Көксу ауданының тумасы, Ескелді ауданыныңкеліні Қожабекова Айгерім Қайратқызы бүгіндежүздеген отбасының алғысына бөленіп жүргенмассаж маманы әрі кәсіпкер. Оның бұл салаға келуіалдын ала құрылған жоспардың емес, аналықмейірімнің, өмірлік тәжірибенің және жүректүкпірінен шыққан ізгі тілектің нәтижесі деугеболады.
Айгерім Қайратқызы 2010–2014 жылдарымедициналық колледжде білім алып, 2014–2024 жылдар аралығында медицина саласында еңбекетті. Денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейжүріп мол тәжірибе жинақтады. Сол жылдарыоның көкейінде өз кәсібін ашып, халыққа пайдасытиетін игі істі қолға алу туралы ой жиі болатын. Өзуақытын өзі жоспарлап, адамдарға тікелей көмеккөрсететін кәсіп бастауды армандаған ол болашақтажеке ісін ашуға мүмкіндік іздей бастайды.
Алайда өмір оның алдына үлкен сынақ қояды. Тұңғыш қызына жамбас-сан буыныныңдисплазиясы диагнозы қойылады. Ана ретіндеперзентіне көмектесудің барлық жолынқарастырған Айгерім массаж орталықтарын іздейбастайды. Сол кезде дәрігері Бурхан Тұрхановичтіңайтқан бір ауыз сөзі оның өмірлік бағытынтүбегейлі өзгертеді.
– Сен медицина маманысың ғой. Неге сырттанадам іздейсің? Балаға анасынан артық ешкіммассаж жасай алмайды, – деп кеңес береді дәрігер.
Осы сөзден кейін Айгерім қызының сауығып кетуіүшін массаж ісін тереңірек меңгеруге бел буады. «Қызым сияқты ешбір бала денсаулыққиындықтарын көрмесе екен» деген ізгі ниет оныңжаңа мамандыққа келуіне себеп болады. Ол арнайымассаж ісі бойынша білімін жетілдіріп, медициналық колледжден үш айлық курстан өтеді. Оқу соңында массаж мамандығы бойыншасертификат алып, алған білімін тәжірибеде қолданабастайды.
Алғашында массажды тек қызына жасап жүргенана уақыт өте келе оның оң нәтижесін көреді. Қызының денсаулығындағы жақсы өзгерістердібайқаған таныстары мен жақындары өз балаларынада көмек көрсетуін сұрай бастайды. ОсылайшаАйгерімнің массаж саласындағы кәсіби жолыбасталып, ол біртіндеп тәжірибе жинақтап, көптеген отбасының алғысына бөленген біліктімаманға айналады. Нәтижені көрген ата-аналарсаны көбейіп, қызметіне сұраныс артады. Бір күніКөксу ауданынан келген екі ана:
– Бізде осындай қызмет жоқ қой, – деген пікірбілдіреді.
Осы сөздер Айгерімнің туған жерінде балаларғаарналған массаж орталығын ашу туралы ойынатүрткі болады. Кейін қолданыстағы жекекәсіпкерлігі арқылы мемлекеттік қайтарымсызгрантқа қатысып, жеңімпаз атанады. Сөйтіп өзініңкәсібін бастап, бүгінгі таңда сұранысқа иеорталықтың негізін қалайды.
Бүгінде орталықта жалпы сауықтыру массажы, профилактикалық массаж, емдік массаж, толықдене массажы және гидромассаж қызметтерікөрсетіледі. Әрбір сеанс баланың жағдайына қарайорта есеппен 25–30 минутқа созылады.
Көп ата-ананы баланың массаж кезінде жылауыалаңдатады. Алайда маман бұл жағдайға ерекшемән береді.
– Біз баланы бірден массаж жасай бастамаймыз. Әрбаланың мінезі әртүрлі. Кейбірі тез үйреніссе, ендібірі уақыт алады. Сондықтан баланың ыңғайынақарай кейде аяғынан, кейде қолынан бастапақырындап жұмыс жасаймыз. Ең бастысы – баланың сеніміне кіру, – дейді АйгерімҚайратқызы.
