ЖАҢАЛЫҚТАР
Құрылтай сайлауы: сайлаушылар нені білуі керек? |
| Құрылтай депутаттарының сайлауы – заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырылатын маңызды қоғамдық-саяси науқан. Сайлаудың ашық әрі әділ өтуі оны ұйымдастыруға жауапты органдардың жұмысына ғана емес, сайлаушылардың белсенділігі мен құқықтық сауаттылығына да байланысты. Әрбір сайлаушы ең алдымен өзінің қай сайлау учаскесіне тіркелгенін алдын ала анықтап алғаны дұрыс. Бұл дауыс беру күні уақытты үнемдеуге және сайлау процесінің ұйымдасқан түрде өтуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың жарамды болуы маңызды. Сайлау учаскелерінде дауыс берудің заңнамада белгіленген тәртібі сақталады. Барлық қатысушыларға тең мүмкіндік жасалып, дауыс беру құпиялығы қамтамасыз етіледі. Бұл – сайлау процесінің негізгі қағидаттарының бірі. Қазіргі таңда өңірлерде сайлау учаскелерін әзірлеу, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жауапты мекемелер сайлау күні барлық процестің талапқа сай өтуі үшін дайынды... |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.08.2026 |
Ауылдардағы білім инфрақұрылымын жақсарту: Жетісуда 5 жаңа мектеп салынып жатыр |
| Жетісу облысында әсіресе ауылдық жерлердегі білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Биыл өңірде бір мезгілде жалпы саны 1280 оқушыға арналған бес жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп, қолданыстағы үш білім беру мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның біреуі пайдалануға берілді, ал қалған төрт жаңа мектеп жыл соңына дейін ел игілігіне ұсынылады. Негізгі мақсат – білім сапасын арттыру, сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, заманауи білім беру ортасын қалыптастыру және педагогтердің еңбек ету жағдайын жақсарту, –деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, жаңа мектептер Кербұлақ ауданындағы Көксай, Панфилов ауданындағы Сүптай, Текелі қаласына қарасты Рудничный ауылдарында, сондай-ақ Қаратал ауданы Үштөбе қаласы мен Талдықорғанда бой көтеруде. Көксу ауданы Бозтоған ауылындағы Мұсабек атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, нысан пайдалануға берілді, тағы екі мектептің жаңғырт... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.07.2026 |
Триллиондық ауқым: Жетісу 2029 жылға дейінгі экономикалық серпінге дайындалуда |
| Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірде 185,6 млрд теңгеге 160 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. 2025 жылы жалпы құны 50,6 млрд теңге болатын 25 жоба іске қосылды. Олардың қатарында Қорын ГЭС-3, Көктал ГЭС-1.1, «Қайнар АКБ» АҚ өндірісін кеңейту және Empire Manufacturing Kazakhstan (MacCoffee) зауыты бар. Жыл қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 611 млрд теңгеге жетіп, оның 71%-ын жеке қаражат құрады. Тікелей шетелдік инвестициялар жоспары 18,9%-ға артығымен орындалды. 2026 жылы өңірде 123,9 млрд теңгеге 43 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл 1 339 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 2029 жылға дейін Жетісуда жалпы құны 1,5 трлн теңгені құрайтын 127 жобадан тұратын инвестициялық портфель қалыптастырылды. Ірі жобалар қатарында «Көксу» ГРК тау-кен байыту комбинаты, SkyHansa әуежайы, Standart Steel KZ зауытының III кезеңі, ME Elecmetal құю зауыты, «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА база... |
| Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.07.2026 |
Жетісуда 3 млн теңгеге әкімшілік рақымшылық жасалды |
| Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты елде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтар мен кәсіпкерлерге рақымшылық жасалуда. 2026 жылғы 2 шілдеден бастап күшіне енген Заң аясында жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар, нотариустар мен заң консультанттары салық және кеден саласындағы төленбеген әкімшілік айыппұлдардан босатылады. Егер айыппұл ішінара төленген болса, рақымшылық тек оның қалған бөлігіне жүреді. Жеңілдік 2027 жылғы 2 қаңтарға дейін (6 ай) созылады. Алайда бұл шара сот шешімімен кесілген жазаларға, заңда көрсетілген арнайы баптарға және айыппұлды өз еркімен төлеп қойғандарға қолданылмайды. Бүгінгі таңда Жетісу облысында жалпы сомасы 3 051 840 теңгеге жететін 49 салық төлеушіге рақымшылық жасалды: • 26 жеке тұлға – 1 868 080 теңге; • 23 жеке кәсіпкер – 1 183 760 теңге. |
| Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.07.2026 |
Құрылтай сайлауы: сайлаушылар нені білуі керек? |
| Құрылтай сайлауы – заңнамада белгіленген тәртіппен өткізілетін маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралардың бірі. Сайлау барысында барлық рәсімдердің ашық, заң талаптарына сәйкес әрі белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылуына ерекше назар аударылады. Сайлау күні әрбір азамат өзі тіркелген сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Сондықтан сайлаушыларға алдын ала өздерінің қай учаскеге тіркелгенін нақтылап алған жөн. Бұл дауыс беру күні уақытты тиімді пайдаланып, сайлау процесіне еш кедергісіз қатысуға мүмкіндік береді. Дауыс беру кезінде азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың болуы міндетті. Учаскеге келген сайлаушы тиісті тіркеуден өтіп, бюллетеньді алып, дауысын арнайы жабдықталған құпия дауыс беру кабинасында береді. Бұл – әр азаматтың еркін таңдау жасау құқығын қамтамасыз ететін маңызды талаптардың бірі. Сайлау учаскелерінде барлық қажетті ұйымдастыру шаралары алдын ала қарастырылады. Комиссия мүшелері сайлаушыларға заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дауыс... |
| Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.07.2026 |
Құрылтай сайлауына дайындық: учаскелердің әзірлігі назарда |
| Алдағы Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары өңірлерде жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сайлау процесінің заң талаптарына сай әрі ұйымдасқан түрде өтуін қамтамасыз ету мақсатында жауапты мекемелер тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық дайындығына ерекше көңіл бөлінуде. Учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, дауыс беру күні азаматтарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне қолайлы орта қалыптастыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Дайындық барысында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту және түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, сайлау рәсімдерін заңнама талаптарына сәйкес өткізу тәртібі пысықталуда. Бұл шаралар сайлау процесінің ашықтығы мен ұйымдастырылу сапасын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ сайлаушылардың өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алуына мүмкіндік беру үшін ақпараттық-т... |
| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.07.2026 |
Жетісулық құрылысшылар әулеті қалалық ортаға арналған металл бұйымдарын шығаратын өндірісті жолға қойды |
| Жетісу облысында талдықорғандық құрылысшылар отбасы металды заманауи, сәнді әрі пайдалы бұйымдарға айналдырып келеді. Олардың өндірістік цехында қаланың келбетін көркейтетін функционалды металл конструкциялармен қатар түрлі сәндік-декоративтік элементтер де дайындалуда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Талдықорған қаласына арналған жаңа аялдама павильондары – кәсіпорынның ерекше жобаларының бірі. Қазір олар шаһардың бірнеше шағынауданында орнатылып жатыр. Бүгінгі таңда 20-дан астам аялдама көпшіліктің игілігіне пайдаланылуда. Павильондардың басты ерекшелігі – олар қаланың логотипі мен облыс орталығының ең танымал нышандарының бірі саналатын «Жетісу» стеласының бейнесімен безендірілген. «Temir & Laser» кәсіпорнының бас директоры Олжас Азанбековтің айтуынша, өндірістік цехта аптасына осындай 10 аялдама павильонын жасап шығаруға мүмкіндік бар. Оның сөзіне сүйенсек, бүгінде кәсіпорындағы өндіріс процесіі толық жолға... |
| Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.07.2026 |
«Бір ауыл – бір өнім»: жетісулық 40-қа жуық кәсіпкер өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды |
| Жетісу облысында «Бір ауыл – бір өнім» көрме-байқауы өтіп, онда өңірдің аудан-қалаларынан 40-қа жуық кәсіпкер өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Талдықорғандағы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен көрмеге келгендер қатарында ұлттық тағам, қолөнер бұйымдарын, табиғи косметика т.б. өнімдер жасайтын белсенді кәсіпкерлер бар. Шара соңында қатысушылардың өнімдері сапасы, жаңашылдығы, нарықтағы сұранысына қарай сараланып, жобаның 20 үздік жартылай финалисі анықталды, ал финалистер алдағы кезеңде белгілі болады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Көрме-байқауға қатысушыларды өңір басшысының атынан құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. – Президентіміз айтқандай, тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылдың өркендеуінің берік негізі. Сондықтан Жетісу облысында бұл салаға айрықша көңіл бөлініп келеді. Биылд... |
| Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.07.2026 |
Құрылтай сайлауын ұйымдастырудың негізгі қағидаттары |
| Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сайлау процесін ұйымдастыру барысында заңдылық, ашықтық және азаматтардың сайлау құқықтарын сақтау басты қағидаттардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта сайлау учаскелерінің дайындығы, ұйымдастыру шаралары және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша жұмыстар атқарылуда. Жауапты мамандар сайлау процесінің барлық кезеңдерін пысықтап, белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету бағытында қызмет етуде. Сайлау процесінің маңызды кезеңдерінің бірі – азаматтарға толық әрі нақты ақпарат беру. Сайлаушылар дауыс беру тәртібі, өз құқықтары мен міндеттері, сайлау кезеңдері туралы қажетті мәліметтерді алдын ала білуі керек. Бұл олардың сайлауға белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Аудандарда сайлау учаскелерінің жұмысын ұйымдастыру, қажетті жағдайларды қамтамасыз ету және комиссия мүшелерінің дайындығын жетілдіру бағытында тиісті шаралар қабылдануда. Әрбір учаскенің жұмысы сайлау процесінің талаптарына са... |
| Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.07.2026 |
ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат |
| Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастапМинистрлікүкіметтік емес ұйымдардысыйлықақы түрінде ынталандыру тетігін енгізді. ҮЕҰүшін сыйлықақы –бұл республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы. Жылдар аралығында558ҮЕҰсыйлықақы иегерлері атанды(2017 жылы – 59 ҮЕҰ, 2018 жылы – 63 ҮЕҰ, 2019 жылы – 63 ҮЕҰ, 2020 жылы – 38 ҮЕҰ, 2021 жылы-64 ҮЕҰ, 2022 жылы – 54 ҮЕҰ, 2023 жылы – 79 ҮЕҰ, 2024 жылы – 66 ҮЕҰ, 2025жылы – 72 ҮЕҰ). ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы келесі 16маңыздысалабойынша әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін ҮЕҰ-ға беріледі(«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы»Заңның 5-бабына с... |
| Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.07.2026 |
