ӘЛЕУМЕТ

Көксу ауданында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рейд өткізілуд

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 11.08.2026
Оқылды: 4 Печать страницы

 

Көксу ауданында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілер арасында жол жүрісі ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру мақсатында профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізілуде.

Рейд барысында Көксу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, жол жүрісі ережелерінің сақталуын бақылауда.

Полиция қызметкерлері анықталған құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, жүргізушілерге жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әсіресе белгіленген жылдамдықты сақтау, қауіпсіздік белдігін тағу, көлік құралын мас күйінде басқармау және көлік жүргізу кезінде ұялы телефонға алаңдамау қажеттігі ескертілуде.

Жолдағы қауіпсіздік – баршаға ортақ жауапкершілік. Жүргізушінің әрбір жауапсыз әрекеті өзінің ғана емес, жолаушылар мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Полиция қызметкерлері аудан тұрғындары мен жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда барынша мұқият болуға және өзге азаматтардың қауіпсіздігіне құрметпен қарауға шақырады.

Жол ережесін сақтау – қауіпсіздіктің кепілі!
Жолда абай болыңыз және өз өміріңіз бен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қараңыз!

#Көксу #Полиция #ЖолҚауіпсіздігі #ЖолЕрежесі #ЗаңЖәнеТәртіп #ҚауіпсізЖол #ЖетісуОблысы #102

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.