ӘЛЕУМЕТ

Үкіметте мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Астанада Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның басшылығымен Үкімет жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Құрамы жаңартылған комиссияның алғашқы отырысына мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, сондай-ақ тіл білімі саласындағы танымал ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Отырыс барысында комиссия мүшелері орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі есептерін тыңдады. Атап айтқанда, оқу-ағарту жүйесіндегі мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіру, 2023–2029 жылдарға арналған Тіл саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында тіл туралы заңнама талаптарының орындалу барысы талқыланды. Комиссия мүшелері тілдік дағдыларды қалып...
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.06.2026

Донорлар – басқаларға өмір сыйлайтын адамдар.

14 маусым жыл сайын Дүниежүзілік қан доноры күні ретінде атап өтіледі – бұл күн ерікті түрде қан тапсырып, сол арқылы басқалардың өмірін сақтап қалатындарға арналған. Қан донорлары шынымен де игілікті борышты атқарады: олар күн сайын шұғыл медициналық көмекке, күрделі оталар жүргізуге және онкологиялық және гематологиялық ауруларды емдеуге мұқтаж пациенттердің өмірін сақтап қалады. Дүниежүзілік қан доноры күні – қан тапсыру секілді игілікті іс жасайтындардың барлығына алғыс айтудың тамаша мүмкіндігі. Донорлық қанның мұқтаж жандардың барлығына қолжетімді болуын және қоғамда донорлық мәдениет дамуының жалғастырылуын қамтамасыз етуге ұмтылу қажет. Бүгінгі таңда көптеген қазақстандықтар донорлықты өмірді сақтап қалуға жеке үлес қосу мүмкіндігі ретінде қарастырады. 2025 жылдың соңына қарай елде 255 255 қан және оның компоненттерін тапсыру жүргізіліп, бұл азаматтар арасындағы әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін және қан қызметінің тұрақты дамуын көрсетеді. Қан мен оның...
Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.06.2026

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады. Съезд жұмысына партия делегаттары, қоғамдық және кәсіби бірлестіктердің өкілдері қатысуда. Іс-шараға құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, телекоммуникация, туризм, кәсіпкерлік, энергетика, цифрлық технологиялар және мұнай-сервис саласын ұсынатын ірі салалық бірлестіктердің, кәсіби қауымдастықтардың және сарапшылық ұйымдардың жетекшілері қатысуда. Олар партия қатарына өтіп, бүгінде оның ұйымдық әлеуетін нығайтуға және бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға атсалысуда. Соның ішінде «PARYZ» жұмыс берушілердің ұлттық конфедерациясы, Қазақстанның Азаматтық альянсы, Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағы, Қазақстан инвесторлары қауымдастығы, Қазақстан байланыс операторлары қауымдастығы, Қазақстан автомобиль одағы және басқа да ұйымдар бар.. Съезд жұмысына «AMANAT» партиясының өкілдері де қатысуда. Аталған партияның «Әділет» партиясына қосылуы мәселесі съезд делегат...
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.06.2026

Жаркент қаласында «Найза-Антитеррор-2026» республикалық терроризмге қарсы оқу-жаттығуларының белсенді кезеңі жалғасуда

Оқу-жаттығулар аясында мемлекеттік органдардың террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге ден қою дайындығын арттыруға бағытталған практикалық іс-шаралар жүзеге асырылуда. Терроризмге қарсы маневрлердің өткізілуіне байланысты қала аумағында көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілер үшін уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Жаркент қаласының тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарау сұралады. Оқу-жаттығулар жоспарлы сипатта өтіп, қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі нығайту мақсатында ұйымдастырылуда. Жетісу облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2026

Жетісу облысында «Найза-Антитеррор-2026» республикалық оқу-жаттығуы өтуде

Ағымдағы жылдың 12 маусымында Жетісу облысының аумағында «Найза-Антитеррор-2026» республикалық терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізіледі. Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру. Осыған байланысты тұрғындар мен қала қонақтарын өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға, сондай-ақ көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалысына енгізілуі мүмкін уақытша шектеулерді ескеруге шақырамыз. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жетісу облысының жедел штабы.
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2026

