ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Ауырып төсекке таңылғандар - той тойлап, сабылғандар

Күн сайын құбылған көрсеткіш. Біресе «сарғайып» сары уайымға салған, артынша «қызарып» құтымызды қашырған аймақтардың түстері. Адамдардың санасын көрінбейтін «жаудың» үрейі билеп алғандай. Сіз бәлкім оны сезбеуіңіз де мүмкін алайда, байқайсыз ба, күлкінің өзі күңіреніп шығатын секілді. Бір мазасыздық бар. Әйтеуір, ала-құла күйбең тіршілік. Бір отбасы ет жақынынан айырылып қара жамылса, керісінше келесі бір шаңырақ шаттықтан шадыман күй кешіп, әлі де алаңсыз қалпы тойға шақыру таратып шапқылап жүр. «Тапқанымыз тойға шашылсын», «Шақырған жерден қалма» дейтін қазақы бейқамдығымыз бен «бармасаң, ұят болады» дейтін жалған көңіл вирустың таралуын күшейткенін мойындағымыз келмейді. Қаншама адам ажал құшып, қаншасы аурухана төсегінде дәрменсіз күйде жатса да, бізді тоқтата алатын түрі жоқ. Неге?! «Қой» деп шектеу қойған сайын қасарыса түсетініміз қалай?! «Барма» деген сайын сабылып, шабылуымызды қо...
Толығырақ... Оқылды: 868 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 14.08.2021

Қазақтың ұлттық аспабы- Домбыра

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Еліміз жаңа кезеңге аяқ басты. Жыл сайынғы жолдауының үшінші жаңғыру басталғанынын жариялады. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі –саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу екенін атап айтқан. Жағымды жаңалық жүрегімізге жылы ұялап, жанымызды жадыратты. Елбасымыздың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып жарияланды. Жыл сайын аталып өтілетін бұл мерекенің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі орасан зор. Екі шектің бірін қатты, бірін сәл- пәл кем бұра. Нағыз қазақ –қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра! Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана: Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана. Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын Деп бір ханда шанағына құйған оның қорғасын. Жалған сөйлеп көрген емес дәл сол кездің өзінде: Апп...
Толығырақ... Оқылды: 1223 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 01.07.2021

Мені іздесе жас ұрпақ, жырларымнан табады

Жыр алыбы Жамбыл бастаған халық ақындарының көшіне көз жібергенде солардың бел ортасында көзге түсетін ақын-Қалқа Жапсарбаев. Қалқа –көпқырлы ақын. Оны халқына алғаш танытқан айтыстары болды. Айтыс ақынға болашақта абырой әперетін, бағы мен бақытын көтеретін өнер деп ұққан Қалқа атамыз әр айтысқа жауапты қарап,халық көңіліндегі сөзді айта білуге тырысқан. Оған ақынның ертеректегі Нұрбала, Құрама, Үмбетәлі, Иманжан, Қуаттармен айтыстары дәлел. Қ.Жапсарбаев еңбек майданында болсын, жыр-айтыс додасында болсын қанжардай жарқылдап, тіліп түсер өткірлігімен халық ілтипатына бөленді. Өзінің замандастары К.Әзірбаев, Ү.Кәрібаев, Е.Қандеков, Қ. Терібаев сынды ақындармен айтысқа түскен. Ол кейінірек «Қамбар батыр», «Қыз Жібек» жырларын халыққа ұсынып, жыршы атана жүріп, ертегі-аңыздарды өзі де дастанға айналдыруға ден қойған. Қалқаның ақындығына сазгерлігі үндескен және әншілігін елге қатар танытқан өлеңі-«Қалқа» және «Қалқаның жайқоңыры»....
Толығырақ... Оқылды: 1746 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 17.06.2021

