен болашағына бағыт сілтеуге болады.

Гульжан Орынбайқызы

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.