ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
АУШАДИЯР ДӘСТҮРІН БІЛЕСІЗ БЕ? |
| Жастар шаңырақ көтергенде жасалатын салт-дәстүрлердің қатарында – аушадияр дәстүрі де бар. Үйлену тойы кезінде айталатын аушадияр – дәстүрлі өлең, жыр. Өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы бар бұл дәстүрдің жастарға ой салатыны белгілі. Тойдың көркін қыздырып, көркем шығармашылықпен айтылатын өнегелі өнер қазақтың ұмыт болған дәстүрлерінің қатарында. Бұл дәстүр Қазақ елінде ұмыт болғанымен, елімізден жырақта жүрген қазақтар сақтап қалған. Аушадияр үйлену тойы үстінде айтылады. Өлең жолдарында ақыл, үлгі, өнеге, тәлім-тәрбие туралы толғауды санамалап айтып, шаңырақты берік ұстау туралы ойлар астарлап жеткізіледі. Осындай бай дәстүрімізді бүгінгі әдетімізге енгізер болсақ, мәдени қазынамыз да, ұлттық өнеріміз де өсе түсер еді. Аушадияр дәстүрінде айтылатын өлең жолдары мынадай: Аушадияр бір болар, Жаманның көңілі кір болар. Ата-анасын сыйлаған. Ақ шалмалы би болар. Аушадияр екі дер, Ержеткеннің еркі дер, Омырауы толған о... |
| Толығырақ... Оқылды: 601 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 01.07.2019 |
Томыртқа – қазақша коктейль |
| Томыртқа – қыс айларында шөл басатын сусын. Томыртқа сорпаның ерекше бір түрі. Дәмді астан кейін, сорпаны ортаға алып келіп, оны сораптап ішу – дастарқандағы әңгімені үстеуге керемет тәсіл болған. Тойымды асты кейбірі айран қосылған сорпамен аяқтайтын болса, бірі майлы сорпаны қалап жатады. Ыстық сорпа сусындары ішіндегі ең ерекшесі томыртқа атымен белгілі. Ыстық, майлы сорпаның ішіне таза мұзды салып ішетін сусын томыртқа. Елін, жерін сағынғанда «маған жоқ майлы омыртқа, көзден ұшты-ау томыртқа» деген өлең жолдары сақталған. Бұл жол қай ақынның қамыққан кездегі сөзі екені белгісіз, бірақ томыртқа халық арасында кең таралған көрінеді. Қысқы майлы соғымның майлы сорпасының майын басу үшін және сорпаны тездетіп суыту үшін таза мұзды қосып ішу – дәстүрлі томыртқаның пайда болуына негіз болған. “Томыртқалау” сөзі – ыстықты жылы ету деген мағынаны білдіреді. Яғни, томыртқа сусынын жылы сорпа екенін түсінуге болады. Өкінішке қарай,... |
| Толығырақ... Оқылды: 591 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 19.06.2019 |
Бабалар сөзі – тәрбие көзі |
| Басты бет»Жаңалықтар»Бабалар сөзі – тәрбие көзі Бабалар сөзі – тәрбие көзі Жаңалықтар,Ұлағат28.02.2019 0152 рет оқылды – Елді кім, үйді кім бүлдіреді? — деп сұрапты қарт немересінен. –Ата, елді өсекші бүлдіреді, үйді ақылсыз бала бүлдіреді. – Жоқ, балам, олай емес! Есіңде болсын, ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді бүлдіреді. Әкім – ақылсыз болса,ел тозады, өсек әкімді өсірмейді. Өсекті тыңдау әкімге жараспайды, өсиетті тыңдамау тақтағы ханға жараспайды,– депті қария. – Үйдегі алтын қазық кім?– депті қарт. –Ата, үйдегі алтын қазық ер жігіт,– депті немересі. – Жоқ балам, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейі... |
| Толығырақ... Оқылды: 711 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 17.06.2019 |
БАТАЛЫ ҚҰЛ АРЫМАС |
| «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» деген мәтелді, әдетте, көп қолданамыз. Алайда, осы сөздің мәніне терең ой жүгірте бермейтініміз жасырын емес. Ұлтымыздың арғы-бергі тұрмыс дағдысында батаға ерекше көңіл бөлінген. Өмірге келген баланың әрбір сәтіне батаның қатысы бар. Айталық, «Фатихасын беру» деген дәстүр де болған. Фатиха – батиқа деген Құран Кәрімнің сүрелерінің, яғни «Құранның анасы, кітаптың кілті» деген мағына беретін болса, «Фатихасын беру» дәстүрі де осы мағынамен қанаттас ұғымнан туындайды. Яғни, оқуға түскен шәкірттің ұстазына берілетін сыйлық. Білім жолындағы жолы ашық болсын деген мағынада «ұстазынан бата алып, ғылым жолына түссін» деген ниетте берілетін сый-сиапат. Тағы бір қырынан қарасаң, білімнің кілтін алмақ үшін дуалы ауыз, ғалымдығы мен тақуалығы қатар өрілген ұстаздан бата (дұға) алу. Міне, осыдай ізгі ниетте иләһи салихалы амалдармен басталған шәкірт өмірі әрине жаман болмаған. Қазақ даласынан... |
