ӘЛЕУМЕТ

Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты назарда

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 10.08.2026
Оқылды: 4 Печать страницы

 

Көксу ауданында профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Көксу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және әкімшілік қадағалау есебінде тұрған тұлғалармен профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – профилактикалық есепте тұрған азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қайта құқық бұзушылық жасаудың алдын алу және қоғамдағы заң мен тәртіпті қамтамасыз ету.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері азаматтарға Қазақстан Республикасының заң талаптарын қатаң сақтау, белгіленген міндеттерді орындау және әкімшілік қадағалау талаптарын бұзбау қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар, құқық бұзушылыққа жол берген жағдайда заңнамада көзделген жауапкершілік қарастырылатыны ескертілді.

Профилактикалық әңгіме барысында қатысушыларға қоғамдық тәртіпті сақтау, спирттік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудан және басқа да құқыққа қайшы әрекеттерден аулақ болу жөнінде кеңестер берілді.

Полиция қызметкерлері әр азаматтың заң талаптарын сақтауы – өзінің ғана емес, айналасындағы адамдардың да қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін атап өтті. Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы мұндай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Заңды сақтау – жауапкершіліктен басталады. Қоғамдық тәртіпті бірге қорғайық!

#ЗаңЖәнеТәртіп #Көксу #Полиция #Профилактика #ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу #Қауіпсіздік #ЖетісуОблысы #102

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.