Орталыққа келген әр балаға жеке көзқарасқалыптастырылады. Қабылдау барысында баланыңбойы, салмағы, босану процесі қалай өткендігі, жүктілік кезіндегі ерекшеліктер, бұрынғыдиагноздары мен қазіргі жағдайы туралы толықақпарат жиналады. Өйткені әр баланың даму тарихы әртүрлі.
Маманның айтуынша, массаждың қажет екенін кейжағдайда баланың қозғалысынан, бұлшықеттонусынан, аяқ-қолдарының симметриясынан, денеқимылынан байқауға болады. Дегенмен нақтышешімді міндетті түрде педиатр немесеневропатологтың қорытындысына сүйене отырыпқабылдаған жөн.
– Бізде кейде «өзі өседі», «кейін жүріп кетеді», «әкесі де кеш жүрген», «тұқымнан ғой» дегентүсінік бар. Бірақ баланың дамуында күмәнтуындаса, уақыт жоғалтпай маманға көрінгендұрыс. Кей нәрсе ерте анықталса ғана оңайтүзетіледі, – дейді ол.
Айгерім Қайратқызы әсіресе ата-аналардыинтернеттен алынған ақпаратқа толықтай сеніпқалмауға шақырады.
– Қазір жас аналар әлеуметтік желіден, түрліплатформалардан, жасанды интеллектіден көпмәлімет алады. Ақпарат алған жақсы, бірақ әр бала ерекше. Сондықтан нақты кеңесті міндетті түрдетәжірибелі маманнан алған дұрыс. Баланыңденсаулығына немқұрайлы қарауға болмайды, – дейді маман.
Оның айтуынша, қоғамда массаж туралықалыптасқан кейбір түсініктерді де өзгерту қажет. Массаж тек ауру балаға ғана керек деген пікір қате.
– Массаж тек диагноз қойылған балаларғаарналмаған. Ол сау баланың дұрыс дамуына, бұлшықеттерінің қалыптасуына, қозғалысбелсенділігінің артуына көмектеседі. Кейде ата-аналар мәселе туындағаннан кейін ғана келеді. Ал алдын алу әрқашан емдеуден тиімді, – дейді ол.
Орталықтың ерекше бағыттарының бірі – гидромассаж. Бұл қызметтің пайда болуына да өзұлының жағдайы себеп болған. Ұлының басындасу жиналу мәселесі болған кезде кейбір массаж түрлерін жасауға шектеу қойылған. Сол кездеАйгерім Қайратқызы балама тәсілдерді зерттеп, гидромассажға қызығушылық танытады.
Бүгінде гидромассаж 21 күннен асқан, салмағы 4,5–5 келіден жоғары нәрестелерге жасалады. Су арқылы жүргізілетін бұл процедура баланыңбұлшықеттерін босаңсытып, қан айналымынжақсартып, қозғалыс белсенділігін арттыруғакөмектеседі.
Маман соңғы жылдары ходуноктарды ертепайдаланудың да зияны туралы жиі айтып келеді.
– Кей ата-аналар баласы тез жүрсін деп асығады. Бірақ сәби алдымен өзі еңбектеп, сүйеніп, жағалапжүруді үйренуі керек. Табиғи даму кезеңдерін аттапөтуге болмайды, – дейді ол.
2024 жылдан бері орталықта 300-ге жуық бала қабылданған. Айгерім Қайратқызы қызметсапасының саннан маңызды екенін түсінгенінайтады. Кәсіптің алғашқы кезеңдерінде сұраныскөбейіп, әсіресе жаз мезгілінде ата-аналарбалаларын жаппай алып келе бастаған.
– Бір күні 20 баланы қабылдаған кезім болды. Кешке дейін тынымсыз жұмыс істедім. Сол кездеәр балаға жеткілікті уақыт пен күш бөлуқаншалықты маңызды екенін түсіндім, – дейді ол.
Осы тәжірибеден кейін маман жұмыс тәртібінтүбегейлі қайта қараған. Қазір ол күніне бес баладан артық қабылдамауға тырысады. Өйткені әрбалаға жеке көңіл бөліп, оның жағдайын бақылау, ата-анамен сөйлесу және сапалы қызмет көрсетууақытты талап етеді.
