ӘЛЕУМЕТ

С 1 июля 2026 года вступила в силу Конституция Республики Казахстан

УВАЖАЕМЫЕ КАЗАХСТАНЦЫ! С 1 июля 2026 года вступила в силу Конституция Республики Казахстан, принятая на республиканском референдуме 15 марта 2026 года. Волеизъявлением народа Казахстана заложены основы нового этапа конституционного развития страны. Конституция Республики Казахстан 1995 года утратила силу. Вступление в силу нового Основного закона является историческим этапом в развитии государства и закрепляет обновлённую конституционную модель, основанную на верховенстве Конституции, усилении гарантий прав и свобод человека, укреплении правовой определённости, повышении ответственности государственной власти и расширении участия граждан в управлении государством. Конституция существенно обновила и расширила основополагающие принципы деятельности Республики Казахстан. Впервые к ним отнесены защита Суверенитета и Независимости, соблюдение прав и свобод человека, обеспечение верховенства закона и порядка, укрепление общенационального единства, повышение благосостояния народа, п...
Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.07.2026

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда экономиканың бірқатар негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандар саны артты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіпте, құрылыста, білім беру саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында өсім байқалды. Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі бұрынғысынша көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу саласына тиесілі. Бұл салада 1 571,4 мың адам жұмыс істейді, бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 16,7% құрайды. Білім беру саласында 1 251,0 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5% артық. Өнеркәсіп саласында жұмыскерлер саны 1 185,7 мың адамға жетіп, 2,0% артты. Оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында 298,3 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл 2025 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 3,4% көп. Жұмыспен қамтылғандар саны құрылыс саласында да өсіп, 643,8 мың адамды құра...
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.06.2026

«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында 5 мыңға жуық балабақша бүлдіршіндері ағаш пен гүл көшеттерін отырғызды

Жетісу облысы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында балабақша тәрбиеленушілерінің, олардың ата-аналары мен тәрбиешілерінің қатысуымен ағаш және гүл көшеттерін отырғызу акциясы өтеді. Ауқымды экологиялық акцияға облыс бойынша 186 мектепалды даярлық және ересек топтың 4 650 тәрбиеленушісі қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар шараға 551 тәрбиеші мен 1 052 ата-ана қатысып, бүлдіршіндерге қолдау көрсетіп, көгалдандыру жұмыстарына бірге атсалысты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде өңірде 3 145 гүл және 1 113 ағаш көшеті отырғызылып, облыс аумағының жасыл желекке айналуына елеулі үлес қосылды. Маңызды акцияға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев бұл іс-шараның мақсаты балаларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіріп, бірлескен еңбек арқылы олардың қоршаған ортаға жанашырлық сезімін ояту екенін атап өтті. Сондай-ақ ол балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен экологиялық мәдениетін қалып...
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.06.2026

«Таза Қазақстан»: в Жетісу около 5 тысяч воспитанников детсадов приняли участие в посадке деревьев и цветов

В рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» в области Жетісу состоялась акция по посадке деревьев и цветочных саженцев с участием воспитанников детских садов, их родителей и воспитателей. Всего в мероприятии приняли участие 4650 воспитанников дошкольных организаций из 186 предшкольных и старших групп. Кроме того, в мероприятии приняли участие 551 воспитатель и 1 052 родителя, которые оказали поддержку детям в работе по озеленению территории дошкольных организаций. В результате было высажено 3145 цветов и 1113 саженцев деревьев, что стало значимым вкладом в озеленение территории области. Как отметил Марлен Кольбаев, принявший участие в посадке саженцев вместе с воспитанниками детских садов, главная цель мероприятия – формирование у детей бережного отношения к природе и воспитание чувства ответственности за окружающую среду через совместный труд. Он также выразил признательность родителям и педагогам за вклад в формирование у детей любви к ро...
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.06.2026

«Таза Қазақстан»: «EcoSana» интеллектуалды ойыны өтті

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған «EcoSana» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Шара қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттау және жастар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталды. Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз әрі салауатты өмір сүруі табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетке тікелей байланысты. Осы ретте «EcoSana» интеллектуалды ойыны жастардың білімін шыңдап қана қоймай, экология саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды. Іс-шара ерекше интеллектуалды ойын форматында өтіп, қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалдықтарды сұрыптау, экологиялық қауіпсіздік және жасыл өмір салты тақырыптары бойынша білімдерін сынға салды. Ойынға...
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.06.2026

