ӘЛЕУМЕТ

Жетісу облысында «Найза-Антитеррор-2026» республикалық оқу-жаттығуы өтуде

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 12.06.2026
Оқылды: 15 Печать страницы

Ағымдағы жылдың 12 маусымында Жетісу облысының аумағында «Найза-Антитеррор-2026» республикалық терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру.

Осыған байланысты тұрғындар мен қала қонақтарын өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға, сондай-ақ көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалысына енгізілуі мүмкін уақытша шектеулерді ескеруге шақырамыз.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жетісу облысының жедел штабы.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.