ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында жыл қорытындысында инженерлік желілердің тозуы 15%-ға төмендейді

Жетісу облысында Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру басталды. Қабылданған шаралардың арқасында биылғы жылдың қорытындысы бойынша 568 шақырым инженерлік желілерді жаңғыртылады деп жоспарланған, бұл тозудың орташа деңгейін 15%-ға төмендетуге мүмкіндік береді, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Биыл өңірде 23 жоба іске асырылады, соның ішінде электр мен жылу желілері, сумен жабдықтау және су бұру салаларында қолға алынады. Барлық нысандар бойынша мердігер ұйымдар айқындалған, толық қаржыландырылды, қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Талдықорған және Текелі қалаларының коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі жобалар аса маңызды саналады. Соның нәтижесінде Талдықорған қаласында ұзындығы 3,5 шақырым негізгі магистралды жылу желісі қайта жаңартылып, Текелі қаласында 89 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері жаңартылады. Электрмен жабдықтау саласында іске асырылып жатқан 16 жобаның аясында...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.07.2026

Жетісуда су шаруашылығында 9 жоба толық іске асырылғанда 34,3 мың га жерді суару жақсарып, 3,2 мың га жаңа жер айналымға қосылады

Жетісу облысында вегетациялық кезең үздіксіз жүргізіліп, өңірдегі суармалы егістік жерлер сумен тұрақты қамтылуда. Мәселен, бекітілген кестеге ауыл шаруашылығы дақылдарына бірінші және екінші суы беріліп, бүгінгі күні 44 мың гектарға үшінші суы жеткізілуде, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде суармалы судың шығынын азайту мақсатында 9 су шаруашылығы нысанына қайта жаңғырту жәнен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, бұл жобалар Ислам даму банкі арқылы, республикалық және жергілікті бюджет есебінен Ақсу, Көксу, Қаратал, Сарқан, Ескелді аудандары мен Талдықорған қаласында жүзеге асырылуда. Осы жобалар аяқталғанда 34,3 мың га жердің суаруы жақсартылып, 3,2 мың га жаңа жер айналымға қосылады. Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандардың бірі – «ҚазСуШар» РМК филиалының Ескелді өндірістік учаскесіне қарасты «Алмалы» су қоймасы. Мұндағы құрылыс жұмыстарын атқ...
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.07.2026

"Алакөл толқыны" фестивалі әлемнің алты елінен бес мың қонақтың басын қосты

Республикалық оқиғалар мен іс-шаралар күнтізбесіне Жетісу облысы тарапынан енгізілген «Алакөл толқыны» мәдени-туристік фестивалі Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылындағы Алакөл көлінің жағалауында тиісті деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. «Алакөл толқыны» фестиваліне Қытай, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген шетелдік туристер мен қонақтар, сондай-ақ Қазақстанның әр облысынан келген демалушылар мен өңір тұрғындарын қоса алғанда, 5 мыңнан астам адам қатысты. Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі Алакөл өңірінің туристік әлеуетін, табиғи ерекшеліктері мен тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптейтін арнайы бейнероликтің көрсетілімімен басталды. Ресми бөлімде алғашқы құттықтау сөз Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаевқа беріліп, ол өңірде туризм саласын дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру және Алакөл жағалауын халықаралық деңгейдегі туристік бағыт ретінде дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты....
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.07.2026

Comic Con Astana фестиваліне қандай әлемдік жұлдыздар келеді

Елордада 6-9 тамыз аралығында халықаралық Comic Con Astana фестивалі өтеді. Ауқымды іс-шараның хедлайнерлерінің бірі – британиялық әрі испандық актер Таз Скайлар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Актерге әлемдік танымалдық Netflix платформасындағы One Piece сериалында Санджи рөлін сомдағаннан кейін келді. Бұдан бөлек, Таз Скайлар режиссер Филип Барантинидің Boiling Point («Қайнау нүктесі») фильмі мен сериалында, Cleaner («Тазалаушы») экшн-триллерінде, The Kill Team («Өлім тобы») әскери драмасында және Agatha Raisin («Агата Рэйзин») детективтік-комедиялық сериалында ойнаған. Скайлар актерлікпен қатар сценарист, режиссер және продюсер ретінде де еңбек етеді. Сонымен бірге экстремалды спорт түрлерімен белсенді айналысады. Фестиваль аясында ол басты сахнада жанкүйерлерімен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап береді, сондай-ақ қолтаңба тарату және фотосессияларға қатысады. Comic Con Astana 2026 аясында Қазақстанғ...
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.07.2026

«Цифрлық сот орындаушысы» Жетісу облысының тұрғындарына 30 миллион теңгеге жуық қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді

2024 жылғы 20 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әкімшілік айыппұлдарды 20 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде өндіріп алуға арналған «Цифрлық сот орындаушысы» жобасын іске қосты. Жобаның басты мақсаты – азаматтарға жеке сот орындаушыларының (ЖСО) 3%-дан 25%-ға дейінгі комиссиясын төлемей, берешекті өтеуге мүмкіндік беру. Үдеріс толықтай автоматтандырылған: қаулы тіркелгеннен кейін борышкерге 1414 нөмірінен SMS-хабарлама және eGov Mobile қосымшасы арқылы хабарлама жіберіледі. Бірден мүлкіне шектеу қойылып, 5 күннен кейін банктік шоттары автоматты түрде бұғатталады, ал 20 күн өткен соң инкассалық өкім шығарылады. Берешекті ерікті түрде өтеуге 30 күн беріледі. Осы мерзімде төленбеген жағдайда іс жеке сот орындаушысына жолданады. Қарызды онлайн режимде, оның ішінде Kaspi.kz қосымшасының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде төлеген кезде барлық қойылған тыйымдар...
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.07.2026

