ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
"ТОБЫҚ ТЫҒУ" ҚАЗІР БАР МА? |
| «Тобық тығу» «Қазақ дәстүрінде қыз бен жігіттің тобық алысуы құр ғана ойын емес, мұнда екі жастың өздері ғана түсінетін бір терең сыр бар» (І. Есенберлин). Бұл – серттесіп ойнаудың бір түрі. Мысалы, жігіт пен қыз тобық тығып алатын сағатқа немесе қалы кілем беруге серттеседі. Бір жылдан кейін бе, бес жылдан кейін бе тобықты тығуға алған жігіт кез келген уақытта, кез келген жерде «тобығымды бер» дегенде қолына ұстата беруі қажет. Егер жігіт тобықты тауып бере алмай қалса – ұтылғаны. Ол уәде бойынша серттескен затын беруі керек. Тобықты тығуға жігіттер де қатыса алады. Бұрын мұндай ойындар ел арасында көп болған. Бұл ойын ұқыптылыққа, бір сөзділікке тәрбиелейді. Мұның арты қыз бен жігіттің сүйіспеншілігіне, қосылуына жалғасады. Тобық тығуда қызықты оқиғалар да кездеседі. Солтүстік Қазақстан облысында бір жігіт сүйген қызына тобық ұсынған. Бірақ жігіт көп ұзамай Ұлы Отан соғысына аттанады. Үйіне «хабар-ошарсыз кетті» деген хат ке... |
| Толығырақ... Оқылды: 781 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 21.05.2019 |
ҚЫЗОЙНАҚ САЛТЫН БІЛЕСІЗ БЕ? |
| Қызойнақ – тұрмысқа шығатын қыз құрбыларымен оңаша бас қосатын кеш. Сөйтіп босаға аттағалы тұрған бойжеткен балалық шағымен, тентектігімен, еркелігімен қоштасады-мыс. Құрбылар сырласып, әңгімелесетін көрінеді. Бұл кеш таңға дейін жалғасып, таңертең бірін-бірі қимай тарқасады екен. Ал, бүгінгі таңда бұл дәстүр "девичник" деп аталып кеткен... |
| Толығырақ... Оқылды: 548 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 21.05.2019 |
БІЗ ШАНШАР ДӘСТҮРІ |
| Еліміздің өткеніне бойлап, тарихына көз жіберсек, көптеген тағылымды, ғибратты, үлгі-өнегеге толы салт-дәстүрлермен таныса түсеміз. Олардың бірі қолданыста болса, бірі шығып қалған, ал енді бірі мүлде ұмыт болған. Бірі білсе, бірі біле бермейтін, қолданыста мүлде жоқ, тарихи ұғымға айналған салтымыздың бірі – біз шаншар. Деректерге сүйенсек, кең байтақ жеріміздің оңтүстік, шығыс жақтарында «жаушы» орнына «біз шаншар» салты жүрген. Ол салт бойынша, ауылдың үлкен ақсақалдары бір топ болып жиналып, бойжеткені бар үйге құдайы қонақ болып барады. Түс кезінде барған қонақтар қандай шаруамен келгенін айтпайды. Ауыл-аймақ амандығын, ел, жер жайын әңгіме етіп, түнеп, ертеңгісін түскі уақытта ләм деместен аттанып кетеді. Әдеп бойынша, ол кезеңде қонақтар шайын ішіп, өз сыбағасын жеген соң, баратын жері, ауылы алыс болмаса, түнемей, қайтып кетеді. Сондықтан да бұлайша келіп, үн-түнсіз, бұйымтайын айтпай кеткен қонақтан соң, үй иелері яғни отағасы мен анасы мұның сыры... |
| Толығырақ... Оқылды: 809 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 21.05.2019 |
Қалжа туралы не білеміз? |
