ӘЛЕУМЕТ

Балалардың қауіпсіздігі – баршаға ортақ міндет

Баланың өмірі мен денсаулығы – әр отбасы үшін ең басты құндылық. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Баланы түрлі қауіп-қатерден қорғау үшін ересектер тарапынан тұрақты бақылау, қамқорлық және түсіндіру жұмыстары қажет. Осыған байланысты ата-аналар мен заңды өкілдер балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, күнделікті өмірде қарапайым сақтық шараларын сақтаудың маңызын түсіндіруі тиіс. Су айдындарындағы қауіпсіздік – жаз мезгілінде ерекше назар аударуды қажет ететін бағыттардың бірі. Балаларды суға ересектердің қарауынсыз жібермеу, белгіленбеген жерлерде шомылуға жол бермеу және судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру қажет. Сонымен қатар терезеден құлап кетудің алдын алу да маңызды. Кішкентай балаларды ашық терезенің маңында қараусыз қалдырмай, терезелердің қауіпсіздігіне көз жеткізу керек. Жол қауіпсіздігі мәселесіне де ерекше мән берген жөн. Балалар жолдың жүріс бөлігін тек белг...
Толығырақ... Оқылды: 4 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.08.2026

ЖЕТІСУ – ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ!

Астана қаласында Жетісу облысының мәдениеті, ұлттық мұрасы, қолөнері, ауыл шаруашылығы және заманауи креативті индустриясы тоғысқан ерекше жәрмеңке өтеді! ???? Жәрмеңке аясында сіздерді: ???? Жетісу өңірінің табиғи және географиялық ерекшеліктерін таныстыратын Welcome Zone; ???? Ұлттық қолөнер мен заманауи этнодизайн өнімдері ұсынылатын Қолөнер залы; ???? Жетісудың ауыл шаруашылығы өнімдері, голограммада тұлғалардың бейнелері, жергілікті өндірушілердің өнімдері таныстырылатын QAZYNA HALL; ???? Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарынан құралған Ұлттық аспаптар әлемі; ???? NOMAD ART HALL – театрландырылған қойылымдар, «JETSІU CREATIVE» бейнеролигі және NOMAD STYLE SHOW; ???? Қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдары, ат әбзелдері, ағаш және сүйек бұйымдары ұсынылатын ETHNO VILLAGE; ???? Заманауи дизайнерлердің ұлттық нақыштағы авторлық топтамалары ұсынылатын Ұлттық киім галереясы күтеді. ???? Астана қаласы, Жошы хан 16/2 ???? 15–16 тамыз 2026 жыл Жетісуд...
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.08.2026

Көксу ауданында абаттандыру талаптарының сақталуы бойынша рейд жүргізілді

Көксу ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында арнайы мобильді топтың қатысуымен профилактикалық рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Мобильді топ өкілдері халық көп шоғырланатын қоғамдық орындар мен елді мекендердің ішкі көшелерін аралап, аумақтардың тазалығы мен абаттандыру талаптарының сақталуына бақылау жүргізді. Рейд барысында елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау, сондай-ақ жасыл желектерге зиян келтіру фактілері анықталды. Тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы 1-бөлігіне сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Нәтижесінде құқық бұзушыларға 16 әкімшілік ескерту беріліп, 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде 2...
Толығырақ... Оқылды: 4 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.08.2026

Көксу ауданында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рейд өткізілуд

Көксу ауданында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілер арасында жол жүрісі ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру мақсатында профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізілуде. Рейд барысында Көксу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, жол жүрісі ережелерінің сақталуын бақылауда. Полиция қызметкерлері анықталған құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, жүргізушілерге жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әсіресе белгіленген жылдамдықты сақтау, қауіпсіздік белдігін тағу, көлік құралын мас күйінде басқармау және көлік жүргізу кезінде ұялы телефонға алаңдамау қажеттігі ескертілуде. Жолдағы қауіпсіздік – баршаға ортақ жауапкершілік. Жүргізушінің әрбір жауапсыз әрекеті өзінің ғана емес, жолаушылар мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Полиция қызметкерлері аудан...
Толығырақ... Оқылды: 5 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.08.2026

Абай күніне орай «Толық адам» тұжырымдамасы аясында «Желсіз түнде жарық ай» әдеби сазды кеш ұйымдастырылды

Абай күніне орай Жетісу облысында «Желсіз түнде жарық ай» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылып, жастар мен әдебиетсүйер қауымның басын қосты. Іс-шараның басты мақсаты – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының мол рухани мұрасын кеңінен насихаттау, жастардың қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және шығармашыл жастардың басын қосып, рухани-мәдени ортаны қалыптастыру болды. Кеш аясында қатысушылар Абай шығармашылығына арналған кітап көрмесі мен инсталляцияны тамашалап, ұлттық нақыштағы фотозонада естелік суретке түсіп, қазақтың дәстүрлі тағамдарынан дәм татты. Сонымен қатар Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіліп, әдеби кештің мазмұнын толықтыра түсті. Іс-шараға арнайы шақырылған ақындар Жұматай Оспанұлы, Жангелді Немеребаев, Мұхтар Күмісбек және Санжар Сұлтанғазы қатысып, Абай мұрасының бүгінгі қоғамдағы маңызы туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ олар Абайғ...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.08.2026

Отандық өндірісті дамыту және импортты алмастыру: Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда

