ЖАҢАЛЫҚТАР
Тау туризмін дамыту: Жетісуда «Shagan Fest 2026» ауқымды спорттық-экологиялық фестивалі өтті |
| Жетісу облысында Шаған тауының етегінде таулы туризмді дамытуға бағытталған «Shagan Fest 2026» ірі спорттық-экологиялық фестивалі ұйымдастырылды. Фестиваль аясында белсенді демалысты ұнататын қауым мен спортшылар 2551 метр биіктікке жаппай көтерілді. Іс-шараны облыстық туризм басқармасы мен «Visit Zhetysu» туристік-ақпараттық орталығы ұйымдастырды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Шыңға көтерілу басталар алдында қатысушыларды Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев құттықтады: – Облыс әкімінің атынан «Shagan Fest» фестивалінің барлық қатысушыларына қош келдіңіздер деймін! Жетісу өңірінде үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған бұл фестиваль тау және экологиялық туризм мәдениетін дамытуға, адамның табиғатпен байланысын нығайтуға әрі салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Бағыт ұзақ болғанымен, маршрут тәжірибелі спортшыларға да, балалы отбасыларға да қолайлы. Осындай шараларға бірге қатысу ұр... |
| Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.05.2026 |
Қазақстанда мемлекеттік қызмет туралы заң жаңаланады |
| Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесін реформалайтын жаңа заңнамалық түзетулер әзірленді. Жаңа редакциядағы заң саланың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына негізделген. Оның басты мақсаты – мемлекеттік аппаратты халыққа бағдарланған сервистік модельге көшіру, процестерді цифрландыру және қызметшілерді әлеуметтік қолдау. Заңдағы өзгерістер туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Қобылан Манап БАҚ өкілдерімен кездесуде баяндады. Заң жобасындағы ең негізгі өзгерістер: 1. Сервистік модель және «клиентке бағдарлану» Мемлекеттік қызмет тек еңбек қатынасы болудан қалып, ұлттық басымдықтарды жүзеге асыратын негізгі институтқа айналады. Өтініштерді формалды негіздермен қараудан бас тартуға тыйым салынады, азаматтар үшін құқықтық және цифрлық кедергілер жойылады. 2. Ауыл әкімдері мен сайланбалы тұлғалардың ерекше мәртебесі Сайланатын лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметшілердің жеке санатына жатқызылады. О... |
| Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.05.2026 |
Жетісу оқушылары мен студенттері жазда ресми түрде жұмыс істеп, шамамен 100 мың теңге таба алады |
| Жазғы демалыс кезінде Жетісу облысында екі негізгі бағыт бойынша жастарды жұмысқа орналастыру белсенді жұмыс жүргізілуде. Олардың біріншісі - қала мен ауылдарды абаттандыруға, әлеуметтік мекемелер мен мәдениет ұйымдарында көмек көрсетуге бағытталған қоғамдық жұмыстар. Бұл бағытта жастар күніне 8 сағаттан жұмыс істейді, оларға 103 800 теңге мөлшерінде жалақы белгіленді, оның ішінде салықтарды шегергеннен кейін қолына нақты алынатын сома 83 мың теңгені құрайды. Екінші маңызды бағыт, 16-35 жас аралығындағы жастарды қамтитын «Жасыл ел» бағдарламасы. Маусымнан тамызға дейін созылатын бұл жоба аясында жастар ормандарды қалпына келтіруге, ағаш отырғызуға және саябақтарды көгалдандыруға қатысады. Олардың жалақысы 85 мың теңге мөлшерінде бекітілді, ал қолдарына нақты 64 565 теңге төленеді. Жазғы жұмыс орындары жастар алдында табыс тауып қана қоймай, еңбек дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мансап орталығы жастар мен жұмыссыз азаматтарға бірнеше қосымша мүмкіндіктер ұсы... |
| Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.05.2026 |
Жетісуда адам папиллома вирусына қарсы 10 мыңнан аса қызға вакцина салынды |
| Жетісу облысында әйелдер денсаулығын қорғау бағдарламасы аясын кеңейтіп жатыр. Енді 14-тен 18 жасқа дейінгі қыздар адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы тегін әрі ерікті түрде екпе ала алады. Бұл ауқымды науқанның басты мақсаты - өскелең ұрпақ арасында жатыр мойны обырының алдын алу. Жасөспірімдерді қосымша иммундау науқаны үш кезеңнен тұрады. Препарат иық бұлшықетіне салынады, бұл ретте екінші доза біріншісінен кейін екі ай өткен соң, ал қорытынды үшінші доза алты айдан кейін егіледі. «Гардасил» вакцинасы толықтай қауіпсіз: вакцинаның құрамында вирустың ДНҚ-сы жоқ, сондықтан ол ауру тудыра алмайды, ал тек синтезделген ақуыз молекулалары мен қауіпсіз тұрақтандырғыштардан тұрады. Бүгінгі таңда облыста 11 жастағы 7 мың қыз және 12-13 жастағы 3,5 мың қыз вакцинаның алғашқы дозасын алып үлгерді. Медицина мамандары тұрақты түрде мониторинг жүргізуде және қазіргі уақытқа дейін екпе алған жасөспірімдер арасында кері әсер тіркелген жоқ. Толық ақпарат алу және вакцинациядан өт... |
| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.05.2026 |
Құрбан айтта онлайн және офлайн құрбан шалынып, ет мұқтаж жандарға таратылады |
| Құрбан айтта онлайн және офлайн құрбан шалынып, ет мұқтаж жандарға таратылады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, биыл елімізде Құрбан айт мейрамы 27 мамыр күні басталып, үш күн бойы жалғасады. Мереке күндері құрбан шалу рәсімдері онлайн және офлайн режимдерінде ұйымдастырылып, шалынған мал еті еріктілер мен имамдар арқылы мұқтаж отбасыларға үлестіріледі. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен резонанстық жағдайлардың алдын алу мақсатында арнайы жоспар бекітіліп, мониторингтік рейд жұмыстары жүргізілуде. Облыс аумағында мал союға арналған 17 арнайы орын белгіленді. Бұл орындарда санитарлық-ветеринарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы қатаң қадағаланады, ал мал сатылатын және сойылатын орындар туралы ақпарат тұрғындарға әлеуметтік желілер арқылы алдын ала хабарланады. Сонымен қатар, бас имамдар арқылы тұрғындар арасында ысырапшылдыққа жол бермеу, дастархан мәзірін қарапайым етіп жаю және мал сою сәттерін фото-видеоға түс... |
| Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.05.2026 |
Жетісуда 117 мыңға жуық оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарланған |
| Биыл облыста қала сыртындағы 10 жазғы сауықтыру орталығы жұмыс істейтін болады. 2026 жылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша барлық орталықтар жазғы сауықтыру маусымын бастауға дайын. Облыс бойынша 1-10 сынып аралығындағы 117 мыңға жуық оқушыны жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен қамту жоспарланған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, демалыспен қамтылатын балалардың 106 427-сі мектеп жанындағы 299 алаңда, 10 350-і қала сыртындағы сауықтыру орталығында демалады. Соның ішінде әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жататын отбасылардан шыққан 6 500-ге жуық баланың демалысн ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. «Балдәурен» республикалық жазғы сауықтыру орталықтары – 201, демеуші және ата-аналар демеушілігі – 2700, кәсіподақ демеушілігімен – 955 бала қамтылады. 1–15 маусым аралығында қала сыртындағы орталықтар кезең-кезеңімен ашылады, ал мектеп жанындағы алаңдар 8 маусымнан ба... |
| Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.05.2026 |
«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында «Қойтас» экопаркінің құрылысы жалғасуда |
| Жетісу облысында «Қойтас» экопаркінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл бірегей нысанды салу барысында табиғи ландшафты толық сақталып, аумағына ағаштар отырғызылды, «Жоңғар Алатауы» ұлттық табиғи паркі аумағындағы флора мен фаунаны бейнелейтін жануарлар мүсіндері орнатылды. Еске салсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Талдықорған және Текелі қалаларында тағы екі экопарк салынуда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 2022 жылы құрылған парктің аумағын 6 гектардан 15-20 гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Экопарк салу жұмыстары 2027 жылы толық аяқталады деп жоспарланған. Қазіргі таңда кезең-кезеңімен абаттандырылып жатқан жасыл аймақ аудан тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналды. Парктің кіреберісінде «Денсаулық» жағалауы салынды. Өзен бойымен оң және сол бағытта жалпы ұзындығы шамамен бір шақырым... |
| Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.05.2026 |
Көксу ауданында соңғы қоңырауға байланысты ауқымды рейдтік іс-шара өтті |
| Көксу ауданында құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ауқымды рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара 25 мамыр – соңғы қоңырау мерекесіне байланысты өткізіліп, жастар арасында тәртіп бұзушылықтың алдын алуға бағытталды. Рейд барысында түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдер бақылауға алынып, жастар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп мәселелері басты назарда болды. Аталған іс-шараға құқық қорғау қызметкерлері, менторлар, мектеп мұғалімдері және арнайы сала мамандары қатысып, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірлескен бақылау жұмыстарын жүргізді. Мамандар тұрғындарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері және жасөспірімдер қауіпсіздігі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді. Рейдтің негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және мерекелік күндері қо... |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.05.2026 |
Кепілсіз мерзімін ұзарту және бұғаттаудан қорғау: бизнеске арналған негізгі салықтық өзгерістер |
| Жаңа Салық кодексі өз күшіне енді, ол берешекпен жұмыс істеу принциптерін сараланған (дифференциалды) тәсілге көшіре отырып, түбегейлі өзгертеді. Реформаның басты мақсаты - бизнеске әкімшілік қысымды азайту және кәсіпкерлерді шағын сомалар үшін шоттардың бұғатталуынан қорғау. Маңызды жеңілдіктер салық төлеу мерзімін ұзарту және бөліп төлеу тәртібіне де қатысты болды. Енді берешек сомасы 1500 АЕК-ке дейін болған жағдайда, екі жылдан астам жұмыс өтілі бар белсенді кәсіпкерлер кепіл мүлікті немесе банктік кепілдікті ұсынбастан, 3 жылға дейін бөліп төлеуді немесе 6 айға дейін мерзімін ұзартуды ала алады. Сонымен қатар, Басқарма салық амнистиясы бойынша белсенді жұмыс жүргізуде: бүгінгі таңда борышкерлердің 38%-ы қамтылып, нәтижесінде бизнеске 135 миллион теңге өсімпул (пения) мен 114,5 миллион теңге айыппұл есептен шығарылды. Жаңа ережелер міндеттемелерді ерікті түрде реттеуге және мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестік қарым-қатынастарға жағдай жасайды. 20 АЕК шегінен аспайтын ш... |
| Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.05.2026 |
Биыл Жетісу облысында 8500-ге жуық түлек мектеппен қоштасады |
| 2025-2026 оқу жылында Жетісу облысындағы 314 білім беру ұйымында 129 268 оқушы оқу жылын аяқтайды. Оның ішінде 8500-ге жуық түлек мектеппен қоштасқалы отыр. «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 627, ал үздік үлгідегі аттестат алуға үміткерлер саны – 682. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотографтар: Жұмабай Мұсабеков, Дмитрий Ерофеев, Олжас Құрмашев және фотосуреттерді аудандар мен қалалардың әкімдіктері ұсынды |
| Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.05.2026 |
