ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 5-ші өрт cөндіру бекеті ашылды

Жетісу облысының Көшкентал ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл – өңірде аталған бағдарламамен ашылған 5-ші бекет, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығыҚанат Алтынбековтің айтуынша, шалғай жерлерде жедел әрекет ететін қызметтің болуы аса маңызды. Осыған байланысты ҚР Төтенше жағдай министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының арқасындатөтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігі артып отыр. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының басты мақсаты – шалғай ауылдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және халыққа дер кезінде көмек көрсету жүйесін жетілдіру. Жаңа нысан іске қосылған Ақсу ауданы Көшкенталауылдық округінде 1350-ден астам адам тұрады. Бұған дейін төтенше жағдай орын алғанда арнайы қызметтердің ауылға жетуіне белгілі бір уақыт қажет болатын. Енді жаңа өрт сөндіру беке...
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026

Әділетті қоғамның негізі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы және Ақсу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі, Жетісу жастары ұйымының Конгресімен бірлесіп Ақсу ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған бірнеше іс-шара өткізді. Басты мақсат – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және адалдық, ашықтық пен әділдік қағидаттарын кеңінен насихаттау. Негізгі шараның бірі саналған «Адалдық. Парасаттылық. Сенімділік.» тақырыбында кездесу. Шараға спикер ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Ринат Бекболғанов, басқарманың бас маманы Ақан Абайұлы қатысты. Олар қатысушыларға елімізде жүзеге асып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы...
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026

https://7-su.kz/wp-content/uploads/2026/06/whatsapp-image-2026-06-25-at-09.04.15.jpeg

Жетісудың жас өнертапқыштары республикалық «El Umiti Premiasy» жобасының лауреаттары атанып, өз стартаптарын дамытуға арналған 1 миллион теңгелік грантқа ие болды. «El Umiti Premiasy» – еліміздің дарынды оқушыларына арналған жеке тұлғалық даму жобасы. Биыл бағдарламаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 700-ге жуық оқушы өтінім бергенімен олардың тек 200-і іріктеуден өтті. Қатысушылар бір жыл бойы түрлі бағыт бойынша дамып, кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, өз стартаптарын әзірледі. Финалға технология, білім беру және әлеуметтік инновациялар саласындағы ең үздік 15 жоба жолдама алды. Соның бірі – облысымыздың мақтанышы Нұрасыл Шәріпов негізін қалаған «QLab Studio» жобасы. Стартап 3D сканерлеу, модельдеу және жедел өндіріс технологиялары арқылы түрлі бөлшектер мен өнімдерді қысқа мерзімде жасап шығарады. Жоба импортқа тәуелділікті азайтып, кәсіпкерлер мен өндіріс орындарына қажетті бөлшектерді бірнеше апта күтпей, небәрі 24 сағат ішінде дайы...
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026

Жетісудағы Басши ауылы елдің үздік туристік ауылдарының қатарына енді

Жоба тұрақты және экологиялық туризмді дамытуға, сондай-ақ табиғи, тарихи және мәдени мұрасы бай ауылдық аумақтарды насихаттауға бағытталған, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. 2026 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік туристік ауыл» ұлттық байқауының жеңімпаздары ретінде төмендегі елді мекендер танылды: Басши ауылы (Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы); Торайғыр ауылы (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы); Берел ауылы (Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы); Коробиха ауылы (Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы); Имантау ауылы (Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы). Айта кетейік, өткен жылы аталған байқауда Лепсі (Жетісу облысы), Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы), Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы), Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы) және Шабанбай би (Қарағанды облысы) ауылдары жеңімпаз атанған болатын. Байқау ауылдық туризмді дамытуға, өңірлердің туристік әлеуетін арттыруға және жергілікті мәдени мұраны кеңінен танытуға бағы...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026

Тіл тазалығы – журналист беделі

Облыстың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен аудандық әкімдіктердің баспасөз хатшыларына арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Үш бағыт бойынша өткен тағылымды жиынның алғашқы бөлімі Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өтті. «Журналистика сауаты» тақырыбындағы дәрісті Ұлттық аударма бюросының аудармашысы, филолог Назгүл Қожабек онлайн форматта жүргізді. Маман қазіргі ақпарат кеңістігінде жиі кездесетін тілдік кемшіліктерге тоқталып, журналистің кәсіби жауапкершілігіне қатысты маңызды мәселелерді көтерді. Спикердің айтуынша, бүгінгі медиакеңістікте грамматикалық және стилистикалық олқылықтар азаймай тұр. Кей жағдайда деректерді нақтылау мен тексеруге үстірт қарау, оқырман назарын аударуға ұмтылып, әсірелеуге жол беру секілді үрдістер де байқалады. Ал ақпараттың шынайылығы мен сөздің дәлдігі – журналист мамандығының басты ұстанымы. Семинар барысында филолог қазақ тілінде жиі ұшырасатын калька тіркестерге арнайы тоқталды. Оның сөзінше, көпшілік қолда...
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026