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды 1 / 1

Қазақстан Республикасының Президенті 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізудің жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Стратегия алдағы жылдарға арналған елдің технологиялық дамуының басты құжатына айналады және жаһандық цифрлық трансформация жағдайында мемлекетті, экономика мен қоғамды терең жаңғыртудың жаңа кезеңін айқындайды. Стратегиялық құжат елдің технологиялық ұлт құру жолын белгілеп, нақты жоспар ұсынады және бұдан былай мемлекеттің осы саладағы стратегиялық бағыты мен негізгі жұмыс бағыттарын айқындайтын институционалдық құжаттардың бүкіл циклін қалыптастыруды аяқтайды. «Digital Qazaqstan» - бұл Қазақстанның дамудың жаңа моделіне іргелі көшуі, мұнда деректер, жасанды интеллект және заманауи технологиялар мемлекеттік басқарудың негізіне айналады және елдің цифрлық экожүйесін жекелеген қызметтерді автоматтандырудан деректерге негізделген кешенді басқаруға көшіред...
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2026

Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында қабылданған Конституцияның ережелерін жүзеге асыру мақсатында конституциялық заңдарға қол қойды

1. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заңы ➤ Заң Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің құқықтық мәртебесін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды. ➤ Заңның басты жаңалығы – Вице-Президент институтының құрылуы. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Вице-Президент мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында оның мүдделерін білдіреді және Президент айқындаған міндеттерді орындайды. 2. «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңы ➤ Конституциялық заң Құрылтайды ұйымдастыру мен оның қызметін, заң шығару процесін және Құрылтайдың өкілеттіктерін жүзеге асырудың өзге де нысандарын, оның депутаттарының құқықтық мәртебесін белгілейді. ➤ Құрылтай – заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган. ➤ Құрылтай партиялық тізім бойынша сайланған 145 депут...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.06.2026

Экологтар күніне орай Астанада ағаш отырғызу экологиялық акциясы өтті

6 маусым күні Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстандағы UNICEF өкілдігімен бірлесіп аумақты санитарлық тазарту және ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өткізді. Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен волонтерлер қатысты. Акцияның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару және табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттарын қалыптастыру. Іс-шара барысында қатысушылар аумақты санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, 100-ден астам ағаш көшетін отырғызды. Олардың қатарында қарағай, шырша, алмұрт және шетен ағаштары бар. Отырғызылған көшеттер елорданы көгалдандыруға және қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлесін қосады. Осындай экологиялық акцияларды өткізу қоршаған ортаны сақтау және орнықты даму мәселелерінде мемлекет, хал...
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.06.2026

Ақсуат ауданында «Асыл бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалі өтіп жатыр

Ұлттық спортты, өнерді, білім мен руханиятты тоғыстырған ауқымды шараға еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар, өнерпаздар мен қонақтар жиналды. Фестивальдің ашылу салтанатында облыс әкімі Берік Уәли құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңызына тоқталды. «Қойнауы құтқа толған, баурайы жұртқа толған Тарбағатайдың еңісін жайлаған Ақсуат жері – халқымыздың тарихы мен тағдырында айрықша орны бар қасиетті мекен. Елдің сөзін сөйлеп, ұлт руханиятын байытқан, түгін тартса май шығып, тасын түртсе тарих сөйлейтін бұл өңір талай тау тұлғаны дүниеге әкелген тағылымды өлке. Сондықтан бүгінгі бас қосудың дәл осы қасиетті топырақта өтуінің өзіндік мәні бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Біз отаншыл және мемлекетшіл болуымыз керек. Шын мәнінде, туған жеріңді сүюден асқан бақыт жоқ. Жүрегі Отаным, Елім, Жерім деп соққан адам ештеңеден қаймықпайды», – деп атап өткен болатын. Осындай елін сүйген, елі сүйген азаматтар біздің ортамыздан табылып отыр. Дәстүрлі...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.06.2026

Жетісуда «Эколог сағаты» өтті

Халықаралық экологтар күніне орай жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру мақсатында облыс жастарының қатысуымен «Эколог сағаты» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Іс-шара барысында қатысушыларға экологиялық қауіпсіздіктің маңыздылығы, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы мемлекеттік саясат және әрбір азаматтың экологиялық жауапкершілігі жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, дүниежүзілік деңгейде өткізілетін «Эколог сағаты» халықаралық экологиялық акциясының негізгі мақсаты мен маңызы түсіндіріліп, аталған бастаманың қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесі туралы айтылды. Кездесуде экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторының бас маман Мөлдір Ахметжанова жастармен ашық форматта пікір алмасып, өңірдегі экологиялық ахуал, табиғатты қор...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.