ЖАҢАЛЫҚТАР

Қоғам тыныштығы басты назарда

Өңірде құқықбұзушылықтар саны 16,1%-ға, қылмыстар саны 15%-ға төмендеген. Қылмыстарды ашу көрсеткіші 83,2%-ға жеткен. Бұл өңір құқық қорғаушыларының тиімді жұмыс істеуінің нәтижесі. Дейтұрғанмен, мұндай көрсеткіш саябырсуға мүмкіндік бермейді. «Заң мен тәртіп» тұғырлана түсуі үшін қылмыс атаулы мүлдем орын алмауы керек. Дәл осындай ойды облыстық полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсайынов жедел кеңесте сөз етті. Жиында, өңірдің бас тәртіп сақшысы облыстық полиция департаментінің атқарған жұмысын қорытындылап, басым міндеттерін айқындады. Құқық қорғаушылардың жиынына департамент бастығының орынбасарлары, басқарма басшылары, сондай-ақ облыстың аудандық және қалалық полиция бөлімшелерінің жетекшілері қатысты. Кеңес барысында есепті кезеңдегі қызмет нәтижелері қаралып, халықпен өзара іс-қимылды нығайту, жергілікті жерлердегі жұмыстың тиімділігін арттыру және жеке құрамға бақылауды күшейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ішкі істер органдары қызметіне цифрлық...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.05.2026

Тау туризмін дамыту: Жетісуда «Shagan Fest 2026» ауқымды спорттық-экологиялық фестивалі өтті

Жетісу облысында Шаған тауының етегінде таулы туризмді дамытуға бағытталған «Shagan Fest 2026» ірі спорттық-экологиялық фестивалі ұйымдастырылды. Фестиваль аясында белсенді демалысты ұнататын қауым мен спортшылар 2551 метр биіктікке жаппай көтерілді. Іс-шараны облыстық туризм басқармасы мен «Visit Zhetysu» туристік-ақпараттық орталығы ұйымдастырды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Шыңға көтерілу басталар алдында қатысушыларды Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев құттықтады: – Облыс әкімінің атынан «Shagan Fest» фестивалінің барлық қатысушыларына қош келдіңіздер деймін! Жетісу өңірінде үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған бұл фестиваль тау және экологиялық туризм мәдениетін дамытуға, адамның табиғатпен байланысын нығайтуға әрі салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Бағыт ұзақ болғанымен, маршрут тәжірибелі спортшыларға да, балалы отбасыларға да қолайлы. Осындай шараларға бірге қатысу ұр...
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.05.2026

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ МҰҚЫРЫ АУЫЛЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРДІҢ КӘСІБІН КЕҢЕЙТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРДІ

Жетісу облысы Мұқыры ауылында «AMANAT» партиясы жүзеге асырып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл кәсіпкерлерін қолдау бағытындағы жұмыстар нақты нәтижесін беруде. Бағдарлама игілігін көргендердің бірі «Ахметова» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Ақбота Ахметова. Кәсіпкер жоба аясында 7 миллион 350 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, мал бордақылау кәсібін дамытуға мүмкіндік алған. Бүгінде шаруашылықта 200-ге жуық ұсақ мал мен 10-ға жуық ірі қара бордақылануда. Сонымен қатар, кәсіпкер пилоттық жоба ретінде құс шаруашылығын қолға алған. Бұл істің тиімділігін байқаған ол бүгінде құс өсіру кәсібін одан әрі дамытып келеді. Қазіргі таңда фермада 600-ге жуық құс бар. Оның ішінде 100-ге жуық бройлер тауығы, 400-ден астам үйрек және 100-ге жуық қаз өсірілуде. Осылайша, ол ұсақ және ірі қара мал өсірумен қатар, құс шаруашылығын да қатар дамытып отыр. Ақбота Ахметованың айтуынша, «AMANAT» партиясы қолға алған «Ауыл а...
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.05.2026

Жетісу облысы: биыл Панфилов ауданында 190 мың тонна жүгері алынады деп күтілуде

Панфилов ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарынан жүгері себуге басымдық беріледі. Өткен жылы ауданда жүгері 23 мың гектардан астам жерге егіліп, одан 182 мың тонна өнім жиналды. Ал биыл бұл дақылдың егіс көлемі тағы 2 мың гектарға ұлғайтылып, 190 мың тоннадан астам өнім алу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды, –деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жалпы биыл аудандағы егіс алқабы 43,7 мың гектар болады. Сонымен қатар бау-бақша шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, «Жаркент фрукт» ЖШС 55 мың жас көшет отырғызып, 500 гектар бақты жаңартты. Сондай-ақ «Агромир» ЖШС 55 мың жаңа алма ағашын отырғызды. Биыл шаруашылықта 5 мың тонна алма және 2 мың тонна шие өнімін алу күтілуде. Сонымен қатар аудан әкімі Марат Сағымбектің айтуынша, өткен жылы тоқтап тұрған жылыжайдың жұмысы қайта жанданып, 4 гектар жерге қияр егілді. Нәтижесінде 750 тонна өнім алынады дег...
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.05.2026

Соңғы 3 жылда шекаралық Панфилов ауданында 30 жаңа әлеуметтік нысан қолданысқа берілді

