ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ
Жарқын болашақ жастардың қолында |
| Елбасымыз халыққа Жолдауында: біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр, - деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек. Кез келген ел өзінің болашағын өскелең ұрпағымен байланыстырады. Елімізді өркендетіп, мемлекетімізді көркейту үшін сапалы білім мен саналы тәрбие алу – жастардың басты міндеті. Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні ауданымыздағы Б.Құндақбаева атындағы орта мектебінде аудандық «Жарқын болашақ жастардың қолында» тақырыбындағы кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің, саясатын қалыптастыру, жоғары моральдық – этикалық нормалар мен құндылықтарды арттыру. Бабаларымыздың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері мен жас ұрпақтың жасампаздығы арасындағы сабақтастығын ны... |
| Толығырақ... Оқылды: 1003 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 24.05.2019 |
ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ... |
| «Жастар – біздің болашағымыз. Оларды жаңа заманда өмір сүруге үйрету – біздің міндетіміз» Н.Ә.НАЗАРБАЕВ Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осы орайда, шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы мерекеде, яғни, наурыздың 14-і көрісу күнінде Еңбекші ауылдық округіне қарасты Зылиха Тамшыбай атындағы шағын орталығы бар орта мектебінің мәжіліс залында «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» атты жастармен кездесу кеші өтті. Аталған кездесуге облыс пен ауданымызға еңбегі сіңген мемлекеттік қызметкерлер, ардагер ұстаздар, талай-талай биік белестерді бағындырған өнер майталмандары мен ауданның Құрметті азаматтары қатысты. Атап айтсақ, қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған «Тақиялы періште» кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдаған майталман әртіс, ҚР «Мәдениет қайраткері», Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімға... |
| Толығырақ... Оқылды: 760 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 20.03.2019 |
ҚОҒАМ ТАЛАБЫ – ТӘРТІП |
| Ауылдың тазалығына, көркейіп гүлденуіне атсалысу, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық орындарда этиканы сақтау, жеке тұлғаларды тиіспеу, ортақ пайдалану орындарын, яғни, саябақтарды, скверлерді ластамау және қоғамдық тәртіпті, адамдардың тыныштығын бұзбау мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Мұқаншы ауылдық округінде «Қоғам талабы- тәртіп» атты «Жалын» студенттік жасағымен акция өтті. Шараға «Жастар ресурстық орталығының» маманы Берік Юсупбаев, «Жалын» студенттік жасағы, Мұқаншы ауылдық округінің әдіскер-нұсқаушысы Абзал Сатаев қатысты. Акция барысында Мұқаншы ауылдық округіне қарасты Көксу бекетіндегі қоғамдық орындарды, орталық көшелерді, дүкендерді аралап, ауыл келбетіне нұқсан келтіріп, қоғамдық тәртіпті сақтамай, құқық бұзушылықтарға жол бергендерге арнайы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, яғни қоғамдық орындарда этиканы сақтау, тұрғын жайларды қорлау, төңірегіндегіле... |
| Толығырақ... Оқылды: 653 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 14.03.2019 |
КЕЛЕШЕГІМІЗДІҢ КІЛТІ – ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ |
| Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 2019 жыл – Жастар жылы деп жарияланды. Жастар қоғамның қозғаушы күші, ең белсенді бөлігі, яғни жарқын болашақ кепілі, ал, болашақ бүгіннен басталады! Қазақстанды дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің арасына қосу біздің қолымызда және бізге артылған үміт пен сенім. «Жастық шағың – жарқын жаздың бейнесі, құтты жаздың ала алсаң, жоқ бермесі», - деп Сәбит Мұқанов атамыз айтқандай, жастық шақ әрдайым қызғалдақ құлпыратын шақ. Бүгінгі жас ұрпақ, ел ертеңі – біздер. Біз – ертеңгі күні ел тағдырын ойлайтын осы жалындаған жастармыз. Ең алдымен біз білім алып, «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз», - деп қазақтың бас ақыны Абай айтқандай, еліміздің білім деңгейін биік шыңға көтеріп, қазақ елін әлемге одан ары мойындатсақ, бізден асқан бақытты мемлекет, қазақ елінен асқан бақытты халық болмас... Киелі Көксу ауданымызда да білімді әрі жалынды жастар аз емес. Сол жастар түрлі шыңдарды бағын... |
| Толығырақ... Оқылды: 1582 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 14.03.2019 |