Жетісу облысы: Алакөл жағалауында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған лагерь жазғы маусымын бастады

Жетісу облысының Ақши ауылында «Жансая» сауықтыру лагері жазғы маусымын бастады. Алакөл көлінің жағалауында орналасқан бұл лагерьде ерекше қажеттілігі бар балалар толыққанды демалумен қатар қолайлы жағдайда кешенді оңалтудан өтуге мүмкіндік береді. Жалпы, өңірде қала сыртындағы 9 сауықтыру лагері болса, бүгінгі күнге соның 8-і өз жұмысын бастады. Оларда 2500 бала демалуда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бұл жазғы лагерь «Оңалту бөлімі бар «Жансая» күдізгі болу орталығы» КММ базасында жұмыс істейді. Аумағы 26 сотық жерде жалпы аумағы 415 шаршы метрден асатын үш заманауи жайлы ғимарат бар. Лагерь бір мезгілде 32 адамды қабылдай алады. Жазғы маусымдағы тоғыз ауысымда 288 адамды сауықтыру жопарланып отыр, яғни оның 144-і балалар және 144-і олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері. – Бұл мекеменің негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, оларды әлеуметтендіру және шығармашылық әлеуетін дамыту. Маманда...
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026

Ел мүддесін ту еткендер

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыстық әкімдікте салтанатты жиын өтті. Мерекелік шарада өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілердің еңбегі еленіп, үздіктер марапатталды. Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Бейбіт Исабаев мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі айрықша маңызына тоқталды. – Облыс құрылғаннан бері өздеріңізбен бірге өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келеміз, – деген өңір басшысы соңғы төрт жылда қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды. Расында, Жетісу облысы құрылған уақыттан бері өңір экономикасында оң серпін қалыптасты. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2,5 триллион теңгеге жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық өсті. Экономикаға 611 миллиард теңге инвестиция тартылып, құрылыс жұмыстарының көлемі 10 пайызға артты. Өткен жылы 413 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыстағы инфрақұрылымдық жобалардың да ауқымы...
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026

Жетісу полицейлері мерейленді

Халық пен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін құқықтық орган қызметкерлерінің төл мерекесі Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде салтанатты түрде аталып өтті. Жылдағы дәстүр бойынша қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі биыл да өз жалғасын тапты. «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын қатаң ұстанған полиция қызметкерлерін, аймақтағы ішкі істер органдары ардагерлерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев арнайы құттықтады. Аймақ басшысы полицейлер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қосқан өлшеусіз үлестерін тілге тиек етті. – «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген Бауыржан Момышұлының аталы сөзі әрбіріңіздің төлқұжатыңыз болуы керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы елдегі түбегейлі реформалардың негізі болып отыр. Оны жүзеге асыру құқық қорғ...
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026

Жетісу облысына – 4 жыл: 8 жедел басқару орталығы құрылып, полиция қызметі үшін 289 бірлік қызметтік автокөлік сатып алынды

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев полиция қызметкерлері мен өңірдегі ішкі істер органдары ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өңір басшысы өз сөзінде олардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қосып отырған маңызды үлесін атап өтті, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мерекелік іс-шара дәстүр бойынша қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Мұнан соң Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында салтанатты жиын ұйымдастырылып, онда облыс әкімі құттықтау сөз сөйледі. - Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы елдегі түбегейлі реформалардың негізі болып отыр. Оны жүзеге асыру құқық қорғау органдарының ғана емес, барша қоғамның міндеті. Әділетті қоғам құрып, заң үстемдігін нығайту жолында әрбір полиция қызметкері өз міндетін адал атқаруы тиіс. Біз өз тарапымызд...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026

Бейбіт Исабаев: «Кадр ауысымдылығы небәрі 3%, яғни республика көлемінде Жетісуда кадр тұрақтылығы жоғары деңгейде сақталып отыр

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыс әкімі Бейбіт Исабаев бірнеше қызметкерді марапаттады. Сол сияқты жас мамандар салтанатты түрде ант берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаған өңір басшысы: - Мемлекеттік қызметте қай кезде де адалдық пен біліктілік – мансаптық ілгерілеуге жол ашатын негізгі алғышарт. Сондықтан ең бастысы, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамашылдығымен енгізілген «Заң мен тәртіп», «Адал азамат – Адал еңбек - Адал табыс», «Таза Қазақстан» тұжырымдары мемлекеттік қызметшілердің басты ұстанымы болуы тиіс. Өңірде меритократия қағидаты 70% шамасында, кадрлардың ауысымдылығы небәрі 3%-ды құрайды, яғни республика көлемінде Жетісу облысында кадр тұрақтылығы жоғары деңгейде сақталып отыр. Облысты дамыту жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін бәріңізге ризашылығымды білдіремін, – деді Б. Исабаев. Осы салтанатты жиында мемлекетт...
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.