Соңғы 3 жылда Жетісу облысының Панфилов ауданында 30 жаңа әлеуметтік нысан пайдалануға беріліп, тағы 9 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар осы кезеңде ауданда облыстық маңызы бар 42 шақырым жол жөнделіп, 14 елді мекендегі 28 көшеге жөндеу жұмыстары жасалды. Сондай-ақ 11 ауылда көше жарық шамдары орнатылды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан тұрғындарымен кездесуі барысында белгілі болды. Жалпы өңірде жаңадан салынған немесе жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандарды жаңарту деңгейі орта есеппен 55,8%-ға жетті, –деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Биыл бұл жұмыстар жалғасады. Атап айтқанда, жаңа оқу жылы басталғанға дейін Сүптай ауылында 120 орындық мектептің құрылысы аяқталып, Жаркент қаласында екі жекеменшік мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар биыл Үшарал орта мектебі мен Үлкеншыған ауылындағы балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жаркент қаласындағы Головацкий және Нағарашы атындағы орта мектептер газ жүйесіне...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.05.2026

"AMANAT" партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму кеңесінің отырысы өтті

Жетісу облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар Өңірлік даму кеңесінің отырысында талқыланды. Жиын барысында жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері өңірдегі өрт қауіпті кезеңге дайындық, профилактикалық іс-шаралар, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Кеңес мүшелері елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін күшейту, тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ орман және дала өрттерінің алдын алу шараларын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударды. Отырыс қорытындысы бойынша халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстар мен нақты міндеттер белгіленді. Өрт қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет. Әрбір тұрғын қауіпсіздік талаптарын сақтап, төтенше жағдайлардың алдын алуға өз үлесін қосуы қажет. #AMANAT #Жетісу #ӨңірлікДамуКеңесі #ӨртҚ...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.05.2026

Жетісу жастарына жаңа жоба

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өңір жастарының болашағына бағытталған «STUDENT HUB ZHETISU» әлеуметтік жобасының басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиында студенттік өзін-өзі басқару жүйесін жаңғырту, жастардың көшбасшылық әлеуетін арттыру және цифрлық басқару тетіктерін енгізу мәселелері кеңінен сөз болды. Брифингке Jetisy Jastary коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Арнай Байжурынов пен «Өрендер» академиясы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Қалиева қатысты. Спикерлердің айтуынша, жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында ішкі саясат басқармасының тапсырысымен жүзеге аспақ. Негізгі бағыт – студенттік өзін-өзі басқару жүйесін біріздендіріп, өңір көлемінде ортақ үйлестіру кеңістігін қалыптастыру. Бастама аясында Жетісу облысының сегіз ауданы мен екі қаласындағы бір жоғары оқу орны және кемінде жиырма екі колледж қамтылады. Жоспар бойынша мыңнан астам студент жобаны...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.05.2026

Жол қателікті кешірмейді

Жыл басынан бері облыс аумағында 289 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 515 адам түрлі дене жарақатын алып, 24 адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу. Атап айтқанда, қарсы бағытқа шығып соқтығысу – 148, жаяу жүргіншіні қағу – 79, көліктің аударылуынан 35 оқиға орын алған. Есепті кезеңде көлік және жол шаруашылығы саласында 91 976 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Құқықбұзушыларға қатысты ескерту түрінде 16 627, жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгеге 75 091 әкімшілік айыппұл, 191 әкімшілік қамау және 200 жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды. Жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргендерге қатысты құқық қорғау органдарымен қатаң шаралар қабылдануда. 2026 жылғы 10 сәуір күні сағат 23.00 шамасында азамат Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен, яғни ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарты...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.05.2026

Жетісуда мәдениет саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырылды

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Жетісуда бірқатар сала мамандарына мемлекеттік наградалар табыстады. Сол сияқты мәдениет мекемелері алты номинация бойынша марапатталып, «Үздік облыстық мәдениет мекемесі» атанған Халық шығармашылығы орталығына жеңіл автокөліктің кілті табысталды. Осы күні жалпы саны 50-ден астам қызметкерге түрлі деңгейдегі марапат берілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы академиялық драма театрында өткен салтанатты жиында сала мамандарын құттықтаған өңір басшысы мәдениет пен өнердің қоғам өміріндегі маңызын тілге тиек етіп, облыста аталған саланы қолдау шараларына кеңінен тоқталып өтті. - Бүгінгі күні заманға сай өрісі кеңейген руханият саласы сонау көне ғасырлар қойнауынан тамыр тартады. Дәуірлерді жалғаған, дәстүрлерді үзбеген халықтың төл танымы да осы мәдениет пен өнерде жатыр. Бұл ретте ұлт руханиятының өркендеуіне, мәдени мұраны сақта...
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.05.2026

Талдықорғанда ағаштарды санитарлық мақсатта кесу жұмыстары жалғасуда

Облыс орталығы Талдықорғанда санитарлық мақсатта 500-ге жуық ағашты кесу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мәлімдеді. Сала мамандарының айтуынша, қала аумағында апатты жағдай туғызатын және қураған ағаштарды кесу көзделген. Кесілген ағаштардыңорнына 5 мың түп ағаш көшеті отырғызылмақ. Яғни әрбір кесілген ағаштың орнына 10 түп көшетегіледі. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Алмас Барлыбеков: Апатты жағдайдағы ағаштарды санитарлық мақсатта кесу — қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс әкімдіктің ерекшебақылауында. Қураған ағаштар адамдарға жәнемүлікке зиян келтіруі мүмкін. Ауру және қурағанағаштарды санитарлық мақсатта кесу — қатты желмен нөсер кезінде бұтақтардың құлау қаупіназайтады, – деді. Айта кетейік, биыл көктем-күз айларында қала аумағына 13 мың түп ағаш көшеті отырғызылмақ.
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.05.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.