| Қалжа – келінге арнап байланған қой. Баланы дүниеге әкелген ана өмірінде оның мәні зор. Қазақта босанған әйелге арнайы сойылған қойдың еті біткенше келінді жеке қалжалаған. «Жас босанған әйелдің тісі әлсіз болады, түсіп қалуы мүмкін» деп суық ас жегізбеген екен. Шаңыраққа шырылдап нәресте келген кезде сол үйдің тума-туыстары, таныстары жиналып, кішігірім той өткізген. Жас босанған ана мен бала үшін қой сойылады. Босанған анаға осы жас еттің сорпасын ішкізіп, етін жегізіп, жоғалтқан күш қуатын қайта жинайды. Енелер келініне қойдың етін ұсақтап турап, жас сорпамен терлеткен. Жақсы қалжалаған келіннің сүйектері қақсамай, тістері түспей, буындары жақсы, алты күннің ішінде үй тіршілігіне араласып кеткен. Қалжаға сойылғанқойдың алты буыннан тұратын мойын омыртқасын бірінші күні келіннің өзіне тісін тигізбей, қолымен мүжіткен. Еттен тазарған жұлынды тік таяқшаға кигізіп, баланың мойны қатқанша керегенің басына ілген. Бұл баланың мойны тез қатайсын деген ырым. Қазір... |
| Толығырақ... Оқылды: 560 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 13.05.2019 |
"Бас тарту" дәстүріміз жайлы |
| Басты қасқалау.Яғни, жолын ашу. Жоғарыдан төмен түзу бір сызық түсіре, тиісінше, көлденең тағы бір тіледі. Онысы тігінен түскен біздің жол, көлденең түскен сіздің жол дегенді ырымдағаны. Бас салынған табақты әкелгенде қазақ оның тұмсық тұсын төрге, шүйдесін есікке қаратып әкелген. Оның бірнеше түрлі дәстүрлік мәні бар. Біріншіден, ол несібенің адамға оң келуі, адал асы дегенді білдірсе, екіншіден, мұнда діни наным-сенім де жоқ емес. Айталық, дана қазақ мал басын құбылаға қаратып союға ниет ететіндіктен, оның тұмсық тұсы Меккенің топырағын иіскеген деп қастерленеді. Бұл туралы атақты Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Бабалар аманаты» атты этнографиялық кітабында мынадай үзінді келтіреді: "Қонақтар кеткен соң жаңалап шай жасап, енді өзіміз дастарқан басына отырдық. Байқаймын, атаның (Бауыржан Момышұлы) қабағы салыңқы. Бір кезде: — Дастарқаның толымды, астарың дәмді болды. Әсіресе "ұмытылған тамақ қой мыналар" деп әсіп пен сүт құйған... |
| Толығырақ... Оқылды: 573 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 13.05.2019 |
ҚЫНАМЕНДЕ |
| Қазақтың көне дәстүрлерінің бірі қынаменде туралы түрлі мағлұмат бар. Бірінде қынаменде - ұлттық ойын-сауық кеші. Күйеу жігіт қалыңдық отауына немесе қыз жеңгесінің үйіне жолдастарымен алғаш келген күні өтеді, шығыста Қынаменде кеші күйеу қалыңдықпен кездескен күннің ертеңінде де өткізіледі. Қынаменде кешіне қатысушы қыз-келіншектер қызыл-жасыл киініп, тырнақтарын бояйтын болған делінеді. Енді бірінде құда түсіп, уәде пісіп, қалыңмал төлеген соң, күйеу жігіт атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы "қынаменде" деп аталады делінген. Бұл дәстүрдің ең басты мақсаты екі ауылды жақын қылу, достық орнату, дала халқына тән әзіл-оспақ, көрген жұртты күлдіретін театрландырылған юмордың бір түрі сияқты болған екен |
| Толығырақ... Оқылды: 781 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 25.04.2019 |
ҚАЗАН ШЕГЕЛЕУ ДӘСТҮРІ |
