ӘЛЕУМЕТ
Аса жауапты қадам |
| Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу – еліміз үшін аса жауапты әрі салмақты қадам. Өйткені Конституция – тек заң нормаларының жиынтығы емес, ол мемлекеттің саяси, құқықтық және рухани болмысының іргетасы, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің басты тірегі. Сондықтан мұндай ауқымды шешім жабық форматта немесе тар шеңберде қабылдануы мүмкін емес. Бұл – бүкіл халықтың тағдырына тікелей әсер ететін, ортақ жауапкершілікті талап ететін тарихи таңдау. Ұсынылып отырған конституциялық жаңғыру – уақыт талабынан және қоғамның пісіп-жетілген сұранысынан туындаған қажеттілік. Соңғы жылдары азаматтық белсенділік айтарлықтай артты, халықтың құқықтық санасы жаңа деңгейге көтерілді, мемлекетке деген талап та күшейді. Мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайту үшін құнды құжатты заман талабына сай қайта қарау – заңды әрі орынды қадам. Конституциялық комиссия Ата Заңның барлық негізгі нормаларын кешенді түрде зерделеп, нәтижесінде жаңа Конституц... |
| Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.02.2026 |
Тіл мәселесі мен халықтың саяси белсенділігі |
| Қазақстан үшін Конституция – жай ғана заң емес. Ол – халықтың тағдыры, мемлекеттің бағыты, ұлттың ертеңі. Сондықтан Ата Заңның жаңа жобасы қоғамда үміт пен күдікті қатар оятқаны заңды. Көпшілікті ойландырған негізгі мәселелердің бірі – 9-баптың 2-тармағы. Онда «мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі қазақ тілімен тең қолданылады» деп көрсетілген. Бұл норма «ана тіліміздің қолданысына кері әсер етуі мүмкін» деген пікір туғызып отыр. Қоғамда тілге қатысты кейбір келеңсіз жағдайлардың да осы тармақпен байланысты айтылуы тегін емес. Сонымен қатар, Ата Заңның 43-бабында болашақта ел Президентінің қазақ тілін еркін меңгеруі міндеттелсе, 22-баптың 2-тармағында әр азаматтың ана тілін, ұлттық мәдениетін пайдалануға және кез келген тілді еркін таңдауға құқығы бар екені нақты көрсетілген. Демек, Конституция ешкімнің құқығын шектемейді, елімізде әр адам қысымсыз өмір сүруіне толық мүмк... |
| Толығырақ... Оқылды: 74 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.02.2026 |
Тәуелсіздіктің түп-тамыры |
| Жаңа заң жобасының мәтіні мен мазмұнына, мақсат-мүдде ақиқатына ерекше мән беріп талқылауы – жаңа заман талабы, адамгершілік қасиеті, азаматтық жауапкершілігі және өскелең ұрпақтың өрендік жолына берер әсерімен құнды деп түсінеміз. Жаңа Ата Заңымыздың жобасы өз мақсат-мүддесін ашықтығы арқылы жан-жақты қамтығаны, ең бастысы – адами құндылықтарды, байырғы қазақ жеріндегі Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынын, келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті басты мақсат тұтқаны – халықтың үніне құлақ асатын мемлекет екенінің айқын куәсі дер едік. «Біз, біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтап, мемлекеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап, Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып, азаматтардың құқықтары мен бостанд... |
| Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.02.2026 |
Әділеттілік пен құқық үстемдігінің жаңа дәуірі |
| Конституциялық реформаның түпкі мәні – құқықтық сабақтастықты сақтай отырып, қоғамның жаңа талаптарына жауап беретін орнықты әрі өміршең жүйе қалыптастыру. Тұрақтылық пен жаңару өзара үйлесім тапқанда, мемлекет дамуының берік құқықтық негізі қаланады. Реформа – елдің жаңару жолындағы, әділдік пен құқық үстемдігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Өйткені адам құқықтары мен бостандықтары – Ата Заңның негізгі басымдығы. Осы бағыттағы өзгерістер қоғамдағы әділеттілікті нығайтып, халық пен билік арасындағы байланысты күшейтеді. Конституциялық реформаның өзегі де осы. Яғни, мемлекеттің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Сондай-ақ, ел дамуын адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен өлшеу. Осылайша білім мен ғылымға, мәдениет пен инновацияға басымдық беріледі. Оң өзгерістер қоғамның дамуына жаңа серпін береді. Бастаманың ел болашағы үшін берері көп. Айта кетерлігі, жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің басты басымды... |
| Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.02.2026 |
Өңірлік коалиция құрылды |
| Талдықорғанда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты өңірлік коалицияның ресми ашылуы өтті. Шара халықты Конституция төңірегіндегі қоғамдық талқылауға кеңінен қатыстыруды көздейді. Салтанатты жиынға «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын, облыстық мәслихаттың төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Гүлнар Тойлыбаева, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт қатысты. Жиынды ашқан «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын: Бүгін Жетісу жерінде коалиция жұмысының басталуы – аймақ тұрғындарының ел тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетті. Алдағы уақытта түсіндіру кездесулері, ашық пікірталастар мен қоғамдық талқылаулар ұйымдастырылады. Әр азаматтың дауысы маңызды, – деді. Облыстық мәслихатының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Гүлнар Тойлыбаева өз сөзінде конституциялық өзгерістердің м... |
| Толығырақ... Оқылды: 48 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.02.2026 |
