ЖАҢАЛЫҚТАР
Жетісуда парапланнан Әлем кубогы өтеді |
| Маусымның 10-ы мен 28-і аралығында Жетісу облысында параплан спортынан ірі халықаралық турнир жалауын желбіретеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы tinfo.kz мәліметіне сілтеме жасап. Жер шарының ең мықты пилоттары Текелі қаласына жақын маңда, Ескелді ауданында орналасқан «Тау Жетісу» туристік кешенінде бас қосады. Екпінді ауылы маңындағы биік таулы қыраттар мен ерекше ауа ағындары параплан спорты үшін таптырмас мекен саналады. Табиғаттың берген осы тиімді жағдайлары жыл сайын қатысушылар қатарын арттырып, аймақтың халықаралық аренадағы беделін биіктете түсуде. Жетісу облысының Туристік ақпараттық орталығы таратқан мәлімет осыған дәлел. Турнир бағдарламасына Педро Тирадо кубогы, қону дәлдігі бойынша Чемпиондар лигасының кубогы, сондай-ақ Азия-тур Әлем кубогы кезеңі енеді. Мұндай деңгейдегі айтулы жарыстар өңірде бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Дүбірлі доданың Жетісу жерінде өтуі аймақтың спорттық әлеуетін ғана емес, туристік т... |
| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.06.2026 |
Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде |
| Жетісу облысында биылғы жазғы маусымда облысқа болжаммен 2 миллионнан астам турист келеді. Осы жылы салада 7 мың адам жұмыспен қамтылады, оның 1 200-і тұрақты жұмысқа орналастырылады. Жалпы, Жетісу облысының туристік дамуы 5 басым бағыттағы дестинацияларға негізделген. Олар – Алакөл мен Балқаш көлдері, «Алтынемел» мен «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктері, сондай-ақ Жоңғар Алатауының тау жотасы, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде дербес Туризм басқармасы құрылды. «Алакөл Тазалық» және «Балқаш Тазалық» коммуналдық кәсіпорындары құрылып, 43 бірлік техникамен, 87 штат бірлігімен қамтылды. Жалпы су пайдаланудың қағидалары бекітілді. Бұл ретте Алакөл және Балқаш көлдері жағалауында инфрақұрылым дамытылуда: - Бескөл және Ақши ауылдары аралығында 57 км электр желісі мен 2 қосалқы станцияның құрылысы аяқт... |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.06.2026 |
Хабарландыру |
| ҚұрметтіКөксуауданының тұрғындары! Жетісу облысының әкімі Бейбіт ӨксікбайұлыИсабаев2026жылғы19маусымдасағат10.00-деаудандықәкімдіктің ғимаратында(Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, 40)аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерініңқаралуынбақылау бөліміне8(7282) 40-25-06 телефоннөміріне хабарласу арқылыалдын алажазылуға болады. Сондай-ақсағат 10.30-дааудандықмәдениет үйінде(Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, 14)облыс әкімініңаудан тұрғындарымен кездесуіөтеді. Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасындаhttps://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y=сілтемесі бойынша жүргізіледі. *** УважаемыежителиКоксускогорайона! 19июня2026годав10.00часоввздании районногоакимата (с.Балпыкби, ул.Мырзабекова, 40)акимобластиЖетісуИсабаевБейбитОксикбаевичпроведет прием гр... |
| Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.06.2026 |
«Жасыл Ел» – жастарды еңбекке баулитын маңызды жоба |
| 2026 жылғы XXII еңбек маусымында Көксу ауданында «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының жұмысы қарқынды бастау алды. Биыл аудан бойынша барлығы 31 жас еңбек маусымына тартылды. Оның ішінде 14 жас ауылдық округтерден, ал 17 жас Балпық би ауылдық округінен іріктеліп алынды. Жобаға қатысушылардың барлығы 14 пен 35 жас аралығындағы жастар. «Жасыл Ел» бағдарламасы жастарды еңбекке баулып қана қоймай, олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, қоршаған ортаны қорғауға және қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуына мүмкіндік береді. Жазғы демалыс уақытын тиімді өткізген жастар өз еңбектерінің нәтижесінде табыс тауып, еңбек тәжірибесін жинақтайды. Жоба аясында жасақшылар аудан аумағындағы тазалық жұмыстарын жүргізеді. Олар саябақтарды, көшелерді, қоғамдық орындарды, демалыс аймақтарын тазалап, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына қатысады. Сонымен қатар, ағаш отырғызу, жасыл желектерді күтіп-баптау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы і... |
| Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.06.2026 |
Жетісу облысында Сәкен Сейфуллинге арналған жылжымалы көрме өтуде |
| Жетісуда облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған «Сәкен Сейфуллин: тағдыры мен мұрасы» атты көшпелі көрме өтуде. Көрме аясында ақын, жазушы, ағартушы әрі мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің жеке заттары, сирек фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттары Талдықорған қаласында алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды. Экспозицияда Астанадағы С.Сейфуллин музейі қорынан әкелінген 100-ден астам жәдігер қойылған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Астана қаласы әкімдігінің «Біріккен музейлер дирекциясы» МКҚК директорының орынбасары Нұрсерік Жолбарысұлының айтуынша, көрме көрнекті қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдерін қамтиды. Көрменің алғашқы бөлімі Сәкен Сейфуллиннің балалық және жастық шағына, оның отбасысына, туған өлкесіне, білім жолына және ағартушылық қызметіне арналған. Сондай-ақ оның ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және қазақ тілінің мәртебесін нығайтуға қосқан үлесіне ерекше назар а... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.06.2026 |
Жетісуда 474 шақырым электр желісі жаңартылуда |