| Толығырақ... Оқылды: 1186 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 10.06.2019 |
Несібені молайтудың құпиясын біле жүріңіз |
| Қазақ «Әр бала өз несібесімен туылады» дейді. Бұл дүниеге келген әр адамның осы өмірден алар өз үлесі бар, өзіне тиесілісі бар дегені. Алайда, ол несібенің аз не көп боларын ешкім болжай алмайды. Міне, несібе деген осындай көзге көрінбейтін, айқын білінбейтін, алайда әр адамға қажетті дүние. Асылында, несібенің екі түрі болады екен. Біреуі — еш əрекет жасамасаң да өзі келіп бұйырып, табалдырығыңнан еніп, табағыңа түсіп тұратын несібе. Екінші түрі қара еңбек, маңдай термен келеді. Алғашқысы — Алланың сыйы, соңғысы — Алланың əділдігі деп біліңіз. Кім-кім де болмасын, несібесінің мол болғанын қалайды. Әсіресе, алғашқысын, яғни, «Алланың сыйын». Әрине, маңдай термен берілетін несібенің де орны бір бөлек. Әйткенмен, үйіңе құт-ырыс кіріп келсе, жақсы жаңалықтар біріне-бірі жалғасып жатса, өмірде айың оңыңнан, жұлдызың солыңнан туып, мол несібеге шомылып жүрсең бұдан асқан қандай ғанибет болсын?! Сол үшін ырымдап қазақ қандай да бір әрекеттер жасағ... |
| Толығырақ... Оқылды: 541 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 04.06.2019 |
Құлақтың шыңылдауы нендей құпияны айтады? |
| «Қай құлағым шыңылдады?» деді қарсы алдымда отырған қыздың біреуі. Екі көзін телефоннан айыра алмаған құрбысы "оң" деді. Сұрақ қойып отырған қыз ырза болып қалды. Соған қарағанда құрбысы дұрыс жауап берген-ау. Сізге де бұл сұрақ сан мәрте қойылған шығар. «Оң құлағы шыңылдаса, біреу мақтап жатқаны», ал егер «сол жақтағысы шыңылдаса, сені біреу әбден сыбап жатқаны». Солай емес пе? Бұл бізде қалыптасқан сенім. Шын мәнінде құлақтың шыңылдауында қандай мән бар. Медицина бұл жөнінде не дейді? Ал шариғат бойынша құлақтың шыңылдауында қандай құпия бар? Осы сұрақтар төңірегіндегі ізденісіміздің нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз. Ғалымдар құлақтың шыңылдауы мен басқа дене мүшелерінің созылмалы ауруларының байланысы бар екенін анықтады. Зерттеушілер құлақтың шыңылдауын («тиннитус» деп атайды) – құлақ ауруларымен, ми атеросклерозымен, есту қабілетінің нашарлауымен байланыстырады. Сондай-ақ медициналық препараттарды қолданудың әсерінен... |
| Толығырақ... Оқылды: 562 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 04.06.2019 |
Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді |
| Жағыңа таянба, бүйіріңді таянба, тізеңді құшақтама, аяғыңды айқастырып отырма... Қазақтың ырым-тыйымдары соншалық көп, тіпті кейде "сонда қалай өмір сүру керек өзі?!" деп күйіп кетеміз. Олардың түп төркіні қайдан шығады? Мағынасы не? Дастархандағы нан қиқымдарын, басқа да қалдықтарды пышақтың жүзімен жинауға болмайды. Оның себебі мынада екен. Дастархандағы қалдықты пышақ жүзімен жинаған адамның ғұмыры қысқа болады-мыс. Егер, адам бұл ырымды білмесе ештеңе етпейді. Біле тұра, ести тұра әрекетін жалғастыра берсе бұл ырым қырын кетпеген деседі... «Ас атасы – нан»деп жатамыз. «Биіктегі нанға қолың жетпесе, табаныңның астына басқа қоятын ештеңе табылмаса, Құран кітабын қойып алуға болады» деп үлкендер айтып отыратын. Әрине, қазақ үшін Құран кітабы да қадірлі, дегенмен «ораза, намаз тоқтықта» дегендей ата-бабаларымыз нанға деген құрметін білдірсе керек.«Нанды бір қолмен үзуге болмайды»деген де осы құрметтен шыққан тыйым. Қ... |