| Қазақ халқы ежелден-ақ қонақжайлығымен ерекшеленген. Тарихқа үңілсек, ұлттың бұл қасиеті көптеген ғасыр бойы қалыптасқан. Бұл халқымыздың кеңпейілдігін, адамгершілігін және адамдардың бір-бірімен өзара сыйластығын көрсетеді. Қазақта қонақ күтуге қатысты көне дәстүрлердің бірі қазан шегелеу деп аталады екен. Яғни бір-бірінің үйіне барғанда "осы үйдің қазанын шегелей келдік" деген. Осылайша, қонақжай халық бір-бірін күтіп, келген қонаққа дастарқан жайған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Археология және этнология кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының докторы Ибадуллаева Зылиха Өмірбекқызының айтуы бойынша: «"Қазан шегелеу дәстүрі - құрбы-құрдастар, тамырлар, абысын-ажын арасында өтетін салт-дәстүрдің бірі. Бұл бір жағынан қазақ қоғамындағы қонақжайлықты білдіретін ұғым. Себебі қазан шегелеу дәстүрінде, яғни құдайы қонақ болып келген кісіге ас, тағам беріп, сый-сыяпатпен шығарып салу дәстүрі жатыр", - дейді. Тарихи мәліметтерге сүйенсек... |
| Толығырақ... Оқылды: 810 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 25.04.2019 |
БАЙҒАЗЫ |
| Байғазы – жасөспірім балалар жаңа киім кигенде орындалатын салт. Яғни, балалардың үлкендер тарапынан алатын сыйы. Аяғын басып ауыл үйлерін еркін аралауға жарап қалған бүлдіршіндерді жаңа киім киген күні «байғазыңды алып қайт» деп көрші-көлемнің, бірге отырған туыс-туаған, жақындарының үйіне жүгіртіп жібереді. Алақайлап қуанған бала ол үйлерге барып жаңа киімінің жарастығын көрсетеді. Балалар өздерінің неге келгенін: Киімімді көріңіз, Етегіме төгіңіз. Барар жерім әлі көп, Байғазымды беріңіз! – деген секілді тақпақ арқылы білтіреді. Ондайда үй ішінде үлкендер отырса баланың бас-аяғына түгел қарап шығып «тууу, недеген әйбәт жарасқан!», «күтіп ки», «құп жарасқан екен!» деген сияқты жақсы лебіздер білдіреді. Сонымен бірге баланың жаңа киіміне байғазы ретінде қолда бар теңге, тана, маржандар тағып береді.Ол бір жағынан қолдан тіккен киімге әсемдік берсе, енді бір жағынан кем жерлерін толықтау мақсатында қадалады. Өйткені, көшпел... |
| Толығырақ... Оқылды: 585 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 25.04.2019 |
Кемпір өлді |
| Қазақ халқында бұрынға заманнан қазіргі уақытқа дейін сақталған дәстүрлер өте көп. Сақталған дәстүрлердің ішіне «үйлену той», «беташар», «қыз ұзату» «той», «шілдехана», «көкпар», «тұсаукесер», «сүндет той» және де т.б дәстүрлер кіреді. Және біздің халықта сақталған, бірақ ұмытылып бара жатқан дәстүрлер бар. Ол дәстүрглерге «құрсақ той» және «ат тергеу» дәстүрлерін қосса болады. Өкінішке орай мүлдем сақталмай қалған дәстүрлер де бар. Сақталмай қалған дәстүрлердің ішіне «кемпір өлді» деген дәстүр кіреді. Үйленердің алдында жігіт бір қызды алу үшін, біраз кәделерді орындау керек. Кәде деген міндетті түрді орын алатын ғұрыптық және дәстүрлік жиынтықтар атауы. Үйлену кәделеріне «ат байлар», «төсек салар», «сүт ақы», «балдыз көрімдік», «отау жабар», «қол ұстар» және т.б кәделер кіреді.... |
| Толығырақ... Оқылды: 875 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 25.04.2019 |
Ақсарбас атау ғұрпы туралы не білеміз? |
| Ақсарбас - дәстүрлі дініміздегі қуанышта, қайғыда, ауырғанда, сапарға аттанғанда мал атап, құрбандық шалатын салты. Қауіп-қатерге ұшырағанында «А, Құдайым оңдасын! Мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл аймағын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызылқасқа (сиыр). Адам ақсарбас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс. |
| Толығырақ... Оқылды: 876 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 22.04.2019 |