| Жетісу облысында электрмен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өңірдегі тозығы жеткен электр желілерін жаңарту және энергиямен қамтамасыз ету сапасын арттыру мақсатында жалпы құны 9,16 млрд теңгені құрайтын жоба жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Жоба Қазақстанның Даму банкі мен «Талдықорған акционерлік көлік-электр желілері компаниясы» АҚ арасындағы несиелік келісім аясында қаржыландырылған. Бұл бастама «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде іске асуда. Қазіргі таңда облыстың бірқатар аудандарында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып кеткен. Атап айтқанда, Ескелді, Көксу, Қаратал және Сарқан аудандарында электр беру желілеріне арналған 4 492 жаңа тірек орнатылды. Бұл жұмыстар электр желілерінің сенімділігін арттырып, апаттық жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Жоба аясында тек тіректерді жаңарту ғана емес, кең ауқымды инфрақұрылымдық... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.06.2026 |
Бейбіт Исабаев өңірдегі бірқатар мұғалімдерге мемлекеттік наградалар тапсырды |
| Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдегі бірқатар мұғалімдерге Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген мемлекеттік наградаларды тапсырды. Атап айтқанда, оқу жылының аяқталуына орай және еңбектегі толайым табыстары үшін облыстың әр аймағынан 6 педагог-шебер «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысы ұстаздарды алдымен Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, педагогтардың ұрпақ тәрбиесі жолындағы айрықша үлестерін атап өтті: - Сіздер ел болашағы жастарға білім беруде аянбай еңбек етіп келесіздер. Осындай қажырлы қызметтеріңіздің арқасында биылғы оқу жылында республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқауларда облысымыздың 209 оқушысы биік белестерді бағындырды. Өздеріңізге беріліп отырған мемлекеттік наградалар көп жылдық жемісті еңбектеріңізге деген мемлекет тарапынан көрсетілген шынайы құрмет деп білеміз, - деген Б. Исабаев педагогтарға мемлекеттік наградалар... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.06.2026 |
Патриоттық акциялар мен туристік бағыт жорықтары: Жетісуда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтуде |
| Жетісу облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай таулы туристік бағыт бойынша жаппай сауықтыру акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға спортшылар, жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер мен салауатты өмір салтын ұстанатын, табиғат аясында белсенді демалысты қолдайтын жергілікті тұрғындар қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, жастар арасында патриоттық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ бұқаралық спорт пен белсенді өмір салтын дамыту. Қатысушылар табиғат аясында жаяу жорық жасап, өңірдің көрікті жерлерімен танысты. Іс-шара Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік шаралар аясында өткізілді. Акция «I Love Tekeli» бақылау алаңынан басталды. Салтанатты ашылу рәсімінде қатысушылар Қазақстанның Мемлекеттік Әнұранын орындады. Мұнан соң өңірдегі танымал туристік бағыттардың бірі «Аютабан» бағыты бойынша жолға шықты. Көркем таби... |
| Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.06.2026 |
11 өрт сөндіру станциясы тәулік бойы қызмет атқаруда |
| Жетісу облысында орман қорын қорғау және өрттің алдын алу шаралары басты назарға алынды. Өңірдегі мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы аумағы 1,5 миллион гектар, оның ішінде 340,2 мың гектары – нақты ағаш өскен алқаптар. Табиғи қорды қорғау мен күзету жұмыстарын өңірдегі жеті орман шаруашылығы мекемесі жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар, төтенше жағдай орын алған сәтте жедел әрекет ету мақсатында арнайы 11 өрт сөндіру станциясы тәулік бойы қызмет атқаруда. Бүгінгі таңда облыс аумағында жалпы ауданы 115,5 гектарды құрайтын 6 өрт оқиғасы тіркелді. Мемлекетке келтірілген тікелей материалдық шығын көлемі 2,1 млн теңгені құрады. Төтенше жағдайлар қызметінің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында ірі экологиялық апаттардың алдын алу мүмкін болды, ал аймақ экожүйесін сақтауда «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Талдықорған авиациялық бөлімшесі басты рөл атқарды. Төтенше жағдайларға қарсы тұру үшін орман шаруашылығы мекемелері толықтай дерлік жарақтандырылған. Қазіргі таңда арна... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.06.2026 |
Жетісуда 35 елді мекенде 35 жаңа Ту тұғырынан Мемлекеттік Ту бір мезгілде көтерілді |
| Жетісу облысында Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті. Негізгі шара ретіндегі Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай «35 ауыл – 35 Ту тұғыры» патриоттық акциясы аясында аудан-қалалардағы 35 елді мекенде бір мезетте телекөпір байланысы арқылы 35 жаңа ту тұғыры ашылып, Ту көтерілді. Бұл ту тұғырлары жергілікті меценаттар мен кәсіпкерлердің қолдауымен орнатылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс көлемінде кеңінен атап өтілген патриоттық іс-шараларға жалпы саны 3,5 мыңға жуық адам қатысты, оның мыңнан астамы облыс орталығында жиналды. Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағы алаңында биіктігі 92 метрлік ту тұғырында орнатылған Мемлекеттік Туды көтеру салтанаты өтті. Мерекелік шараға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, мәслихат депутаттары, ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар, жастар, қала тұрғындары қатысты. Ме... |
| Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.06.2026 |