Отандық тауар өндірушілерді қолдау – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет ішкі өндірісті дамытуға, жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар құруға, қазақстандық қамту үлесін арттыруға және ел ішінде орнықты өндірістік тізбектер қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырды. Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдау жеңілдетілген қаржыландыру мен мемлекеттік сатып алудан бастап, ірі кәсіпорындарды отандық жеткізушілермен жұмыс істеуге ынталандыруға, өнеркәсіп кооперациясын дамытуға және қазақстандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін кеңейтуге дейінгі бизнесті дамытудың барлық кезеңін қамтиды. Кепілдендірілген сұраныс: мемлекеттік сатып алулар отандық бизнесті қолдау құралына айналады Отандық өндірушілерді қолдаудың негізгі тетіктерінің бірі мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулар. Үкімет қабылдаған шаралар қазақстандық кәсіпорындарға басымдық беру, ұзақмерзімді және офтейк-келісімшарттарды...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.08.2026

Қазақстанда Абай күні аталып өтіп жатыр: Ұлы ойшылдың туғанына 181 жыл толды

10 тамызда Қазақстанда Абай күні аталып өтеді. Биыл қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, философы, композиторы және қоғам ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толды. Оның шығармашылығы қазақ жазба әдебиеті мен ұлттық мәдениеттің маңызды негіздерінің біріне айналды. Абай 1845 жылы 10 тамызда Семей өңірінде Тобықты руының беделді старшыны Құнанбай Өскенбайұлының отбасында дүниеге келген. Болашақ ақын алғашқы білімін үйде алып, кейін Семейдегі Ахмет-Риза медресесінде оқыды. Сонымен қатар орыс мектебіне де барып жүрді. Абай араб және парсы тілдерін меңгеріп, Шығыстың бай мұрасымен танысты. Науаи, Фирдоуси, Низами, Сағди, Жәми және Хафиз шығармаларын оқыды. Қаладағы оқуын аяқтамай, әкесінің қалауымен Абай далаға оралып, біртіндеп қоғамдық және әкімшілік істерге араласа бастады. Даулы мәселелерді шешуге қатысып, даладағы әдет-ғұрып құқығы мен басқару дәстүрлерін танып-білді, шешендік қабілетін шыңдады. Сол кездің өзінде оның дербес ойлайтыны және әділдікке ұмтылысы байқалды. Көптеген...
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.08.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты назарда

Көксу ауданында профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді Көксу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және әкімшілік қадағалау есебінде тұрған тұлғалармен профилактикалық кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – профилактикалық есепте тұрған азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қайта құқық бұзушылық жасаудың алдын алу және қоғамдағы заң мен тәртіпті қамтамасыз ету. Кездесу барысында полиция қызметкерлері азаматтарға Қазақстан Республикасының заң талаптарын қатаң сақтау, белгіленген міндеттерді орындау және әкімшілік қадағалау талаптарын бұзбау қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар, құқық бұзушылыққа жол берген жағдайда заңнамада көзделген жауапкершілік қарастырылатыны ескертілді. Профилактикалық әңгіме барысында қатысушыларға қоғамдық тәртіпті сақтау, спирттік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудан және басқа да құқыққа қайшы әрекеттерден аулақ болу жөнінде кеңестер берілді. Полиц...
Толығырақ... Оқылды: 5 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.08.2026

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

23 маусым – еліміздің тыныштығы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Қазақстан полициясы күні. Мереке қарсаңында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды білуде облыстық полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсайыновпен сұхбаттасқан едік. – Сарқытбай Закирұлы, жыл басынан бері қалада қанша қылмыс тіркелді? Жалпы қылмыс саны азайды ма? – Облыс бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтарды тіркеу көрсеткіші 14 пайызға төмендеді. Өткен жылы 1478 қылмыс тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 1279-ға дейін азайып отыр. Сонымен қатар денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, ұрлық, оның ішінде пәтер ұрлығы, ұялы телефон ұрлығы, мал ұрлығы, алаяқтық, тонау және бұзақылық қылмыстарының саны едәуір азайды. Адам өлтіру, зорлау, бұзақылық және көлік құралдарын ұрлау қылмыстарының ашылуы жүз пайызды құрап отыр. Бұл – тәртіп сақшыларының жүйелі әрі табанды жұмысының нәтижесі. – Мемлекет басшысы бастамашы болған «Заң мен Тәртіп&raq...
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.08.2026

10 күнде 121 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

Елімізде полиция жаңалықтары жиі жарияланып тұратыны жасырын емес. Дегенмен нашақорлықтың алдын алу және синтетикалық есірткі тасымалына тосқауыл қою бағытындағы жұмыстар ерекше назарды талап етеді. Шілде айының алғашқы онкүндігінде тәртіп сақшылары 121 келіден астам аса қауіпті психотроптық затты айналымнан алды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Елордада тәртіп сақшылары 26 жастағы тұрғынды қолға түсірді. Оны жеке тінту және жалға алған пәтерін тексеру кезінде салмағы 245 грамм болатын 227 орам a-PVP заты табылды. Оқырманға түсінікті болуы үшін тарқата кетсек, a-PVP (альфа-PVP) – адамның орталық жүйке жүйесін тез бұзатын, бір-екі рет қолданғаннан-ақ психологиялық әрі физикалық тәуелділік тудыратын аса қауіпті химиялық қоспа. Күдікті аталған тауарды қала ішінде жасырын орындарға қою, яғни «закладка» жасау арқылы сатпақ ниетте болған. Мұндай заттардың тіпті бір-ақ грамының өзі бірнеше адамның өмірін құртуға жеткілікті екенін ескерсек, 245 грамм &nd...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.08.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.