Елімізде де, бүкіл әлемде де алаңдаушылық тудыратын өзекті мәселелердің бірі – нашақорлықтың таралуы. Бұл құбылыс жеке адамның ғана емес, жалпы ұлттың денсаулығына қауіп төндіреді.
Нашақорлық – есірткіге немесе психотроптық затқа тәуелділіктен туындаған ауру. Есірткіні қолдану нәтижесінде психикалық және физикалық тәуелділік қалыптасады. Тәуелділіктің қалыптасу жылдамдығы және оның ауырлығы әр түрлі болуы мүмкін. Яғни жасына, қолдану жиілігіне, ағзаның ерекшеліктеріне әсер етеді. Психикалық тәуелділіктің жағдайы адамның есірткінің көмегімен ішкі тепе-теңдікке қол жеткізгісі келетіндігінде және есірткінің әсерін қайта-қайта сезінуге тырысатындығында көрінеді.
Есірткіні сатумен айналысу – қылмыс. Есірткі заттарын қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Нашақорлық өте қорқынышты ауру. Себебі есірткіге әуес адам келесі дозаға ақша іздеп, ұрлыққа, алдауға баруы мүмкін. Осындай қысқа сәт үшін ол саналы түрде, өзін өмірдің барлық қуаныштарынан айырады. Есірткі сатушылар өз «тұтынушыларына», яғни жасөспірім немесе мектеп оқушыларының компаниясына тарату үшін әдейі бірінші дозаны аз мөлшерде сатып немесе тегін беруі мүмкін. Тіпті есірткінің алғашқы дозасы өлімге әкелуі ықтимал.
Ал, кез-келген түрдегі химиялық препарат адам денесінде ұзақ уақыт сақталады. Бұл жағдайда олардың кейбіреулері тіндерде жиналып, абстинентті синдром және жаңа дозаға деген ұмтылысты күшейтеді. Қабылдау тәжірибесі неғұрлым көп болса, улы ыдырау өнімдері соғұрлым ұзақ сақталады. Синтетикалық препараттарды қолдану физиологиялық және психологиялық денсаулықты бұзады. Синтезделген заттар тәуелділікті тезірек тудырады-кейбіреулеріне тек бір доза жеткілікті. Бірде-бір препарат оң әсер етпейді, синтетикалық сорттар екі есе қауіпті. Олардың химиялық құрамы көбінесе белгісіз, сондықтан артық дозалану және улану қаупі артады.
Есірткіні қолданатын адамның белгілері:
o көңіл-күйдің күрт өзгеруі, агрессивтілік, тез ашуланшақ.
o тәбеттің толық жоғалуы, үнемі шөлдеу.
o тарылған немесе кеңейтілген көз қарашығы.
o ыстықта жабық киім, қара көзілдірік кию.
o сұрғылт реңді құрғақ тері, жаралар, дақтар және безеулер пайда болады.
o жұмысқа, оқуға немесе хоббиге деген қызығушылықты жоғалту.
o денеден және киімнен жағымсыз химиялық иіс.
Егер адам есірткі қолданады деген күдік болса, мамандарға жүгіну керек.
Гульжан Орынбайқызы