Аңшылық - қазақтың байырғы кәсібі

Аңшылық-саятшылық – қазақтың байырғы да қосалқы кәсібінің, сондай-ақ көшпелілер үшін күнкөрістің әрі көңіл көтерудің бір саласы. Аңшылықтың бейнеті, еңбек шығыны аз, бірақ табысы құнды – бағалы аң терісі, еті, қауырсыны, мамығы – қай-қайсысы да адамдардың қажетіне жараған. Иә, мұның бәрі жалпы ата-бабамыздың көшпелі өмірінің ажырамас бөлшегіндей дүние. Алайда кейінгі уақытта аңшылықты кәсіп қылғандардың қарасы азайып барады. Бұл да заманның озығы не тозығы шығар? Бүгінде мылтық асынып, ит жү­гіртіп, құс салатын аңшылық пен саятшылық кәсіптен гөрі спорт­тық мағынаға ауысқандай. Әлеу­меттік желіден ит жарыстырып, тө­белестіріп немесе қыран құсты аңға салудан жарысқан жаңалықтар бірен-саран болса да ұшырасып жатады. Енді бірі дала аңын қызық үшін баудай қырып, онымен бірге суретке түсіп жатады. Табыс үшін ақбөкендерді аяусыз атып жатқандар қаншама? Иә, бұл бөлек әңгіме. Біз­дің жазбағымыз аңшылықты ата жолымен ұстап келе жатқан азаматтар туралы болма...
Толығырақ... Оқылды: 1607 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 03.06.2021

Тәрбие бастауы – отбасыдан

Қазақ халқы ертеден-ақ тәрбиеге жете көңіл бөліп келеді. Оның айғағы ретінде тәрбиеге байланысты нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, өсиет сөздер, тіпті данышпан бабалардың артындағы ұрпақтары үшін жазып қалдырып кеткен асыл ойлары ғасырдан-ғасырға сақталып бүгінгі жеткіншектерге жетіп келеді. Мысалы «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Аяғын көріп асын іш, шешесін көріп қызын ал» деген сияқты көптеген асыл сөз, салмақты ойлары бүгінгі күні де өз мәні мен қадір-қасиетін жоғалтқан емес. Бір ауыз сөзбен тобықтай түйін түйген, сөз қадірін түсініп, соған тоқтап, бас иген бабаларымыз қандай құдіретті десеңізші. Әсіресе, қыз бала тәрбиесіне келгенде «Қызға қырық үйден тыйым, қала берсе қара күңнен де тыйым» деген сөзінде қаншама мән жатыр. Бұл жердегі халық мақалының мәні – қыз бала тәрбиесінің күрделілігі, ертеңгі елдің тұтқасы боларлық, ел тізгінін ұстар ұрпақты дүниеге әкелер, отбасының ұйытқысы болар қыз тәрбиесінің нәзік те маңыздылығы тура...
Толығырақ... Оқылды: 1678 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 02.04.2021

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

Сенбе жұртқа, тұрсада да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар Еңбегің мен ақылың екі жақтап, - деп дана Абай атамыздың ғибрат аларлық осы бір өлең жолдарын оқушының түпкі ой-санасына сіңірте отырып, алдағы уақытта түрлі байқауларда жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатындығын түсіндірсек, яғни, талмай еңбек ету, білім алу, ізденіп ойға түю, оны шыңдау арқылы еңбек пен ақылдың үндесіп, бір арнаға тоғысуы айдан анық. Міне, осы тұрғыда ұлы ойшылдың сөзін басты назарда ұстап, әрбір байқауға, жарысқа қатысатын оқушыларымды Абай салған сара жолмен жүргізіп, тәлім беріп, үйретер болсақ, онда биік белестерді бағындырарымыз сөзсіз. «Ұстаз – ұлы есім» - деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Аудан мектептерінің әрбір тіл маманы өзіне сеніп тапсырылған істі жауапкершілікпен атқарып, әрқашан жоғары көрсеткіш көрсетуге ұмтылады. Осы тұста айтпағым, жылда дәстүрге айналған аудандық, облыстық байқауларымыз, оқуларымыз былтырғы оқу жылынан ба...
Толығырақ... Оқылды: 1708 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 01.04.2021

Тәрбие – тал бесіктен

Тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көп көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне баса назар аударғандығы белгілі. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген нақыл бар. Кішкентай бала бойында адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде халықтық педагогиканың маңызы зор. Үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да кішкене кезінен бастаған дұрыс. Балаға сөйлей бастағанынан-ақ ата-баба өсиеттерін сіңіріп, салт-дәстүрлерді біліп, ел қамын ойлайтын, тілін, дінін құрметтейтін, өз ұлтымен қатар өзгелерді сыйлай алатындай етіп шығару ата-ананың басты мақсаты болуға тиіс. Қазіргі қоғамның алдында тұрған мәселенің бірі – бүгінгі жас жеткіншектің бойына бәсекеге қабілетті құндылықты қалып...
Толығырақ... Оқылды: 1837 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 19.03.2021

