ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданында соңғы қоңырауға байланысты ауқымды рейдтік іс-шара өтті

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 26.05.2026
Оқылды: 18 Печать страницы

Көксу ауданында құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ауқымды рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара 25 мамыр – соңғы қоңырау мерекесіне байланысты өткізіліп, жастар арасында тәртіп бұзушылықтың алдын алуға бағытталды.

Рейд барысында түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдер бақылауға алынып, жастар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп мәселелері басты назарда болды.

Аталған іс-шараға құқық қорғау қызметкерлері, менторлар, мектеп мұғалімдері және арнайы сала мамандары қатысып, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірлескен бақылау жұмыстарын жүргізді. Мамандар тұрғындарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері және жасөспірімдер қауіпсіздігі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Рейдтің негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және мерекелік күндері қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.