– Бұл жерде басты мақсат көп бала қабылдау емес. Әр баланың нәтижесін көру маңызды. Сондықтанбелгілі бір тәртіп пен режим қалыптастырдым. Әрбалаға жеткілікті уақыт бөлінгенде ғана жұмыссапалы болады, – дейді Айгерім Қайратқызы.
Маманның пікірінше, массаж – тек белгілі бірқозғалыстарды қайталау емес. Ол баланыңжағдайын бағалау, ата-анамен байланыс орнатужәне әр сеансты жеке жоспарлау арқылы нәтижеберетін жауапты жұмыс.
Осы уақыт ішінде көптеген оң нәтижелерге қолжеткізілген. Өздігінен жүре алмаған балалардыңаяққа тұрып кетуі, қозғалысындағықиындықтардың азаюы, дамуы кешеуілдегенбалалардың алға жылжуы – мамандар еңбегініңнәтижесі.
Қызмет сапасын арттыру мақсатында үш жылдықтәжірибесі бар массаж маманы СәулеМырзабековнаны жұмысқа қабылданған. Қазіргітаңда олар балалардың дамуы мен оңалуынабірлесе үлес қосып келеді.
Орталық қызметі тек балалармен шектелмейді. Айгерім Қайратқызы жұмыс барысында тағы бірмаңызды мәселені байқайды. Көп жағдайда жаңабосанған ананың жағдайы назардан тыс қалыпжатады.
– Балаға ең алдымен дені сау ана керек. Көп аналарбосанғаннан кейін өздерін ұмытып кетеді. Ұйқысыздық, шаршау, күйзеліс жиналады. Сондықтан анаға да көмек қажет екенін түсіндік, – дейді ол.
Осы мақсатта орталықта аналарға арналған «Шілдетер» бөлімі ашылған. Мұнда толық дене массажы, банка қою, бет массажы және босанғаннан кейінгіқалыпқа келтіру процедуралары жүргізіледі.
Орталықтың басты ерекшелігі – ана мен бала мәселесін бір жерден шешуге мүмкіндік беруі. Ана шілде тер процедурасын қабылдап жатқан уақыттабала мамандардың бақылауында болады. Дегенменқауіпсіздік мақсатында нәрестеге қарайтын тағыбір жақын адамының бірге келгені құпталады.
Бұл қызмет көптеген жас аналар үшін үлкенкөмекке айналып отыр. Себебі сәби күтімімен күн-түн айналысатын аналардың өз денсаулығына көңілбөлуге уақыты жиі жетпейді.
Әлеуметтік жауапкершілік те назардан тысқалмайды. Орталықтың әлеуметтік желідегіпарақшасында ай сайын түрлі ойындарұйымдастырылып, жеңімпаздарға тегін массаж сеанстары сыйға беріледі. Сонымен қатар әр жұмакүні арнайы жеңілдіктер қарастырылған.
Жұмыс барысында есте қалған қызықты оқиғаларда аз емес. Бір күні тұрақты келушілердің біріжексенбі күні орталыққа келіп:
– Неге жұмыс істемейсіздер? Балам массажданкейін ұйықтайды ғой. Мен де сол уақытта тынығыпалатын едім, – деп әзілдеп, ұжымның көңілінкөтерген екен.
Бүгінде 4 баланың анасы, яғни көпбалалы анаАйгерім Қайратқызы үшін бұл кәсіп жай ғанажұмыс емес. Бұл – кезінде өз қызы үшін іздегенкөмекті енді басқа отбасыларға ұсыну мүмкіндігі.
Жүздеген балаға шипа, көптеген анаға қолдаукөрсетіп отырған орталықтың алдағы жоспары да ауқымды. Гидромассаж қызметін кеңейту, жаңажұмыс орындарын ашу және халыққа сапалықызмет көрсетуді жалғастыру.
Ананың алаңынан басталған бұл игі істің ғұмырыұзақ болып, талай отбасының қуанышына себепшіболсын дейміз. Өйткені мұнда тек массаж жасалмайды. Мұнда ана мен баланың денсаулығықатар ойластырылып, әр отбасының мәселесінежанашырлықпен қаралады.
Ардагүл ӘСКЕРБЕК
