ӘЛЕУМЕТ
Адам саудасының құрбаны болған 171 жанға көмек көрсетілді |
| Қазақстанда өткен 2025 жылы адам саудасының құрбаны болған 171 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Курсив сайтына сілтеме жасап. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен ведомствоаралық комиссия отырысында мәлім болғандай, көмек алғандардың қатарында 94 ер адам, 52 әйел және 25 бала бар. Айта кетерлігі, мемлекет тарапынан берілетін қолдау тек отандастарымызға ғана емес, шетелдіктерге де бағытталған. Мәселен, өткен жылы 93 шетел азаматына тиісті жәрдем берілді. Оларға уақытша баспана, медициналық және психологиялық көмек ұсынылып, құжаттарын қалпына келтіру мен жұмысқа орналасу мәселелері шешілді. 2024 жылғы шілдеде қабылданған «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Заң бұл бағыттағы жұмыстың сапасын түбегейлі өзгертті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев атап өткендей, қазіргі жүйе әрбір зардап шеккен жанды жеке қорғауға және оны оңалту процесінде толық сүйемелдеуг... |
| Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.07.2026 |
Мемлекеттік қызметтегі меритократия қағидаты |
| Мемлекеттік қызметтегі меритократия – мемлекеттік қызметке қабылдау және қызметтік өсу кезінде азаматтардың кәсіби біліктілігіне, білім деңгейіне, еңбек нәтижесіне және құзыреттілігіне негізделетін қағидат. Бұл қағидат кәсіби, тиімді әрі халыққа қызмет ететін мемлекеттік аппарат қалыптастырудың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады. Меритократия қағидатына сәйкес мемлекеттік қызметке іріктеу, бағалау және мансаптық ілгерілету үдерістері ашықтық, әділдік және тең мүмкіндік негізінде сай жүзеге асырылады. Бұл мемлекеттік органдардағы кадрлық саясаттың тиімділігін арттырып, кәсіби мамандарды ынталандыруға мүмкіндік береді. Меритократия қағидатының іс жүзінде іске асырылуы мемлекеттік аппаратқа деген сенімділікті нығайтып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметшілердің жай-күйі туралы есептілігінің нәтижесіне сәйкес, меритократия қағидаты бойынша оларды тағайынд... |
| Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.07.2026 |
«Алакөл толқыны» фестивалі өтеді |
| Жетісу облысының көрікті мекендерінің бірі – ғажайып табиғатымен танымал Алакөл көлінің жағалауында жазғы маусымның ең ауқымды мәдениойын-сауық шараларының бірі – «Алакөл толқыны» фестивалі өтеді. Фестивальдің басты мақсаты – Жетісу өңірінің туристік әлеуетін кеңінен таныту, Алакөлдің қайталанбас табиғи сұлулығын насихаттау, ішкі туризмді дамыту және тұрғындар мен қонақтарға жоғары деңгейдегі демалыс мәдениетін ұсыну. Көгілдір көл жағасында ұйымдастырылатын мерекелік шара музыка, өнер, заманауи ойын-сауық бағдарламалары мен көтеріңкі көңіл-күйді біріктіретін ерекше форматта өтеді. Табиғаттың әсем көрінісі мен мерекелік атмосфера үйлесім тауып, қонақтарға ұмытылмас әсер сыйлайды. Фестиваль қонақтарын мазмұнды әрі әсерлі бағдарлама күтеді: Интерактивті ойын-сауық бағдарламасы – танымал жүргізушілердің қатысуымен флешмобтар, қызықты ойындар, түрлі байқаулар және көрермендермен белсенді байланыс; Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өтетін гал... |
| Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2026 |
ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ӘНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ШӘМШІ ӘНДЕРІ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ |
| 2026 жылғы 18 шілде күні сағат 19:00-де Түркістан қаласындағы «Керуен Сарай» кешенінде қазақ музыкасының көрнекті өкілі, ән әлемінің дара тұлғасы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтеді. Фестивальдің басты мақсаты – композитордың мол музыкалық мұрасын кеңінен насихаттау, ұлттық өнерді дәріптеу, жас орындаушылардың шығармашылық әлеуетін қолдау және көрермен қауымға Шәмші Қалдаяқов әндерінің мәңгілік құндылығын паш ету. Фестиваль аясында еліміздің танымал эстрада жұлдыздары мен жас орындаушылар қазақ ән өнерінің алтын қорына енген Шәмші Қалдаяқовтың көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерін орындайды. Концерттік бағдарламада «Жігіттер» квартеті, Мөлдір Әуелбекова, Ғазизхан Шекербеков, Асқар Жүнісбеков, Қанай, Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров, Әли Оқапов, «Melomen» тобы, Алтынай Жорабаева, «Сарын» тобы, Руслан Ақынбаев, Аяжан Нұрмаханбет, Маржан Ерланқызы, Данияр Барыс, Эль... |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.07.2026 |
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 9-тармағында көзделген қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу және оның нәтижелерін жариялау тәртібіне ерекше назарларыңызды аудартамыз. |
| Нақты айтқанда, осы заң нормасына сай бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде, сауал жүргiзген заңды тұлғаны, сауал жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандардың саны мен сауал салу нәтижелерінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi. Қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі барзаңды тұлғаларжәне бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы. Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында, он... |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.07.2026 |
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні |
| 1992 жылғы 8 шілдеде Қарулы Күштер Бас штабының Әскери-медициналық басқармасы құрылды. Бұл күн тәуелсіз Қазақстанның әскери медицина жүйесінің қалыптасуы мен дамуының бастауына айналды. Бүгінде әскери-медициналық қызмет мамандары әскерлердің жауынгерлік даярлығын, оқу-жаттығуларды, жұмылдыру жиындарын және Қарулы Күштердің басқа да іс-шараларын медициналық қамтамасыз етеді, сондай-ақ елімізден тыс жерлерде де өз міндеттерін абыроймен атқаруда. Қазақстандық бітімгерлік контингент құрамында Голан жоталарында әскери дәрігерлер әскери қызметшілерге, қажет болған жағдайда жергілікті тұрғындарға да медициналық көмек көрсетіп келеді. Бүгінде әскери медицина жыл санап дамып келеді. Оның құрамына сегіз әскери госпиталь, төрт лазарет, Орталық әскери-дәрігерлік комиссия, санитариялық-эпидемиологиялық бөлімшелер және медициналық білім беру ұйымдары кіреді. Әскери медицина инфрақұрылымын жандандыруға да бүгінгі күні баса мән берілген. 2024 жылы Ақмола облысының Щучинск қаласында Қорғаныс министр... |
| Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.07.2026 |
Жетісу облысында балық аулау заңнамасын бұзудың 100 дерегі тіркелді |
| Жетісу облысының су айдындарында, соның ішінде Балқаш-Алакөл бассейні мен Іле өзенінде 15 сәуірден 16 маусымға дейінгі аралықта балық аулауға тыйым салынды. Бұл шара сазан, көксерке, табан балық сынды өңірдегі басты балық түрлерінің табиғи өсімін сақтауға бағытталған. Осы кезеңде құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, «Уылдырық шашу» табиғатты қорғау акциясы аясында патрульдеу жұмыстары күшейтіліп, автожолдарда арнайы уақытша бекеттер ұйымдастырылды. Кең ауқымды шараның нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 100 фактісі анықталды. Оның ішінде 95 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, балық аулау қағидаларын өрескел бұзған 5 дерек бойынша қылмыстық іс қозғау үшін материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Заң бұзушыларға жалпы көлемі 2,4 млн теңге айыппұл салынып, балық ресурстарына келтірілген залал үшін тағы 3,5 млн теңге көлемінде талап-арыз қойылды. Сонымен қатар, браконьерлерден мемлекет пайдасына 4 су көлігі мен заңсыз ай... |
| Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.07.2026 |
Ұлттық домбыра күні: Жетісуда домбырашылар әлемнің 10 елінің музыканттарымен тікелей эфирде бірге «Алқиса» күйін бір мезетте орындады |
| Ұлттық домбыра күніне орай Жетісу облысында Мұқан Төлебаев атындағы оркестрдің музыканттары тікелей эфирде әлемнің 10 елі мен республикаларынан домбырашыларымен бірге Нұрғиса Тілендиевтің «Алқиса» күйін бір мезетте орындады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мерекелік шара Талдықорған қаласында өтті. Тікелей эфир арқылы оған Қытай, АҚШ, Түркия, Бельгия, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Башқұртстан және Алтай өлкесінен домбырашылар қатысып, осылайша қазақтың күй өнерінің шеберлері мен жанашырларын бір арнаға тоғыстырды. Көрерменге ерекше әсер қалдырған театрландырылған пролог барысында ақсақалдың домбыраны алдымен жас буынға, кейін бүлдіршінге символдық түрде табыстауы ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық мұраның мәңгілік өміршеңдігін көркем бейнеледі. Жас өнерпаз орындаған алғашқы күйді Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі жалғастырып, концерттік бағдарламаның шымылдығын ашты. Мерекелік концерт аясында халық аспап... |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.07.2026 |
Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу |
| Бүгін, 2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Онда өңірлерді жедел дамытудың заманауи тетігі белгіленген. «Жедел дамитын қала» мәртебесін де, арнайы құқықтық режимді енгізу де маңызды жаңалық болып отыр. Еліміздің экономикалық өсуінің алғашқы осындай бірегей алаңы мен жаңа орны Алатау қаласы болмақ. Мемлекет басшысы 8 мамырда қол қойған Конституциялық Заң ауқымды жобаның құқықтық негізін қалайды. Жаңа мәртебенің арқасында Алатау өзінің институционалдық құрылымы бар дербес экономикалық экожүйеге ие болады. Ол 12 ай ішінде кезең-кезеңмен енгізіледі. 1 шілдеден бастап Alatau City Authority толыққанды мемлекеттік органға айналады. Ал қаланың дамуын стратегиялық басқару Премьер-министрдің тікелей төрағалығымен Кеңеске өтеді. Алатауда халықаралық инвесторлар үшін түбегейлі жаңа орта құрылады. Қаланың арнайы режимі бойынша бизнесті жүргізуде орнықты жағдай, жеке лицензиялау тәртібі, «бір терезе» қағидатымен тәуелсіз реттеу... |
| Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.07.2026 |
Табиғатқа жанашырлық алғаш рет конституциялық міндетке айналды: еліміздің жаңа Ата Заңы күшіне енді |
| Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы ресми түрде күшіне енді. Бұл құжат мемлекет, қоғам және әрбір азаматтың қоршаған ортаны қорғау мен сақтаудағы жауапкершілігін мүлде жаңа деңгейге көтереді. Қазақстан тарихында алғаш рет әрбір азаматтың табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыпты қарау міндеті конституциялық деңгейде нақты бекітілді. Бұл – экологиялық жауапкершілікті нығайтуға және қоғамда жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Конституцияның преамбуласында азаматтардың келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігі айқындалған. Бұл табиғи ресурстарды ұтымды әрі ұқыпты пайдаланудың маңызымен тікелей байланысты. Сонымен қатар, Конституцияның 37-бабында әрбір азаматтың табиғатты қорғау міндеті бекітілген. Дәл осы қағидаттар бүгінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының негізін құрайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелүлы Тоқаев бірнеше мәрте атап өткендей, бұл жоба – қоршаған ортаның тазалығына, ойдың тазалығына және... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.07.2026 |
