ЖАҢАЛЫҚТАР
Көксу ауданында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде |
| 17–19 шілде аралығында республика көлемінде «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара аясында Көксу ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстың жолын кесу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді, жалға берілетін пәтерлерді тексеріп, есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайы бойынша бақылау жұмыстарын жүзеге асыруда. Сонымен қатар тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жеке және мүліктік қауіпсіздікті сақтау бойынша профилактикалық жадынамалар таратылуда. Көксу ауданы полиция бөлімі азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, сақтық шараларын күшейтуге және күдікті жағдайлар немесе құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда 102 арнасына дереу хабарлауға шақырады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – полиция мен тұрғындардың бірлескен жауапкершілігі. Көкск аудан... |
| Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.07.2026 |
Жетісу IT-әлеуетін күшейтуде: жаңа мектептер, ЖИ және аудандардағы оқу |
| Жыл басынан бері «Jetisu Digital» 1 380-нен астам қатысушының басын қосқан 57 іс-шара өткізді. Олардың жартысынан астамы жасанды интеллект пен оны практикада қолдану мәселелеріне арналды. «Digital Keruen» жобасы облыстың барлық 10 ауданы мен екі қаласын қамтыды: сарапшылар өңірлерге арнайы барып, жергілікті тұрғындарды заманауи цифрлық дағдыларға баулыды. Хаб IT-білім беру бағытындағы жұмысын жалғастыруда. Samsung Innovation Campus тегін бағдарламалау мектебінде кезекті оқу легі аяқталды. Сонымен қатар, «Жетісу жастары» орталығының базасында Tomorrow School мектебін іске қосуға толық дайындық жүргізілді - 50 заманауи жұмыс орны құрылды. Мектептің ашылуы 2026 жылғы шілдеге жоспарланған. «Jetisu Digital» алдағы уақытта «Tomorrow School» мектебін ашуды, бағдарламалау, веб-дизайн және генеративті ЖИ бойынша тегін курстарды кеңейтуді, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беруді дамытуды, сондай-ақ аудандарда жаңа көшпелі интен... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.07.2026 |
Жетісуда тұрғындарға көмірді жаз мезгілінде сатып алу ұсынылуда |
| Жетісу облысының көмір қоймаларына қатты отын тиісті көлемде тұрақты жеткізілуде. Қазір өңірге тәулігіне орта есеппен 9 вагон көмір әкелінеді. Жалпы биылғы жылыту маусымына облыста халықтың көмірге деген қажеттілігі 375 мың тоннаны құрайды, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірде 46 көмір тұйығы мен қойма болса, оларда қазіргі кезде 32 мың тонна бар көмір бар. - Мамыр айынан бастап темір жол қатынастарымен 24 мың тонна көмір жеткізілді, Күніне ора есеппен 9 вагон «Шұбаркөл», «Қаражыра» көмірі әкелінеді, көмір жетіспеушілігі жоқ. Күз-қыс айларында сұраныс күрт өсетіндіктен, көмірге кезек, тасымалдау кідірістері, тапшылық сияқты қиындықтарды болдырмау мақсатында қолайлы ауа райында көмір сатып алу керектігін халықтың есіне саламыз, - деді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы Әділет Хасенов. Атап өтсек, 2026–2027 жы... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.07.2026 |
Жетісу облысына – 4 жыл: республикалық жолдар 100% жөнделді, 38 елді мекенде және облыстық маңызы 150 км жолда жөндеу жүргізілуде |
| Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдары 100% жөндеуден өтті. Сонымен қатар қазіргі уақытта облыстық маңызы бар 150 шақырым жолға және облыстың 38 елді мекеніндегі 230 шақырым көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Көлік инфрақұрылымын жаңғырту аясында жалпы ұзындығы 30 шақырымды құрайтын «Жансүгіров – Ақсу» облыстық маңызы бар автомобиль жолында орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Аталған жол учаскесіне соңғы 30 жыл бойы күрделі жөндеу, құрылыс немесе қайта жаңғырту жұмыстары мүлде жүргізілмеген. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, бұл жолдағы орташа жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталған. Жобаны жүзеге асыруға қажетті қаражат облыстық бюджеттен бөлінді. – Ең алдымен су бұру мәселесі шешілді. Жоспарланған 13 су өткізу құбырының барлығы бүгінгі күнге дейін толық орнатылып, пайдалануға дайын. Қазіргі уақытта жолғ... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.07.2026 |
Жетісуда 43 инвестициялық жоба іске асырылуда |
| Жетісу облысында 2026 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,7%-ды құрады. Экономикалық өсімде негізгі үлес өнеркәсіп, көлік және қоймалау, байланыс қызметтері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы салаларына тиесілі, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне қарағанда, бұл динамика 2025 жылы аяқталған республикалық ірі инфрақұрылымдық жобалардың, яғни «Достық-Мойынты» теміржолының, «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбыры мен Достық өткізу пунктінің құрылысы, сондай-ақ «Талдықорған-Үшарал» және «Сарыөзек-Қорғас» жолдарын жөндеу жұмыстарының аяқталуы әсерінен, яғни жоғары базаның арқасында қалыптасты. Нақтыланған жоспарға сәйкес жыл соңына дейін бұл индикаторларды орындауға толық мүмкіндік бар. Бүгінде облыста жалпы сомасы 129 млрд теңгеге 43 инвестициялық жоба іске асырылуда. Олардың ішінде ірілерін атап өтсек, Ақсу, К... |
| Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.07.2026 |
Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғыртуға 27 миллиард теңге бөлінді |
| Биыл аймақтағы республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғырту мен қауіпсіздігін арттыруға жалпы саны 27 миллиард теңге қаржы бағытталды. Қазіргі таңда 1050,2 шақырым жолдың 193 шақырымы тікелей жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Басты жобалар мен өзгерістер: Сарыөзек станциясының айналма жолы: Ұзындығы 7 шақырымдық күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, биыл толық пайдалануға беріледі. «Алматы – Өскемен» автожолы: Ауқымды күрделі жөндеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда жолдың төменгі қабаты салынып, екі қабат асфальт төселді. Нысан басында жеке асфальт зауыты жұмыс істеп тұр. Жүргізушілер назарына: Құрылыс кезінде қозғалыс қауіпсіздігі үшін «Алматы – Талдықорған» бағытында реверстік қозғалыс ұйымдастырылса, кері бағыт ескі Мұқыры жолы арқылы жүзеге асырылуда. Орташа жөндеу: «Талдықорған айналма жолы» мен «Қонаев - Талдықорған» бағыттарында жол төсемі жаңартылып, жарықтандыру тіректері орнатылуда. |
| Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.07.2026 |
Жетісуда сүт нарығы мен 20 мемлекеттік мекеме заң шеңберіне келтірілді |
| Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылады. Мамандар жүргізген тексеріс барысында, өңірдегі ірі сүт өндірушілер – «Жетісу сүт» және «Ақ-бұлақ продукт» серіктестіктерінің заң бұзғаны анықталды. Бұл компаниялар сүт өнімдері мен айранды дүкендерге өткізу кезінде, кейбір сатып алушыларға ешқандай негізсіз әртүрлі баға мен тиімсіз талаптар қойып келген. Бұл Кәсіпкерлік кодексіне қайшы болғандықтан, монополияға қарсы қызмет кәсіпорындарға ескерту жасады. Қазіргі уақытта барлық келісімшарттар заңға сай теңестірілді. Сонымен қатар, облыстағы мемлекеттік үлесі бар 41 мекеменің жұмысы тексерілді. Нәтижесінде Талдықорған қаласындағы 20 балабақша мен колледжде бәсекелестік заңнамасын бұзу жағдайлары анықталып, оларға кемшіліктерді жою туралы талап қойылды. Мекемелер бұл ескертуді толық орындап, жұмыстарын заңға сәйкес реттеді. Ал облыстық Кәсіпкерлік басқармасы мен Еңбек мобильділігі... |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.07.2026 |