Қазақстанда мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген «Жасанды интеллект Қазақстан үшін: негіздер, мүмкіндіктер және практикалық қадамдар» атты стратегиялық семинар өтті. Семинардың мақсаты - жасанды интеллекттің қазіргі мүмкіндіктері мен оны мемлекеттік басқаруда, экономикада және әлеуметтік салада қолдану туралы ортақ түсінікті қалыптастыру, сондай-ақ басшыларды AI-трансформацияның үздік әлемдік тәжірибелерімен таныстыру болып табылады. Шараның негізгі баяндамашысы 01.AI негізін қалаушы және бас директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жасанды интеллект жөніндегі кеңестің мүшесі, жасанды интеллект саласындағы әлемдегі ең беделді сарапшылардың бірі - доктор Кай-Фу Ли. Семинар барысында жасанды интеллекттің дамуындағы жаһандық трендтер, үлкен тілдік модельдерден AI-агенттерге көшу, ұйымдардың қызметіне ЖИ енгізу тәсілдері, сондай-ақ мемлекеттік басқару мен бизнестің...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.06.2026

Жетісуда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Green Start Up — тазалық өзіңнен басталады» атты іс-шара өткізілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жастар мен қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және тазалық құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Green Start Up — тазалық өзіңнен басталады» атты интерактивті іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – әрбір азаматтың туған өлкесінің тазалығына бейжай қарамай, қоршаған ортаны қорғауға жеке үлес қоса алатынын көрсету, сондай-ақ экологиялық бастамаларды қолдау арқылы қоғамда ортақ жауапкершілік қағидатын нығайту болды. Шара аясында қатысушыларға арналған екі арнайы интерактивті баннер ұсынылды. Бірінші баннер «Тазалық өзіңнен басталады» қағидатына негізделді. Баннерде қоршаған ортаны ластаушы қоқыс бейнелері орналастырылып, қатысушылар қоқыс суреттерін алма бейнесіндегі арнайы элементтермен алмастырып, баннерге жапсырды. Алма тазалықтың, табиғаттың және жасампаздықтың символы ретінде ұсынылды. Осы арқылы әрбір қатысушы қор...
Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.06.2026

Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев: – Президент мырза, Қазақстанға ресми сапармен келгеніңізге өте қуаныштымын. Черногория мемлекеті басшысының алғашқы тарихи сапарына ерекше мән беріп отырмыз. Сондай-ақ мұны еліміз үшін өте маңызды уақиға ретінде қарастырамыз. Келіссөздеріміздің нәтижесі екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беретініне сенімім кәміл. Черногорияны халқымыз жақсы біледі. Көптеген азаматымыз жыл сайын Сіздің елде демалып, жақсы әсермен оралады. Орайлы сәтті пайдалана отырып, еліңіздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуымен құттықтаймын. Осы жылдарда біз жақсы қарым-қатынас орнаттық. Өзара ынтымақтастығымыздың мазмұнын байыта түсу керек деп ойлаймын. Оған ешқандай кедергі жоқ. Сіздің іскерлік делегацияңыздың құрамы өте салмақты. Бұл экономикалық және іскерлік байланыстардың ауқымын арттыра түсуге ниетті екеніңізді көрсетеді. Яков Милатович: – Құрметті Президент! Ең алдымен Қазақстанға шақырғаныңыз үшін алғыс айтамын. Өзіңіз атап өткендей, бұл – Черногория Президен...
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.06.2026

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты

2026 жылдың 16 маусымында Emirates SkyCargo ( Emirates әуе компаниясының еншілес ұйымы ) жүк тасымалы Дубай – Алматы бағыты бойынша Boeing 777F ұшағымен алғашқы рейсін орындады. Алматы халықаралық әуежайы алғашқы жүк рейсін авиациядағы дәстүрлі су доғасымен қарсы алды. Қызметкерлер экипаж мүшелерін салтанатты түрде күтіп алып, тұсаукесер рәсімін өткізді. Алматы – Дубай – Алматы бағыты бойынша апталық жүк рейстері әр сейсенбі күні орындалады. Әуе компания аптасына 100 тоннадан астам жүк тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл Алматы мен халықаралық нарықта электроника, тез бұзылатын өнімдер, өнеркәсіптік жабдықтар және басқа да тұтыну тауарларын қоса алғанда, әртүрлі жүк түрлерін тиімді әрі үздіксіз тасымалдауға мүмкіндік береді. Алматы халықаралық әуежайы Emirates SkyCargo компаниясының Орталық Азиядағы алғашқы бағытына айналды.Жаңа жүк бағытының іске қосылуы Қазақстанның логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, Орталық Азия, Таяу Шығыс жән...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.06.2026

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солисі Назым Сағынтай – 2025 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Бүгін ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ол өзінің шығармашылық жолы мен тәжірибесі туралы айтып, көпшілікке кеңінен танымал «Гауһартас» әнін акапелла орындады. Оның әсерлі өнер көрсетуі таланттың, табанды еңбектің және өз ісіне адалдықтың биік жетістіктерге жетелейтінінің жарқын көрінісі болды. «Дарын» сыйлығы жыл сайын ғылым, мәдениет, спорт және қоғамдық қызмет салаларында жоғары жетістіктерге қол жеткізген жастарды қолдап, жаңа есімдердің танылуына жол ашады. Биыл «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдау 17 маусым мен 17 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.06.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.