ӘЛЕУМЕТ
Талапты ауылында Ту тұғырының салтанатты ашылу рәсімі өтті |
| 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Лабасы ауылдық округіне қарасты Талапты ауылында Мемлекеттік Ту тұғырының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «35 ауыл – 35 Ту тұғыр» патриоттық жобасы аясында ұйымдастырылды. Жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, жастардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру және ел бірлігін нығайту. Ту тұғыры туған жеріне тағзым жасап, ауылдың дамуына үлес қосуды мақсат еткен 1996 жылғы түлектердің демеушілігімен орнатылды. Бұл игі бастама туған ауылға деген құрметтің, азаматтық жауапкершіліктің және елжандылықтың жарқын көрінісі болды. Салтанатты рәсім барысында лента қиылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтерілді. Жиналған жұртшылық Мемлекеттік Әнұранды бірге орындап, ел рәміздеріне деген құрметін білдірді. Мерекелік жиында Көксу ауданының әкімі Дәулет Кенжеханұлы Халелов,... |
| Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.06.2026 |
Ананың алаңынан басталған кәсіп |
| Көксуауданыныңтумасы,ЕскелдіауданыныңкелініҚожабековаАйгерімҚайратқызыбүгіндежүздегенотбасыныңалғысынабөленіпжүргенмассажмаманыәрікәсіпкер.Оныңбұлсалағакелуіалдыналақұрылғанжоспардыңемес,аналықмейірімнің,өмірліктәжірибеніңжәнежүректүкпіріненшыққанізгітілектіңнәтижесідеугеболады. АйгерімҚайратқызы2010–2014жылдарымедициналықколледждебілімалып, 2014–2024жылдараралығындамедицинасаласындаеңбекетті.Денсаулықсақтаужүйесіндежұмысістейжүріпмолтәжірибежинақтады. Солжылдарыоныңкөкейіндеөзкәсібінашып,халыққапайдасытиетінигіістіқолғаалутуралыойжиіболатын.Өзуақытынөзіжоспарлап,адамдарғатікелейкөмеккөрсететінкәсіпбастаудыармандағанолболашақтажекеісінашуғамүмкіндікіздейбастайды. Алайдаөміроныңалдынаүлкенсынаққояды.Тұңғышқызынажамбас-санбуыныныңдисплазиясыдиагнозықойылады. АнаретіндеперзентінекөмектесудіңбарлықжолынқарастырғанАйгеріммассажорталықтарыніздейбастайды. СолкездедәрігеріБурханТұрхановичтіңайтқанбірауызсөзіоныңөмірлікбағытынтүбегейліөзгертеді. – Сен медицинамама... |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.06.2026 |
Президент: «Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізеді» |
| «Нағыз патриоттар ғана елдің көшін алға бастайды, жердің шетін жаудан қорғайды. Басқа сөзбен айтқанда, отаншылдық дегеніміз – жеріміздің қауіпсіздігі және тұтастығының кепілі. Ұлт рәміздерінің мәртебесін арттыру, бұл – аса маңызды мемлекеттік жұмыс. Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізеді. Ұлттық нышандарымызды ұлықтау – ортақ парыз, бұл – әр азаматтың міндеті. Түптеп келгенде, рәміздерді қастерлеу – мемлекетімізді құрметтеу деген сөз». t.me/aqorda_resmi |
| Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.06.2026 |
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық нышандарымызды қадірлеу – отаншылдық рухының ең биік өлшемі» |
| «Бәріңізге белгілі, наурыз айында біз біртұтас қоғам болып жалпыұлттық референдумға қатыстық. Азаматтарымыз конституциялық реформаны қолдап, дауыс берді. Осылайша, біз жаңа Конституциямызды қабылдап, төл тарихымыздың жаңа парағын аштық. Ата заңда халқымыздың сан ғасырлық арман-тілегі, мақсат-мұраты көрініс тапты. Кең байтақ жеріміздің тұтастығы, еліміздің егемендігі, азаматтардың құқықтары және бостандықтары басты құндылықтар деп жазылды. Заң мен тәртіпті сақтау, білім мен ғылымды, жаңа технологияларды дамыту, тазалықты дәріптеу, табиғатты қорғау, волонтерлік қызметті қолдау конституциялық міндет ретінде айқындалды. Түбегейлі жаңа сипатқа ие болған Ата заңымыз Әділетті Қазақстанның мызғымас жарғысына айналды. Конституцияда әр адам еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тиіс деп көрсетілді. Себебі ұлттық нышандарымызды қадірлеу отаншылдық рухының ең биік өлшемі екені сөзсіз». t.me/aqorda_resmi |
| Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.06.2026 |
Мемлекет басшысы: «Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы» |
| «Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қасиетті Отанымыз – Қазақ елінің әрбір азаматы үшін маңызы ерекше мереке. Біз осы күні байрағымызды биікке көтереміз. Сол арқылы еңселі, егемен ел екенімізді күллі әлемге паш етеміз. Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы. Мемлекетіміздің әр нышаны халқымыздың болмыс-бітімінің көрінісі саналады. Елтаңба – елдігіміздің айшықты белгісі. Әнұран – азаттығымыздың айбынды үні. Көк Туымыз – Тәуелсіздік тұмары. Төбемізге көтеріп, қадір тұтатын осы үш рәмізді мемлекеттігіміздің мызғымас үштағаны десек, артық болмайды. Тарихқа үңілсек, жұртымыз әрқашан бір тудың астына жиналып, ынтымақ-бірлігін сақтай білген. Қазір де еліміз ауызбіршілігін нығайтып, алға қарай сеніммен қадам басып келеді». t.me/aqorda_resmi |
| Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.06.2026 |
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты |
| Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді. |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.06.2026 |
Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті |
| Іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Кипрдің әнұрандары шырқалды. |
| Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2026 |
Глава государства: «Уважение к Закону и Порядку – это прежде всего, особая черта, присущая гражданам с высоким чувством ответственности» |
| «В этой связи хочу еще раз отдельно остановиться на концепции «Таза Қазақстан». Необходимо всегда уделять особое внимание благоустройству городов и сел, озеленению территорий. Приоритетными являются также вопросы повышения экологической культуры. В особенности важно обращать пристальное внимание на поведение граждан в туристических зонах и на природе. Нарушителей порядка, то есть вандалов, необходимо привлекать к ответственности в соответствии с законом. Одним словом, мы должны всем обществом противостоять правовому нигилизму. Уважение к Закону и Порядку – это не страх перед наказанием, а, прежде всего, особая черта, присущая гражданам с высоким чувством ответственности. Это необходимо понимать правильно. В нынешнее неспокойное время военных конфликтов на планете, нашей стране жизненно необходимы мир и стабильность. Без этого не будет каких-либо реформ и в целом положительных сдвигов. Поэтому правоохранительные органы должны применять жесткие меры и... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.06.2026 |
Мемлекет басшысы: «Заң мен тәртіпке құрметпен қарау– ең алдымен жауапкершілік сезімі жоғары азаматтарға тән айрықша болмыс» |
| «Осы тұста мен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына байланысты тағы да атап өткім келеді. Қалалар мен ауылдарды көркейту, аумақтарды көгалдандыру жұмысына әрдайым ерекше мән беру қажет. Сондай-ақ экологиялық мәдениетті көтеру мәселесіне көңіл бөлген жөн. Әсіресе, адамдардың туристік нысандар мен табиғат аясындағы тәртібіне айрықша назар аудару маңызды. Тәртіп бұзушыларды, яғни, вандалдарды заңға сәйкес жауапқа тарту қажет. Бір сөзбен, құқықтық нигилизмге қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Заң мен тәртіпке құрметпен қарау дегеніміз – жазадан қорқу емес, бұл – ең алдымен жауапкершілік сезімі жоғары азаматтарға тән айрықша болмыс. Осы маңызды дүниені дұрыс түсінген жөн. Қазіргі бұлыңғыр, әскери қақтығысқа толы заманда елімізге татулық пен тұрақтылық ауадай қажет. Онсыз ешқандай реформа, жалпы оң өзгеріс болмайды. Сондықтан құқық қорғау мекемелері заң бұзушылықтарға қатаң шаралар мен жазаларды қолдануы керек. Кейбір елімізді жақтырмайтын, менсінбейті... |
| Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.06.2026 |
Мемлекет басшысы: «Үкіметке, әкімдерге тағы да айтарым: «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының орындалуы, бұл – конституциялық міндет» |
| «Тұтастай алғанда, қаланы тиімді негізде салып, жан-жақты дамыту керек. Барлық нысандар құрылыс саласындағы озық халықаралық талаптар мен ережелерге толық сай болуға тиіс. Жалпы, Alatau city тұжырымдамасының мақсаты – бизнеске қолайлы жағдай жасау, инвестициялық жобаларды іске қосу, жұртты жұмыспен қамту және заманауи инфрақұрылым салу. Қала төрт ауданға бөлінеді. Бой көтеретін ғимараттардың барлығы халықаралық іскерлік және инновациялық орталықтарға қойылатын талапқа сәйкес болуы керек. Қаланы абаттандыруға және жайлы қоғамдық орындар салуға ерекше назар аудару қажет. Осыған байланысты Үкіметке, әкімдерге тағы да айтарым: «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының орындалуы, бұл – конституциялық міндет. «Таза» деген сөздің мағынасы көпқырлы. Бұл – қалаларымызды тазалау, көгалдандыру, көркейту, абаттандыру деген сөз. Сонымен қатар бұл – ниетіміздің тазалығын сақтау, отаншылдығымызды паш ету деген сөз. «Таза Қазақстан&... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.06.2026 |
