Құрылтай сайлауы – заңнамада белгіленген тәртіппен өткізілетін маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралардың бірі. Сайлау барысында барлық рәсімдердің ашық, заң талаптарына сәйкес әрі белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылуына ерекше назар аударылады.
Сайлау күні әрбір азамат өзі тіркелген сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Сондықтан сайлаушыларға алдын ала өздерінің қай учаскеге тіркелгенін нақтылап алған жөн. Бұл дауыс беру күні уақытты тиімді пайдаланып, сайлау процесіне еш кедергісіз қатысуға мүмкіндік береді.
Дауыс беру кезінде азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың болуы міндетті. Учаскеге келген сайлаушы тиісті тіркеуден өтіп, бюллетеньді алып, дауысын арнайы жабдықталған құпия дауыс беру кабинасында береді. Бұл – әр азаматтың еркін таңдау жасау құқығын қамтамасыз ететін маңызды талаптардың бірі.
Сайлау учаскелерінде барлық қажетті ұйымдастыру шаралары алдын ала қарастырылады. Комиссия мүшелері сайлаушыларға заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дауыс беру рәсімінің белгіленген тәртіппен өтуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау да басты назарда болады.
Құрылтай сайлауына қатысты ресми ақпараттарды тек сенімді дереккөздерден алып, белгіленген талаптарды сақтау – әрбір азаматтың ақпараттық мәдениетінің маңызды бөлігі. Алдын ала ақпаратпен танысу сайлау күні туындауы мүмкін сұрақтардың алдын алып, дауыс беру процесінің ұйымдасқан түрде өтуіне ықпал етеді.
Нұрсұлтан Бекет