ҚОЛӨНЕР

«Астау жасау» ерекше өнер туындысы Ағаш - табиғаттың тамаша туындысы. Табиғаттың ерекше туындысынан керемет күнделікті қолданысқа ие болатын заттар жасап шығаруға болады. Ерте заманнан - ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланғандығы баршамызға аян. Тарихқа үңілетін болсақ, ағаштан аң аулауға қажетті аша таяқ, найза, жебе тағыда басқа заттар жасаған. Қазіргі уақытта да бізге ағаштан жасалған заттарсыз өмірімізді елестетудің өзі қиын. Тұрған үйіміз, үй жиһаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданылатын заттардың көбі ағаштан жасалған. Қолөнердің ең көп тараған түрлерінің бірі - бұл ағашты көркемдеп, өңдеу. Ертеден - ақ көшпелі халық тұрмысына қажетті заттарды өздері жасап отырған. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық, киім ілгіш, тостаған, саптаяқ, шара, оқтау, табақ пен тегештерді аса шеберлікпен жасаған. Тіпті, бүгінгі таңда күнделікті пайдаланып жүрген қағаздың өзін осы ағаштан жасаймыз. Аға...
Толығырақ... Оқылды: 1916 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 19.03.2021

ТҮРКИЯДА ТҰРАТЫН ҚАЗАҚ АҚСАҚАЛ 75 БИЕ БАЙЛАП ОТЫР

Дана халқымызда: «Адам айдаса барма, дәм айдаса қалма» деген қанатты сөз бар. Сол айтқандай, ойламаған жерден өңіміз түгілі түсімізге кірмеген Түркия мемлекетінің дәмі тартып,«Қайдасың, Түркия?» деп ұшаққа мініп, Измир қаласынан бір-ақ шықтық. Сөйтіп, бір айдай уақыт көптеген қаласында болдық. ТүріктердіңСельжук мемлекеті болған кездегі тарихи орнына бардық, мешітіне кіріп, намаз оқыдық. Жергілікті халықтармен дәмдес-тұздас болып, жап-жақсы араластық.«Бауырында күнде көріп жүргеннен соң, таудың да биіктігі байқалмайды» демекші, өз Отанымызда жүргенде туған жеріміздің, ұлтымыздың қадірін біле бермейді екенбіз. Шетке шыққан аз уақыт ішінде кәдімгідей елімізді, жерімізді, тілімізді сағындық. Бір күні тұрғылықты адамдардан: «Осында тұрғылықты қазақтар бар ма?»– деп сұрап едік, олар шамасы 100 шақырым жерде тұратынын айтты. Ести сала сонда тарттық. Ал іздегенімізді тапқанда қуанғанымыз соншалық, ет жүрегіміз елжіреді. Әсіресе, алыстан...
Толығырақ... Оқылды: 221 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 04.09.2020

Індет кезінде дұрыс тамақтану аса маңызды

Карантин өз нәтижесін беріп, елімізде коронавирус қарқыны бәсеңдеді. Алайда, біз бұл індетті толығымен ауыздықтаған жоқпыз. Коронавирус пен пневмониядан өлім-жітім қатты төмендей қоймады. Бұл індетпен күрес оңай болайын деп тұрған жоқ, бірақ, бастысы біз дұрыс бағыттамыз. Жақсылыққа сене білу керек, халқымыз «Жақсы сөз - жарым ырыс» дейді. Жақсы ой болмаса, сенім болмаса қиындықты еңсеруіміз екіталай. Осы эпидемия бастау алғаннан бері біздің халық бір-біріне қамқорлық жасап, қолдау білдірді. Біздің азаматтарымыз бен азаматшаларымыздың бір-біріне деген жанашырлығы, бауырластық танытуы, тілектес болуы, бір-біріне тірек, медет болуы, бір жұдырықтай жұмылуы - міне, елімізде коронавирустың бәсеңдеуінің ең негізгі себебі осы. Бұл халықтың үлесі. Халық қолдан келгеннің бәрін жасады, өз күшімен барлық амалдарды қарастырды. Халқымның ерлігіне, бауырмалдығына тәнтімін. Еліміз бұрын-соңды болмаған күрделі ахуалмен бетпе-бет келіп отыр. Үкімет тарапынан да қажетті көмек көрсетіліп,...
Толығырақ... Оқылды: 236 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 06.08.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.