| Толығырақ... Оқылды: 721 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 28.05.2019 |
Соғымбасы немесе түйімшілік |
| Ет жемесек тісіміз қышитын халықпыз ғой. Жаздай қой-ешкі тәрізді ұсақ малымыздың етін жеп, «күздік» деген сылтаумен қазан-қараша айларында алдын ала белгіленген ірі қарамыздың бірін сойып тастаймыз. Желтоқсанның екінші жартысына ауа бере қаладағы қазақтар амандықтан соң «Соғым сойдың ба? Соғымға не соясың?» деген сұрақтарды автоматты түрде қалай қойғандарын білмей қалады. Сонымен, соғым деген не? «Қыс азығын жаз қамдайтын» ауыл қазақтары соғымға соятын малды күні бұрын белгілеп, жаздың соңында-ақ не соятынын шешіп қояды. Соғымға төрт түлік малдың ішінен сиыр, түйе және жылқы малын союға болады. Еліміздің әр аймағы өмір сүру салтына байланысты соғымға әр түрлі малды таңдайды. Батыс Қазақстан жағында жылқымен қатар түйе соятындар болса, арқа өңірінде тек қана жылқы сояды. Жылқы союға жағдайы келмегендер ту сиыр сояды. Арқа қазағы бір жылқыны бір отбасыға арнап сойса, оңтүстік өңірлерде бір жылқының етін бірнеше адам жіліктеп, бөліп алу салты көп кез... |
| Толығырақ... Оқылды: 770 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 28.05.2019 |
"Бәсіре атау" бүгінде қалай аталады? |
| Қазақта сәби дүниеге келген күннен бастап оның әрбір қадамы назардан тыс қалмай, түрлі салт-дәстүрмен және ырымдармен аталып отыратын.Сондай салттың бірі - бәсіре атау. Тарихқа үңілсек, қазақ халқының ұғымы бойынша, дүниеге келген баланың болашағы өзіне атап бергенбәсіремен байланысты болады деп саналған. "Ұл бала дүниеге келгенде дәл сол мезетте төлдеген құлынды бәсіре деп атайды. Бәсіре ат 4-5 жастағы балаға беріледі. Ол барынша жүйрік, мықты болуы қажет. Көбіне бәсірені баланың өз ата-анасы, нағашылары сыйлайды. Ал бала өз кезегінде оны күтіп, бағып, үй шаруасына бейімделеді. Осыдан бала еңбекқор және ер мінезді болып өседі деген түсінік болған Тарихи мәліметтерге қарағанда, бәсіре атаудың мақсаты - баланы жастайынан еңбекке баулу. Еншісіне тиген тайды баптап-өсіру бала үшін де қызықты болған. Сыйға тартқан бәсіресі өсіп келе жатқанбаланы болашаққа, жақсы күндерге апаратын көлігі, қанаты болсын деп ырымдаған. Алайда бүгінде көбіне төркіндеп барған қыздың сәбиіне нағашы жұрт... |
| Толығырақ... Оқылды: 571 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 21.05.2019 |
«Көгентүп» салтын ұмытпадыңыз ба? |
| «Мың шақырым жол бір қадамнан басталады» дейді данагөй халқымыз.Қолға ұстауға жарап қалған сәбиінің бірінші рет қонаққа барғанына да дәл біздің қазақтай мән беріп қуанатын халық жоқ шығар. Баланы көтеріп жақын ағайын-туыстың, құда-жегжаттың үйіне барғанда көңіл жетер жақын адамдары «бірінші рет үйге келді» деп «көгентүп» беретін болған. «Көгентүп» дегеніміз – балаға берілетін қозы-лақ, бұзау немесе құлын. «Көген» деп төлдің мойнынабайлайтын жіпті айтады, яғни «көгентүп» – балаға «көгеннің түбі болсын», «алғашқы малы болсын» деген ниетпен берілетін малдың төлі. Мұның өзі – келген жақтың қозы-лағының жоқтығынан емес, баланың бірінші рет қонаққа келгенін ескеру, оның алғашқы қадамына «өмірі берекелі болсын», «малды болып жүрсін» деп ниет білдіру. Бір жағынан, ағайын-туыс арасындағы татулық пен сыйластықты одан әрі қоюлата түсу, татулықты бекіту. Баласын... |
| Толығырақ... Оқылды: 549 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 21.05.2019 |