В Жетісу начала свою работу региональная коалиция |
| Ее основная цель — консолидация общественно-политических сил области и формирование открытой диалоговой площадки для обсуждения вопросов конституционного развития страны, укрепления принципов справедливости и повышения гражданской активности. Сегодня в Талдыкоргане начала свою работу региональная коалиция «За Народную Конституцию справедливого и прогрессивного Казахстана». Официальная церемония открытия прошла в Тіл сарайы и объединила представителей политических партий, общественных объединений, ветеранских организаций и активистов региона, передает корреспондентVestnik19.kz Ключевые цели коалиции – консолидация общественно-политических сил области Жетісу и формирование открытой диалоговой площадки для обсуждения вопросов конституционного развития страны, укрепления принципов справедливости и повышения гражданской активности. В мероприятии приняли участие председатель областного филиала партии «AMANAT» Арыстангали Арын, председатель масли... |
| Толығырақ... Оқылды: 51 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.02.2026 |
Динара Шукижанова: Новая Конституция создает прочную основу для развития бизнеса |
| Казахстанский бизнес сегодня работает в условиях высокой глобальной конкуренции, технологических изменений и внешних вызовов. По словам Президента АО «АгромашХолдинг KZ» Динары Шукижановой, в таких реалиях решающими становятся устойчивость правил, защита собственности и предсказуемость государственной политики. «Для бизнеса самое важное – стабильность регулирования и защита вложенных усилий. Мы планируем развитие на годы вперед, и нам необходима понятная и надежная институциональная среда», - отметила она. Предприниматели, особенно в капиталоемких отраслях, выстраивают стратегию на 7–10 лет вперед. Проект новой Конституции формирует правовую основу, которая закрепляет свободу предпринимательства и право распоряжаться своим имуществом. Монополистическая деятельность ограничивается законом, недобросовестная конкуренция запрещается, что создает равные условия для рынка. «Сильный бизнес формирует производственный и предпринимательский поте... |
| Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.02.2026 |
Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады |
| «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының алғашқы жиынында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мади Мырзағараев сөз сөйлеп, жаңа Конституциядағы «Заң мен Тәртіп» қағидасының мәнін және адвокаттық институттың қоғамдағы орнын туралы айтты. Адвокаттар алқасы төрағасының айтуынша, адвокаттар күн сайын адамдардың тағдырымен, әділдікке деген үмітімен бетпе-бет келеді. «Қағаздағы заң нормаларының артында әрдайым адам өмірі, құқығы мен бостандығы, атақ-абыройы, отбасы мен болашағы тұрады. Жаңа Конституцияда «Заң мен Тәртіп» қағидасы айқындалды. Бұл – еліміздің барлық құқықтық жүйесін қамтитын құндылықтарды жиындығы. Әрине «Заң мен Тәртіп» ұғымы қысымды күшейту немесе ережелерді қатаңдату деген мығына бермейді. Бұл – ең әуелі, заңды құрметтеу, заң алдындағы теңдік деген сөз», – деді ол. Мади Мырзағараев бұл қағиданың азаматтардың құқықтарын қ... |
| Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.02.2026 |
Ерлан Саиров: Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін тетіктер қарастырылды |
| Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының алғашқы жиынында мәлімдеді. Депутаттың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келген күннен бастап елімізді одан әрі демократияландыру ісін айқындағанын атап өтті. «Президент плюрализмді дамытуға ықпал етуді өз міндеті санайтынын айтқан еді. Бұл саяси ұстаным бүгінге дейін дәйекті түрде жүзеге асырылып келеді. Еліміздегі саяси жүйені жетілдірудің салмақты әрі эволюциялық жолы нақты нәтиже беріп отыр. Бұл құжатта биліктің халық алдындағы жауапкершілігі айқын көрініс тапты», – деді Ерлан Саиров. Депутат саяси даму мен экономикалық серпін тұрақтылықпен тікелей байланысты екенін атап өтті. Оның пікірінше, геосаяси тұрақсыздық жағдайында мұндай конституциялық негіз ерекше маңызға ие. Депутат жаңа құжатта Қазақстан... |
| Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.02.2026 |
Үнзила Шапақ: Жаңа Конституция жобасында тарихымыз алғаш рет мызғымас ұлттық құндылық ретінде танылды |
| Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапақ «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының алғашқы жиынында мәлімдеді. Депутат Конституцияның преамбуласын қайта қарау жөнінде ұсыныс білдіргенін атап өтті. «Ата Заңы мықты елдің – тұғыры берік, Туы биік. Заман өзгереді. Онымен бірге қоғам да, құндылықтар да жаңғырады. Мемлекеттің шынайы қуаты – оның мәңгілік құндылықтарында», – деді Үнзила Шапақ. Ол референдумға ұсынылып отырған Конституция жобасы Егемендік пен Тәуелсіздікті, аумақтық тұтастық пен мемлекеттік шекараның мызғымастығын ең жоғары құндылық ретінде нақты бекітетінін ерекше атап өтті. Сонымен қатар депутат жаңа құжатта елдің терең тарихи тамырына да айрықша мән берілгенін жеткізді. Оның айтуынша, жаңа Ата Заң жобасында мыңжылдық тарихымыз алғаш рет мызғымас ұлттық құндылық ретінде танылды.... |
| Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.02.2026 |