Құрылтай – қоғамдық диалогтың маңызды алаңы

Құрылтай – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға, түрлі сала өкілдерінің пікірін тыңдап, ұсыныстарын ортақ алаңда қарастыруға мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық институт. Оның жұмысы қоғамдық диалогты дамытуға, ел дамуына қатысты өзекті бағыттарды саралауға негізделген. Құрылтай отырыстарында білім беру, ғылым, мәдениет, әлеуметтік саясат, жастарды қолдау, өңірлерді дамыту, экология және ұлттық құндылықтарды дәріптеу секілді көптеген маңызды мәселелер талқыланады. Көтерілген ұсыныстар мемлекеттік органдардың қарауына жолданып, тиісті шешімдер қабылдау барысында ескеріледі. Қоғамның тұрақты дамуы үшін азаматтардың пікірін тыңдау мен ашық диалогтың маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда Құрылтай – халық пен мемлекет арасындағы байланысты нығайтып, түрлі көзқарастардың тоғысатын алаңы ретінде маңызды рөл атқарады. Құрылтай жұмысының басты ерекшелігі – елдің болашағына қатысты өзекті мәселелерді кеңінен талқылап, қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал ету. Мұндай кез...
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.07.2026

Құрылтай – қоғамдық диалог пен дамудың жаңа кезеңі

Құрылтай – қоғамның өзекті мәселелерін талқылап, түрлі сала өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстарын ортақ алаңда қарастыруға мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық институт. Онда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім мен ғылым, мәдениет, жастар саясаты, ұлттық құндылықтарды сақтау, өңірлердің дамуы сияқты маңызды бағыттар бойынша өзекті мәселелер көтеріледі. Құрылтай жұмысының негізгі мақсаты – қоғамдағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылап, азаматтардың ұсыныстары мен бастамаларын зерделеу. Ашық пікір алмасу арқылы түрлі көзқарастар сараланып, қоғамның сұранысына сай ұсыныстар қалыптастырылады. Құрылтай барысында көтерілген мәселелер мемлекеттік органдардың қарауына ұсынылып, заңнама мен мемлекеттік бағдарламаларды жетілдіру бағытындағы жұмыстарда ескерілуі мүмкін. Бұл қоғамдық диалогты нығайтып, халық пен мемлекет арасындағы байланысты одан әрі дамытуға ықпал етеді. Мұндай алаңдардың басты ерекшелігі – қоғамдағы түрлі пікірлердің тоғысуына жағдай жасап,...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.07.2026

Айдарбек Сапаров Жетісу облысында АӨК саласында инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және егін жинау барысымен танысты

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапары барысында Жетісу облысындағы агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың орындалу барысымен танысты. Сондай-ақ егін орағы науқанының қарқынына айрықша көңіл бөліп, өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті. Жұмыс сапары барысында су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы суармалы егіншілікті дамыту мәселесіне баса аударылды. Министр «АгроХолдинг Жетісу» серіктестігіне барып, 1,4 мың гектар алқапта заманауи суару жүйесін құру жобасымен танысты. Жоба Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында қаржыландырылған. Биыл шаруашылықта 1 454 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде жоңышқа, арпа, жүгері және күнбағыс бар. «Бүгінде су үнемдеу технологияларын енгізу – өнімділікті арттырудың ғана емес, ауыл шаруашылығының орнықты дамуының басты тетігі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл бағыттағы қолдау ша...
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.07.2026

«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды

Бүгін Петропавл қаласында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының «Қазақстанның жаңа конституциялық архитектурасы: өңірлердің көзқарасы» тақырыбындағы отырысы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Іс-шараға жетекші сарапшылар, ғылыми қауымдастық өкілдері, заңгерлер, саясаттанушылар, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және өңірдің Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты. Сараптамалық алаң қатысушылары конституциялық реформалардың өңірлік өлшемін, жаңа Конституцияны іске асырудағы жергілікті өзін-өзі басқару мен азаматтық қоғамның рөлін, қоғамдық диалогты, саяси партияларды және қоғамдық қатысудың жаңа институттарын дамыту мәселелерін талқылады. Отырысты ашқан ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов жаңа Конституцияның қабылдануы әділеттілік, заң үстемдігі, жауапкершілік және тең мүмкіндіктер қағидаттарына негізделген ел дамуының жаңа...
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.07.2026

23 тамыз – бірлік пен жаңғыруды ұлықтайтын құрылтай рухы

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихында елдің тағдыры таразыға түскен сәттерде жұрттың басын қосып, ақылдасып, ортақ шешім қабылдайтын ерекше дәстүр қалыптасты. Ол – құрылтай. Құрылтай – халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтып, елдік мәселелерді кеңінен талқылауға негіз болған маңызды қоғамдық институт. Бүгінде бұл дәстүр тәуелсіз Қазақстанда жаңа мазмұнмен жалғасып келеді. Ұлттық құрылтай қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогты дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және елдің дамуына қатысты маңызды бастамаларды талқылауға бағытталған маңызды алаңға айналды. 23 тамыз – елдік пен қоғамдық келісімнің маңызын тағы бір мәрте еске салатын күн. Бұл күнде құрылтайдың басты ұстанымдары – бірлік, татулық, өзара сыйластық және ортақ жауапкершілік қағидаттары ерекше мәнге ие болады. Қоғамның тұрақты дамуы әр азаматтың белсенділігіне, ел тағдырына деген жанашырлығына және ортақ іске қосқан үлесіне байланысты. Құрылтайдың негізгі мақсаты – халықт...
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.07.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.