Денсаулыққа «ИӘ», зиянды әдеттерге «ЖОҚ»! |
| Еңбек ауылында оқушыларға арналған профилактикалық акция өтті Жазғы демалыс – тынығу, жаңа әсерлер мен жарқын жаңалықтарға толы кезең. Алайда таңдау еркіндігімен қатар әр адамның өз іс-әрекетіне деген жауапкершілігі де арта түседі. Осыған байланысты 18 маусым күні Еңбек ауылындағы №22 орта мектепте «Салауатты таңдау – алкогольсіз салауатты өмір» тақырыбында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, оған оқушылар, педагогтер және жастарды қолдау мен профилактика саласында қызмет атқаратын мамандар қатысты. Кездесуге №22 орта мектептің оқушылары мен мұғалімдері, сондай-ақ №10 және №29 мектептердің оқушылары қатысты. Іс-шараны «ҚОС ҚАНАТ ЖЕТІСУ» қоғамдық бірлестігі Талдықорған қаласының Ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша ұйымдастырды. Кездесудің басты ерекшелігі оның интерактивті форматта өтуі болды. Дәстүрлі түсіндіру жұмыстарының орнына мамандар оқушылармен ашық диалог құрып, қызықты тапсырмалар мен тәжірибелік жаттығулар өткізді. Бұл жастарға... |
| Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.07.2026 |
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ПРАКТИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ БОЛАДЫ – САРАПШЫЛАР ПІКІРІ |
| Бүгін Астанада«Құрылтай сайлауы: конституциялық негіздер және саяси трансформация»атты сараптамалық талқылау алаңы өтті. Құқықтанушы ғалымдарды, саясаттанушыларды, әлеуметтанушыларды, экономистерді, еліміздің жетекші сараптамалық орталықтарының және мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктірген сараптамалық алаңды ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Қоғамдық саясат институты ұйымдастырды. Сараптамалық алаңға қатысушылар алдағы Құрылтай сайлауының конституциялық негіздерін, жаңа саяси модельдің жұмыс істеу ерекшеліктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын іске асырудағы саяси партиялар мен қоғамдық бақылаудың рөлін талқылады. Құрылтай сайлауының конституциялық және құқықтық негіздеріне арналған бірінші сессияны саясаттанушыҒазиз Әбішевжүргізді. Пікірталас барысында қатысушылар жаңа өкілді органды қалыптастырудың конституциялық негіздерін, сайлауды өткізудің құқықтық кепілдіктерін, қоғамдық бақыла... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.07.2026 |
Биыл Жетісу облысында ветеринариялық пункттерге деген қажеттілік толық қамтамасыз етіледі |
| Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірде 66 жаңа ветеринариялық пункт пен 1 ветеринариялық станция пайдалануға берілді. Ал биыл тағы 16 ветеринариялық пункт пен 4 ветеринариялық станцияны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл өңірдің ветеринариялық пункттерге деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. – Биыл Ақсу, Алакөл, Ескелді, Көксу, Қаратал, Кербұлақ, Сарқан және Панфилов аудандарында мал ұстайтын қоршауларымен бірге 16 ветеринариялық пункт және 4 ветеринариялық станция орнатылады. Осылайша өңірдің ветеринариялық пункттерге деген қажеттілігі толық қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ облыс құрылғаннан бері ветеринариялық мекемелерге 83 жаңа автокөлік берілді, бұл ветеринариялық қызметтердің мобильділігі мен жұмыс тиімділігін едәуір арттырды, – деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Дархан Әбілбаев. Сонымен қатар өңірдің ветеринариялық қызметтерінің материалдық-техникалық базасын жақсар... |
| Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.07.2026 |
