ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

ЖАСТАРДЫҢ ЖІГЕРІН ЖАНЫҒАН ЖАРЫС

Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
Уақыты: 26.11.2021
Оқылды: 860 Печать страницы

Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегендеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Жылдар бойы армандаған бабаларымыздың арманы орындалып, бүгінге ұлы даламызды барша әлем мойындайды. Бұл өлшеусіз еңбек қажырлы саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігінің жемісі десек қателеспейміз. Елі мен жері, байтақ сахарамыздың болашағы жайында Елбасымыз тереңнен толғайды: «Билікке келген әр саясаткер өз халқына, еліне қандай да бір жақсылық жасауды міндет етіп қоюы керек. Екіншіден, саясаткер ел болашағы үшін бағдарлама ұсынады. Менің бағдарламам – Қазақстанды дағдарыстан шығару болды. Мен бақыттымын – өйткені қазір әлем картасында тәуелсіз Қазақстан Республикасы деген мемлекет бар. Мен бақыттымын – өйткені, бүгінде қазақтарды жер жүзі біледі, Қазақстанмен бірге Қазақстандықтарды бүкіл дүниежүзі таныды. Мен бақыттымын – өйткені, Қазақстан туралы әлем елдері жақсы пікірде. Мен бақыттымын – қиын кезеңде бағдарлама ұсынып, қазір сол еңбегімнің жемісін көріп отырмын. Бүгінде біз экономикада үлкен жетістіктерге жеттік, мемлекетте қаржы бар және жыл сайын халықтың жағдайын жақсартуға мүмкіндігіміз бар».
Биыл алаш баласының басын қосып, жаһанға қазақтың саралығымен даралығын паш еткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл. Осы дүбірлі де қасиетті Ұлы күнге орай өскелең ұрпақтың елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Көксу ауданы, Бесқайнар ауылдық клубының ұйымдасыруымен «Тәуелсіздік–мәртебем» атты патриоттық ән байқауы өтті. Ауданға қарасты әр ауылдан дарынды, талантты жас өнерпаздар қатысып, бабы мен бағы бір-бірінен даралады, ерекше дауыстарымен баршаны тәнті етті . Нәтижесінде, І орынды Мәмбет ауылының үкілі аруы Гаухар Серікқызы жеңіп алса, ІІ орынды Талапты ауылының жұлдызы Камшат Қайратқызы қанжығалады. Ал жүлделі ІІІ орын Айнабұлақ ауылынан қастыскан Жұмақан Қазынаға бұйырды. Қатысушылар арнайы алғыс хат және бағалы кітаптармен марапатталды. 
Ойы ұшқыр, өресі биік, санасы тәуелсіз ұрпағымыз көп болсын. Ел іргесі берік болып, тәуелсіздігіміздің байрағы мәңгілік желбіресін!

Иса ӘУБӘКІРҰЛЫ, 
Бесқайнар ауылдық клубының меңгерушісі.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.